скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Сыбайлас жемқорлықтың таралу ауқымына социологиялық зерртеу

Қоғамдық пікір арқылы сыбайлас жемқорлықтың таралуының негізгі тенденциялары және жағдайы туралы объективті ақпарат алу әлеуметтік сауалнама әмбебап құралы болып табылады.

2017 жылы "ПРЭКО Консалтинг" компаниясымен «Сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін анықтау» әлеуметтік зерттеуі жүргізілді.

Зерттеу Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін анықтау, тұрғындардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарына және мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына қанағаттану бағасының, мемлекеттік органдардың ақпараттық ашықтығы мақсатында жүргізілген.

Әлеуметтік зерттеу нәтижелері 2016 жылғы зерттеу кезеңімен салыстырғанда оң көрсеткішті көрсетті.

Мысалы, жемқорлыққа теріс қарайтын адамдар саны 20,7%-ға өсті (2016 ж. 60,7%-дан, 2017 ж. 81,4%), елде сыбайлас жемқорлық деңгейін орташа және жоғары деңгейде бағалайтын адамдар саны (72,7%, 2016 ж.-дан 70,1% - 2017 ж.) қысқарды.

Сондай-ақ, азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенділік артқанын атап өткен жөн. Мәселен, 2017 жылы 55,5% - дан жауап алынған халық, сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендеуіне жеке қолдау көрсетуге дайын екендері туралы мәлімдеген, ал 2016 жылы бұл көрсеткіш 53,1% құраған. Мұндай нәтижелерге қоғамның қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысын іске асыруда жаңа тәсілдерді қолдану арқасында қол жеткізілді.

Аталған әлеуметтік зерттеуде қатысқан кәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық бизнесті дамыту кедергілерінің бірі ретінде бесінші орынға орналастырды (сауалнамаға жауап берушілер 16,7%) 2016 жылғы ұқсас зерттеулер нәтижелері бойынша, сыбайлас жемқорлық бизнесті дамытудың негізгі кедергілер рейтингінде 4-ші орында   тұрды.

Сыбайлас жемқорлықпен соқтығысқан азаматтардың үлесі Қазақстанның мемлекеттік органдарда 19,9% құрайды. 2017 жылда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар көріністеріне ең жиі шалдыққандар қатарында жеке кәсіпкерлер болып табылады (29,9%).

Соңғы екі жылдағы өткізілген ұқсас зерттеулер нәтижелерін саластырғанда, мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған азаматтардың үлесі 18,3%-ға қысқаруы байқалады.

Өңірлер бөлінісінде 2017 жылда сыбайлас жемқорлық көріністерімен жиі кездесетіндер қатарында Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай және Атырау облыстарының респонденттері.

Бұл ретте басым бөлігінде азаматтар салық қызметі, денсаулық сақтау, құқық қорғау, білім беру, еңбек инспекциясы мен жер қатынастары саласындағы мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық көріністерімен кездесті.

«ПРЭКО Консалтинг» компаниясымен бірге 2017 жылда сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік өлшеулерін басқа да зерттеу институттары жүргізді:

  • Этноаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы.
  • Экономикалық зерттеулер институты.

-       «Социум-зерттеу» стратегиялық орталығы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы оң үрдістер Этноаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының «Жемқорлықтың әлеуметтік деңгейі: себептері, нысандары, таралу деңгейі» зерттеулерінде байқалды.

Осылайша сұраққа жауап берген азаматтардың 80%-ы, сыйлықтар мен ақша беруге мүмкіншілік болмағанын айтты.

Бұл ретте респондеттердің 83%-ы, сыбайлас жемқорлықтың төмендеу себебін әкімшілік реформалармен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуымен ұштастырады.

Бұл азаматтардың мемелкеттік аппаратпен жүргізіліп жатқан жұмысты көріп қолдайтынын дәлелдеді.

2017 жылда экономикалық зерттеу Институтымен «Іскерлік климат-2016» атты әлеуметтік зерттеулер нәтижесі жарияланып, барысында республика бойынша 4000 астам кәсіпкерлер сұралды.

Зерттеулердің жеке блогы сыбайлас жемқорлық талдауында келесі бағыттарға арналды: әр түрлі аумақтарда сыбайлас жемқорлық деңгейін анықтау, парақорлықтың көлемін бақылау, сыбайлас жемқорлыққа шалдыққыш салаларды анықтау.

Зерттеудің қорытындылары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалардың тиімділігін респондеттердің 71% сұралғандар ерекше жоғары бағалады. Бизнес-мендердің 28% елде сыбайлас жемқорлықтың төмендегенін атап өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстың импульсы бизнес-қауымдастықтың жағынан қолдауын тапқаны туралы аталған нәтижелер айғақ болып отыр.

Өңірлерде сыбайлас жемқорлықтың таратылу деңгейіне қатысты Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында соңғы 5 жылда сыбайлас жемқорлық ерекше төмендеді. Сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендеуі үшін үлкен потенциал басқа да өңірлерде бар.

«Социум-зерттеу» стратегиялық орталығы республикада сыбайлас жемқорлықтың жағдайына ақпараттық компаниялардың ықпалын бағалады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы каналдардың бірі ретінде сыбайлас жемқорлыққа әлеуметтік жарнама 56,7% сұралғандардың, 62,4% сұралғандардың әсіресе ҮЕҰ өкілдерінің оң бағасын алғанын зерттеу көрсетті.

Респондеттердің пікірі бойынша ерекше тиімді құралдар еңбек ұжымдарында түсіндіру іс-шаралары және жергілікті телеарналар мен LED-экрандар бойынша бейне роликтерді жариялау танылды.

Сондай-ақ зерттеудің шеңберінде елдің әртүрлі топтарында сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдануына баға берілді. Жалпы алғанда, ҮЕҰ өкілдерінің (78,8%), мемлекеттік қызметшілердің (76,2%), жеке тұлғалардың (63%), кәсіпкерлердің (62,2%) көп бөлігіне соңғы жылда сыбайлас жемқорлық жағдайына тап болмады.

Осылайша әлеуметтік зерттеулер нәтижесі қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана сезімнің қалыптасқаны жөнінде және мемлекетпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары тимді екендігі бойынша қорытынды шығаруға болады.

Сонымен қатар мемлекеттік органдар қызметіне азаматтардың сенімін одан әрі арттыру мақсатында ең алдымен келесі шаралар қолдану қажет: өскелең ұрпаққа сыбайалас жемқорлыққа қарсы білім және тәрбие беру, қоғамдық бақылауды күшейту және азаматтардың құқықтық сауаттылығы деңгейін арттыру.

 

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы