скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Standart version
  • Мобильді нұсқа

You are here

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйеде краудсорсинг: шет елдердің тәжірибесі

Үздік сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізудің бөлінбес бөлігі болып азаматтық қоғамның белсенділігі табылады. Қазіргі уақытта жахандық коммуникациялық ортаның дамуымен мемлекет пен қоғамның өзара әрекет ету процессі елеулі өзгерістерге ұшырады. Мысалға, шетелдік тәжірибеде қоғам белсенділерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен байланысты көптеген жобалары краудсорсинг негізінде қалыптасады.

«Краудсорсинг» термині екі ағылшын сөздерінен crowd «топ» және sourcing – «ресурсты пайдалану» сөздерінен құралған және кең мағынада қоғамдық маңызды мақсаттарды ақпараттық технологиялар көмегімен өз қызметін жиі үйлестіретін  еріктілер күшімен  шешуді білдіреді.

Краудсорсингтің мәнісі сөзсіз оның түрлі әлеуметтік топтар мүдделерін қамтамасыз етуінде, мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты құруда және мемлекеттік органдардың қызметіне қоғамдық бақылауды арттыруында болып отыр.  

Краудсорсинг көмегімен көптеген заң жобалары халық тарапынан сынға ұшыраумен қатар, жұмысты жақсарту бойынша түрлі конструктивтік шешімдер ұсынылатын болады.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы краудсорсинг азаматтарға  атқаратын лауазымы мен дәрежесіне қарамай мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалауға, олардың қызметіне қатысты қарсы пікірін немесе  келісімін білдіруге мүмкіндік береді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша краудсорсингтік платформа келесі елдерде құрылған:

  1. K Monitor – Венгриядағы краудсорсингтің сыбайлас жемқорлыққа қарсы платформасы.
  2. I Paid a Bribe – Индиядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы есеп.
  3. Manoseimas – Литвадағы сайлау науқанын қаржыландырудың ашықтығы.
  4. FixMyStreet – Ұлыбританиядағы  сыбайлас жемқорлыққа қарсы  краудсорсинг.
  5. SeeClickFix – АҚШ-ғы қоғамдық бақылау.
  6. I Paid a Bribe Kenya – Кениядағы сыбайлас жемқорлық туралы хабарламалар.
  7. Mamdawrinch – Мароккодағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы есеп.
  8. Citizen Feedback Model – Пәкістандағы Үкіметтің есеп берушілігін арттыру.
  9. CCDI – Қытайдағы сыбайлас жемқорлық көріністері туралы ақпаратты алу үшін қосымша.
  10. Draw a Red Line – Македониядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша есеп.
  11. Bribe Market – Румыниядағы  сыбайлас жемқорлық бойынша есебі.
  12. Check My School – Филиппиндағы білім саласындағы бюджеттің ашықтығы және азаматтық қоғамның тартылуы.

  Бірнеше сыбайлас жемқорлыққа қарсы краудсорсингтік платформаларды қарастырайық, мақсаттар мен міндеттерді анықтайық сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы краудсорсингтің субъектілері болып кімдер табылатынын белгілейік.

        Қызықты болып табылатын краудсорсингтік платформалардың қатарына Индияда әзірленген  «I Paid a Bribe» интернет порталын жатқызуға болады.

 «I Paid a Bribe» порталының қолданушылары кездескен сыбайлас жемқорлық туралы, оның қайда және қашан болғаны, пара сұраған мемлекеттік қызметші туралы хабарлайды. Сонымен қатар, олар пара алудан бас тартқан жағдайлар туралы хабарлайды. Македония мен Кенияда ұқсас платформалар жемқорлықты анықтаудың тиімді моделін қолданады. Процесстің ең қиын бөлігі болып осы мәліметтерді нақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларға айналдыруы болып табылады. Платформалар иелерінің пікірінше  Үкімет осы ресурстарды мойындауы қажет және оларды әділеттілік жүйесіне қосуы қажет, ал қоғам  өз бастамасының нәтижелерін көруі қажет.

Кения мен Угандада университеттердегі жемқорлық жағдайларын тіркейтін «Not in my Country» краудсорсингтік жобасы жұмыс жасайды.   Аталған фактілерді жинаумен қатар платформа сотқа шағыммен жүгінеді. Платформаның көптеген қолданушылары жасырындылықты сақтауды қалайды. Бірақ «Not in my Country» атқарушы директоры Рой Розенблит азаматтарды нақты ақпараттарды көптеп беруге шақырады. Осы орайда, платформа ақпарат берушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге уәде береді. Жақын уақыттары осы жас платформа өзінің бірінші талап арызын беретін болады.

Келесі басымды платформа Үкіметтің қолдауы арқасында Пәкістанда жұмыс жасап отырған  «Citizen Feedback Model» платформасы. Жүйе Үкіметтің есеп берушілігін арттырудың қарапайым және тиімді тәсілін қолданады. Мемлекеттік құрылымдарды аралаудан кейін азаматтарға телефон қоңырауы барысында сұрақтарға жауап беру ұсынылады. Күн сайын автоматтандырылған жүйе жемқорлық көріністерін анықтай отырып

он мыңдаған қоңыраулар жасайды.

Индонезияда Үкімет «Lapor» интернет-порталын ашты және оның көмегімен азаматтар шенейніктердің заңсыз әрекеттеріне шағым білдіре алады. Барлық хабарламалар Президент жанындағы арнайы мониторингтік бөліммен өңделеді. Нақты уақыт режимінде азаматтар нақты шағымдарға жауап ретінде қабылданған шаралар туралы Үкіметтік агенттіктердің жауаптарын көреді.

Филиппинде «Check My School» сыбайлас жемқорлыққа қарсы краудсорсинг алаңы жұмыс жасайды және оның мақсаты болып елдегі мемлекеттік мектептерді басқаруға мемлекет пен қоғамды басқару арқылы білім беру қызметінің сапасын арттыру болып табылады.

Бұл тәжірибе мектептегі білімнің проблемалық мәселелерін соның ішінде жемқорлықтан бастап оқу материалдарының жетіспеушілігі мен білім қызметін алу барысындағы шектеулерді анықтауға және тиімді шешуге көмектеседі. Бұл мемлекеттік білім берудің барлық қоғам үшін ашық және есеп беруші болып табылатынын дәлелдейді.

Краудсорсингтік платформалардың кеңінен таралуы Қытайда   болып отыр және 2015 жылы қолданушыларға жемқорлық көріністерінің фото және бейне дәлелдемелерін енгізуге мүмкіндік беретін «CCDI» қосымшасы қолданысқа енгізілді.  Қосымшаның қолданысқа енген күнінен бастап оған жемқорлық сипатындағы 700 хабарламалар келіп түскен. Осындай сыбайлас жемқорлыққа қарсы алаң қоғамда туындаған проблемаларды соның ішінде жемқорлық сипатындағы көріністерді (қызмет бабын теріс пайдалану, мемлекеттік қаржыны мақсатсыз пайдалану, бюрократия және т.б.) дереу алуы үшін қолданылатын  қарапайым және қолайлы платформаны құруға арналған.

Посткеңестік аумақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуге бағытталған мамандандырылған краудсорсингтік платформалар пайда болуда .

Қоғам қайраткері Алексей Навальный құрған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қоры» КЕҰ-ның ресейлік жобалары кеңінен танылды.

Осындай жобалардың бірі «РосПил» жобасы мемлекеттік және муниципалдық сатып алулар саласында бюджеттік қаржының жұмсалуын бақылайды.  

Құжаттар еріктілермен жемқорлықтың кез келген көріністеріне қарсы зерттеледі. Заң бұзушылықтар анықталған конрактілердің соммасы шамамен 70 млрд. рубль құрады.

Сонымен қатар, соңғы жылдары Ресейде краудсорсинг платформасын нормативтік-құқықтық актілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасын жүргізу үшін сараптамалық алаң ретінде қолдануды бастады.  Кәсіби қауымдастықтың пікірінше осындай тәжірибе норамивтік-құқықтық актілердегі жемқорлық факторлар санын төмендетумен қатар, тәуелсіз сараптамалық қорытындылардың сапасы мен мәртебиесін арттырады.

Шет елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай краудсорсингті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінде қолдану  мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық мінез құлқымен байланысты көптеген проблемаларды шешуде азаматтардың қатысу мүмкіндігін кеңейтуге  көмек береді. Сонымен бірге краудсорсинг жемқорлыққа бейім нормаларды анықтау бойынша құқықтық актілерді зерттеуге қауымдастықты кеңінен тарта отырып мемлекеттің нормашығармашылық саясатының ашықтығы мен жариялығын қамтамасыз етуге мүмкіндік етеді. 

 

Орналастырылған: 21.09.2017
Жаңартылған: 27.08.2018

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы