скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Ұлттық бюрода 2018 жылғы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмыстың жай-күйі туралы

2018 жыл бойынша Ұлттық бюроға және оның аумақтық органдарына 22 097 өтініш (2017 жылы  – 20 352), оның ішінде орталық аппаратқа 6 884 өтініш келіп түсті.

Ұлттық бюроға келіп түскен шағымдардың ең көп саны, бұрынғысынша, Астана (1050), Алматы (990) қалаларының тұрғындарынан.

Орталық аппаратта тіркелген өтініштердің жалпы санынан Ұлттық бюроның Ақпаратты есепке алу кітабына (бұдан әрі - АЕК) қылмыстық құқық бұзушылық белгілерімен 2 263 өтініш енгізілді, ал жергілікті департаменттер бойынша АЕК-ке 8 883 өтініш енгізілді. Олардың ең көп саны Алматы (1 184) және Астана (677) қалалары, Түркістан (1 144), Ақмола (683) облыстары бойынша департаменттерге тиесілі.

Есептік кезеңде ішкі істер органдарының лауазымды тұлғаларына қатысты       2 730 өтініш (2017 жылы – 2 938) келіп түсті, жергілікті атқарушы органдарға қатысты - 3 048 (1 802), білім беру – 787 (888), мемлекеттік кірістер - 547 (437), денсаулық сақтау – 491 (439), сот – 527 (336) және әділет органдары – 364 (364).

Республика бойынша келіп түскен өтініштерді қарау нәтижелері бойынша 2 250-і – қанағаттандырылды, 469-ы – қанағаттандырудан бас тартылды, 8 901 – құзыреттілігі бойынша басқа мемлекеттік органдарға және аумақтық бөлімшелерге жолданды, 4 221 арызданушыға тиісті түсініктеме берілді, 493-і – тиісті материалдарға біріктірілді, 1 071-і – нарядқа шығарылды.

Саll-орталыққа 23 мыңнан астам қоңырау келіп түсті, олардың 8 187-сі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құзыретіне қатысты (сыбайлас жемқорлық фактілері туралы, сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адамдарды көтермелеу тәртібі туралы және т.с.с.).

Келіп түскен телефон хабарламаларының жалпы санының 265-і АЕК-ке енгізілді, 32-сі - Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне (СДТБТ) тіркелді, 60-ы – ведомстволығы бойынша басқа мемлекеттік органдарға жолданды.

Талдаудан телефон хабарламаларының негізгі бөлігінің құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғаларының заңсыз іс-әрекеттеріне қатысты келіп түсетіндігі көрініп отыр.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы