скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау жөніндегі нұсқау

Құрметті сайт қонақтары!

 

Сіз сыбайлас жемқорлық фактілері туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл ұлттық бюросына (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) немесе оның аумақтық департаменттеріне тұрғылықты орныңыз бойынша жүгіне отырып, хабарлай аласыз.

 

Өтінішті:

 

1. 010000, Астана қаласы, С. Сейфуллин көшесі, 37 пошталық мекенжайы бойынша жазбаша;

2. Электрондық цифрлық қолтаңбаңыз бар болса, «Электрондық үкімет» egov.kz порталы арқылы;

3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сall-орталығына 1424 нөмірі арқылы хабарласа отырып беруге болады.

 

Бұл ретте, «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңға сәйкес:

1) дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы не мемлекеттiк немесе қоғамдық қауiпсiздiкке төнетiн қауiп туралы және мемлекеттiк органдардың құзыреттерiне сәйкес оларға дереу қайта жолдануға тиiс мәлiметтер болатын жағдайларды қоспағанда, иесi бүркемеленген өтiнiш;

2) мәселенiң мәнi баяндалмаған өтiнiштің қарауға жатпайтындығын түсіндіреміз.

Өтiнiш құзыретiне өтiнiште қойылған мәселелердi шешу кiретiн субъектiге немесе лауазымды тұлғаға жолдануға тиiс.

Жеке тұлғаның өтiнiшiнде оның тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі. Заңды тұлғаның өтiнiшiнде - оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні. Өтiнiшке арыз иесінің қолы қойылуға не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылуға тиіс.

Шағым берген кезде iс-әрекетiне шағым жасалып отырған субъектiнiң атауы немесе лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегi және аты-жөнi, өтiнiш жасау себептерi мен талаптары көрсетiледi.

Авторын анықтау мүмкiн емес, қолтаңбасы, оның iшiнде электрондық цифрлық қолтаңбасы, өтініш берушiнiң пошталық мекенжайы жоқ өтiнiштің «иесi бүркемеленген өтiнiш» болып табылатындығын ескертеміз.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы