скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Standart version
  • Мобильді нұсқа

You are here

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ САПАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МОНИТОРИНГІ

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға және іске асыру «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес жүргізілуде.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасының қоғамдық мониторингін жүргізу мақсаты көрсетілетін қызметті алушылардың қызметтерді берушілердің мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына, қол жетімділігіне және оның тәртібі рәсімдеріне қанағаттанушылық деңгейін айқындау,  сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде проблемалық мәселелерді анықтау болып табылады. 

ҚБ «Қoғaмдық пікір» институты мемлекеттік қызмет көрсетудің 39 түрі бойынша қоғамдық мониторинг жүргізілді, 8327 респондентпен (жеке және заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер) сауалнама жүргізді.

Әлеуметтік сауалнама барлық облыстарда, Астана және Алматы қалаларында жүргізілді. Сауалнама тұрғылықты жер бойынша сауал жүргізу әдісімен өткізілді.

Есептеуге арналған зерттемеде 10-баллдық шкала пайдаланылды, мұндағы 1 ең төмен, 10 - ең жоғары бағаны білдіреді.

Әлеуметтік зерттеу арқылы мемлекеттік қызметтерге жалпы қанағаттанушылық алты көрсеткіш бойынша айқындалды:   қызметке қол жетімділік (7,6 балл), қызмет көрсету сапасы (7,8 балл), рәсім (8,0 балл) (қағаз құжаттарды алу кезінде), ақпарат (7,9 балл), қызмет нәтижесі (7,9 балл), электрондық формат (8.3 балл) (электронды нысанда қолжетімді бағаланатын қызметтер бағаланған). Орта есеппен, барлық қызметтермен  қанағаттанушылық мүмкін болатын 10-баллдан 7,9 баллды құрады.

Осылайша, 2015 жылы бойынша қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтердің сапасына  қанағаттанушылық деңгейі 79% құрады

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы