скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижелері

2017 жылдың қорытында ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша 2452 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар тіркелген, 2016 жылдың көрсеткішінен 13% - ға төмен (2016 жылы - 2807).

Бұл ретте ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтау көбейді.

Тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстардың ішінде басым бөлігін парақорлық – 51% (1245), ұрлау мен алаяқтық – 21% (516) және теріс пайдалану – 16% (388) фактілері құрайды.

Тергеумен аяқталған қылмыстық істер саны өскен. Жалпы қылмыстық істер санынан 87% тергеумен аяқталып, ал өткен жылы бұл көрсеткіш 79% құраған. Бұл ретте, сотқа жіберілгендер саны 27% - дан 38% - ға дейін өскен.

Cыбайлас жемқорлыққа тартылған 1146 тұлғалардың, 828 сотқа берілді, бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 13% көбірек.

2017 жылы орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының 19 басшысы әшкерленді, 98 – облыстық, 152 – қалалық және аудандық органдары.

Ең көп сыбайлас жемқорлық фактілерін бұзатын барлық деңгейдегі әкімдіктер, ішкі істер органдары және квазимемлекеттік сектор қызметкерлері.

Жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдер ішінде білім беру саласы, ауыл шаруашылығы, құрылыс және денсаулық сақтау салалары қалуда.

Терең жедел әзірлемелерді іске асыру нәтижесінде орындаушылардан ұйымдастырушыларға дейін бүкіл тізбегін анықтай отырып, 2017 жылы 108 жүйелі сыбайлас жемқорлық фактілері әшкереленді (2016 жылы - 92).

Өңірлікте көбірек жүйелік сыбайлас жемқорлық көріністеріне бейім Астана және А лматы қалалары, Алматы, Қызылорда, Атырау және Жамбыл облыстары.

2017 жылы халыққа анағұрлым жиі кездесетін сыбайлас жемқорлық көріністерімен нүктелі ден қоюға бағыттарын жұмыс күшейтілген.

Солай, білім беру жүйесінде 201 сыбайлас жемқорлық фактісі, денсаулық сақтау саласында – 101 жемқорлық фактілері, ауыл шаруашылығы саласында - 183, құқық қорғау және сот органдары – 290 жемқорлық фактілерінің жолы кесілген.

Мемлекеттік органдардың заңсыз араласуда бизнесті қорғау сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып табылады. Осы бағытта 352 фактісі әшкереленді, бұл 2016 жылмен салыстырғанда үштен бір бөлігіне артық. Қабылданған шаралар нәтижесінде 270-тен астам кәсіпкерлер құқықтары қорғалды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің құрал ретінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық анықтау, жолын кесу, ашу, тергеу ғана емес, сыбайлас жемқорлық қылмыстар зардаптарын жою болып табылады.

Осы бағытта сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен келтірілген залалды өтеу жөніндегі шаралар қабылданады. Мәселен, аяқталған қылмыстық істер бойынша 2017 жылы 14,4 млрд. теңге залал сомасы белгіленген, 6,9 - өтелді. Залалды өтеу үшін 2 млрд. теңге сомада мүлікке тыйым салынған. 2016 жылымен салыстыру үшін аяқталған қылмыстық істер бойынша 22 млрд. теңге залал сомасы белгіленген, 5,4 - өтелді. Залалды өтеу үшін 5,9 млрд. теңге мөлшерде мүлікке тыйым салынған.

Жалпы алғанда, 2017 жылы сыбайлас жемқорлық әрекеттері негізінен кәсіпкерлік субъектілеріне қамқорлық жасағаны үшін пара алу, жауапкершіліктен жалтаруға жәрдемдесу, рұқсат беру құжаттарын беру, сондай-ақ ұрлау және мемлекеттік сатып алу шеңберінде бюджетті бөлу кезінде лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдалану түрінде байқалған.

Қоғамдық пікір арқылы сыбайлас жемқорлықтың таралуының негізгі тенденциялары және жағдайы туралы объективті ақпарат алу әлеуметтік сауалнама әмбебап құрал болып табылады.

2017 жылы "ПРЭКО Консалтинг" компаниясымен «Сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін анықтау» әлеуметтік зерттеуі жүргізілді.

Зерттеу Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін анықтау, тұрғындардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарына және мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына қанағаттану бағасының, мемлекеттік органдардың ақпараттық ашықтығы мақсатында жүргізілген.

Әлеуметтік зерттеу нәтижелері 2016 жылғы зерттеумен кезеңімен салыстырғанда оң көрсеткішті көрсетті.

Мысалы, жемқорлыққа теріс қарайтын адамдар саны 20,7% - ға өсті (2016 ж. 60,7%, - дан, 2017 ж. 81,4%), елде сыбайлас жемқорлық деңгейін орташа және жоғары деңгейде бағалайтын адамдар саны (72,7%, 2016 ж. - дан 70,1% - 2017 ж.) қысқарды.

Сондай-ақ, азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенділік артқанын атап өткен жөн.

Мәселен, 2017 жылы 55,5% - дан жауап алынған халық, сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендеуіне жеке қолдау көрсетуге дайын екендері туралы мәлімдеген, ал 2016 жылы бұл көрсеткіш 53,1% құраған. Мұндай нәтижелерге қоғамның қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысын іске асыруда жаңа тәсілдерді қолдану арқасында қол жеткізілді.

Аталған әлеуметтік зерттеуде қатысқан кәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық бизнесті дамыту кедергілерінің бірі ретінде бесінші орынға орналастырды (сауалнамаға жауап берушілер 16,7%). 2016 жылғы ұқсас зерттеулер нәтижелері бойынша, сыбайлас жемқорлық бизнесті дамытудың негізгі кедергілер рейтингінде 4-ші орында тұрды.

Сыбайлас жемқорлықпен соқтығысқан азаматтардың үлесі Қазақстанның мемлекеттік органдарда 19,9% құрайды. 2017 жылда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар көріністеріне ең жиі шалдыққандар қатарында жеке кәсіпкерлер болып табылады (29,9%).

Соңғы екі жылдағы өткізілген ұқсас зерттеулер нәтижелерін саластырғанда, мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған азаматтардың үлесі 18,3% - ға қысқаруы байқалады.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы