скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Ұлттық бюрода жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша 2018 жылғы 9 ай бойынша жұмыстың жай-күйі туралы

Ағымдағы жылы 9 ай бойынша Ұлттық бюроға және оның аумақтық органдарына 16 312 өтініш (2017 жылдың ұқсас кезеңінде – 15 302), оның ішінде орталық аппаратқа 5 085 өтініш келіп түсті.

Ұлттық бюроға келіп түскен шағымдардың ең көп саны Астана (1 260), Алматы (1 010) қалаларының және Түркістан (281) облысының тұрғындарына тиесілі.

Орталық аппаратта тіркелген өтініштердің жалпы санынан Ұлттық бюроның Ақпаратты есепке алу кітабына (бұдан әрі - АЕК) қылмыстық құқық бұзушылық белгілерімен 1 695 өтініш енгізілді, ал жергілікті департаменттер бойынша АЕК-ке 6 434 өтініш енгізілді. Олардың ең көп санын (Алматы қаласы - 895, Түркістан – 801 және Қарағанды – 593) облыстары бойынша департаменттер енгізген.

Есептік кезеңде ішкі істер органдарының лауазымды тұлғаларына қатысты 2 433 өтініш (2017 жылдың ұқсас кезеңінде – 2 282) келіп түсті, жергілікті атқарушы органдарға қатысты келіп түскені 2 258 (1 377), білім беру органдары – 580 (774), мемлекеттік кірістер - 425 (249), денсаулық сақтау – 355 (326), сот органдары – 395 (177) және әділет органдары – 288 (289).

Республика бойынша келіп түскен өтініштерді қарау нәтижелері бойынша 1 768-і – қанағаттандырылды, 326-сын – қанағаттандырудан бас тартылды, 6 603-і – құзыреттілігі бойынша басқа мемлекеттік органдарға және аумақтық бөлімшелерге қайта жолданды, 2 924 арыз беруші бойынша тиісті түсініктеме берілді, 374-і – тиісті материалдарға тігілді, 716-сы – нарядқа шығарылды.

Саll-орталыққа 16 мыңнан астам қоңырау келіп түсті, олардың 2 352-сі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құзыретіне тиесілі (сыбайлас жемқорлық фактілері туралы, сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адамдарды көтермелеу тәртібі туралы және т.с.с.).

Келіп түскен телефон хабарламаларының жалпы санынан 165-і – АЕК-ке енгізілді, 21-і - Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне (СДТБТ) тіркелді, 35-і – ведомстволығы бойынша басқа мемлекеттік органдарға жолданды.

Талдау телефон хабарламаларының негізгі бөлігінің құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғаларының заңсыз іс-әрекеттеріне қатысты келіп түсетіндігін көрсетіп отыр.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы