ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ішкі аудит қызметімен Оңтүстік Қазақстан облысындағы аумақтық департаментінде ішкі мемлекеттік аудит жүргізілді.
Жүргізілген аудиттің қорытындысымен 1 116,6 мың теңге сомасындағы қаржылық бұзушылықтар анықталып, 735,1 мың теңге сомасындағы бюджеттік қаражат тиімсіз қолданылған, сонымен бірге Департамент қызметінде бірқатар кемшіліктер орын алған. Қаржылық кемшіліктер аудит барысында толығымен қалпына келтірілді.