скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 2017 жылы орындалу барысы туралы ақпарат

2015 жылғы 14 сәуірде № 234 Үкімет қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны 2015-2017 жылдарда жүзеге асырылу жоспары шеңберінде  2017 жылы мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен  23 іс-шара жүзеге асырылды.

 

Жоспардың 5-тармағы.

Орталық және жергілікті атқарушы органдармен ведомстволық интернет-ресурстарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданатын іс-шаралар бойынша арнайы бөлім жұмысы ұйымдастырылып, оларды тиісті ақпаратпен тұрақты толықтыру жүргізіліп отырады.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен (бұдан әрі – Агенттік) 2017 жылы өткізген интернет-ресурстар мониторингі мемлекеттік органдардың барлық сайттарында тиісті бөлімнің бар екендігін көрсетті.

 

Жоспардың 21-тармағы.

 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы

5 мамырдағы Заңға сәйкес, мемлекеттік меншіктегі тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуын бағалау нормативтерін (бұдан әрі – бағалау нормативтері) бекіту бойынша Мәдениет және спорт министрлігінің заңды түрде құзіреттілігі анықталды.

Тиісті өкілеттіктерді іске асыру шеңберінде Мәдениет және спорт министрлігімен мемлекеттік бюджет қаржысы арқылы өткізілетін жөндеу және қалпына келтіру бойынша жеке бағалауларды және сметалық нормаларды әзірлеу әдістемесі құрылды.

Дайындалған әдістеменің негізінде Мәдениет және спорт министрлігімен 63 бағалау нормативтері жинағы әзірленді.

 

Жоспардың 22-тармағы.

Ұлттық экономика министрлігімен ақпараттық талаптарды анықтау бойынша заңнамаға түгендеу өткізіліп, нәтижесінде шамамен 1200 талаптардан тұратын ақпарттық құралдардың бастапқы тізбесі құрылған. Анықталған ақпараттық талаптарды талдау барысында, мемлекеттік реттеудің мақсатына сай қолданылған немесе қолданылмаған бойынша қайталанатын ақпараттық құралдар санының көптігі анықталды (2018 жылға қысқарту   ақпараттық құралдарды 30%-ға қысқарту және оларды заңды түрде толық тізбесін бекіту жоспарлануда).

Осы жұмыстың нәтижесінде 2017 жылғы 21 шілдедегі  Заң жобасы қызметі бойынша ведомствааралық комиссиясымен мақұлданған (№430 хаттама) "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасының тұжырымдамасы (бұдан әрі – Заң жобасы) әзірленді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 859 қаулысымен Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді.

 

Жоспардың 23-тармағы.

Мәдениет және спорт министрлігінің 2015 жылғы 30 қарашаның № 367 бұйрығымен (ӘМ-де 2015 жылғы 24 желтоқсанда № 12500 бекітілген) Тарихи және мәдени ескерткіштерге ғылыми жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қағидасы бекітілді.

 

Жоспардың 24-тармағы.

Білім және ғылым министрлігімен «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі - жүйе) енгізу бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілді (http://is.ncste.kz/login).

Атап айтқанда, гранттық және бағдарламалық – мақсатты қаржыландыруға өтінімдерді қабылдауы автоматтандырылған, ол үшін әр ғылыми басшы мен жоба немесе бағдарлама орындаушылары электронды пошта арқылы жүйеде тіркеледі.  Порталға өтінім берілген соң және қажетті ақпарат толтырылған соң, қолданушыға жұмыстың жүргізілу барысын және нәтижесін онлайн режимде қадағалауға мүмкіншілік беріледі.

Сонымен қатар, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды және бағдарламаларды мемлекеттік есепке алуды және олардың орындалуы жөнінде есеп беруді автоматтандыру бойынша жұмыстар өткізілді.

2017 жылғы қыркүйек айынан бастап «Ғылым саласындағы және мемлекеттік, ғылыми стипендияларға сыйлық бөліну бойынша жұмыстарды қабылдау» бойынша құжат қабылдау және  қорытындыларды беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады (Білім және ғылым Министрінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 62).

 

Жоспардың 25-тармағы.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 26 қаңтардағы

№ 13 бұйрығымен Тексерулерді тағайындау туралы актілерін тіркеу, хабарламаларды тоқтату, қайта бастау, тексеру мерзімін ұзарту туралы, қатысушылардың құрамының өзгеруі және тексерудің және оның нәтижесі туралы ақпарттық есеп құжаттары туралы ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілді.

Ережемен тіркеу және тексеруді есепке алудың электронды форматта жүргізуді және Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімін

(бұдан әрі - ТСОБТ) қалыптастыру тәртібі анықталған.

ТСОБТ мәліметтері электрондық форматта тексерулерді тіркеу және есепке алу саласындағы ЭАЕҚ-ты, тексерілетін субъектілер (объектілер) туралы тіркеу субъектілерінің деректерін, ведомстволық тәуекелдерді бағалау жүйелерін және тексеру парақтарын ұсыну арқылы орталықтандырылған деректер банкінің негізінде қалыптастырылады.

ТСОБТ-ны қалыптастыру және жүйелердің өзара әрекеттесуі тексерілетін субъектілердің (объектілердің), сондай-ақ мемлекеттік органның орналасқан аумақтылық принципіне сәйкес, тиісті нормативтік базасының және техникалық дайындығының болуына қарай кезең-кезеңімен, уәкілетті орган айқындайтын электрондық форматта жүзеге асырылады.

Келіп түскен мәліметтердің негізінде уәкілетті орган құрған тексеру субъектілерінің (объектілерінің) орталықтандырылған деректер қоры бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру, тексеру графиктерін, профильдік есептерді қалыптастыру, процестерді автоматтандыру және басқа да ведомстволық бақылау жүргізу кезінде мемлекеттік органдармен қолданылады.

Орталықтандырылған деректер банкіне қол жеткізу Web-қосымшалар арқылы уәкілетті органның ТСОБТ жүйесіне мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасымен ұсынылады.

 

Жоспардың 26-тармағы.

2017 жылғы 30 маусымда БАҚ өкілдері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбына үздік журналистік жұмыс үшін өткізілген байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді.

Байқауға қатысу үшін 2017 жылдың 1 қаңтары мен 20 маусымына дейінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбына жарияланған жұмыстар қабылданып, келесі номинациялар бойынша марапатталды: «Үздік телевизиялық жұмыс», «Үздік баспа жарияланымы» және «Үздік интернет жарияланымы».

Байқау нәтижесінде «Үздік телевизиялық жұмыс» номинациясында  Ақтөбе қаласынан Бибігүл Биманова (Қазақстан-Ақтөбе телеарнасы) үшінші орынға ие болды, екінші орынға Орал қаласынан Жандос Хамза («ТДК - 24» телеарнасы) ие болды, аталған номенацияда жеңімпаз болған астаналық жүргізуші, бағдарламасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы өзекті мәселелерді көтеруші,  Ерболат Мұхамеджан ие болды («Atameken Business channel» телеарнасы), сонымен қатар оның материалдары әлеуметтік желілерде және онлайн режимде кеңінен таратылды.

«Үздік баспа жарияланымы» атты номенациясында Шымкент қаласынан Малика Эльтаева («Оңтүстік Қазақстан» газеті) үшінші орынға ие болды. Екінші орынға Көкшетау қаласынан Нина Митичинова («Акмолинская правда» газеті) екінші орынға ие болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбына ең үздік атанған жарияланым авторы Тараз қаласының журналисі («Балалық шақ - детство» оқушыларға арналған Жамбыл облыстық газеті) Гүлнар Есмаханова ие болды. Аталған журналист өз жұмыстарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал ететін тақырыпқа мектеп ортасында және балалық шығармасы бағытында кешенді жұмыстарды жариялады.

Сонымен қатар, Тараз қаласынан журналисі Галина Скрипник («Казинформ» ақпараттық агенттігі) «Үздік интернет жариялынымы» номинациясында үшінші орынға ие болды, Қарағанды қаласының қоғамдық интернет-телеарнасы редакциясы («101TV.kz») екінші орынға ие болды, ал үздік интернет жарияланым болып Талдықорған қаласының журналисі Хасан Еспановтың («BNews» ақпараттық агенттігі) жұмысы жарияланды.

 

Жоспардың 33-тармағы.

Энергетика және Ауыл шаруашылық министрліктерімен 2017 жылғы

14 наурызда бірлескен бұйрықпен 2017 жылға далалық жұмыстарға мұнай өндіруші зауыттарымен дизельдік жанармай жеткізу бойынша әр облыстарға жоспар – бекітілім (2017 жылғы 23 маусымда қосымша бұйрық жарияланды) бекітілді.

 

Жоспардың 48-тармағы.

2017 жылғы 8 желтоқсанда Жоғарғы сот мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, электрондық әділеттілікті дамыту бойынша кешенді шаралар қабылданды, осыған сәйкес:

1) 2016 жылы 1418 сот отырысы залдарында жазбаны тоқтату және материалдарды жөндеу мүмкіншілігі жоқ. заманауи аудио-бейне бақылау аппараттық-бағдарламалық кешендер орнатылды (бұдан әрі – АББ АБК).

Орнатылған АББ АБК жүйелері орталықтандырылған және бөліп таратылған деректерді сақтау жүйесі бар, сонымен қатар сот органдарының «Төрілік» автоматтандырылған ақпартаттық-талдау жүйесімен және процес қатысушыларының сот отырысы қысқаша хаттамасымен және бейнежазбасымен танысуға мүмкіншілік беретін «Сот кабинеті» оналйн-сервисі бар.

2) 2017 жылы қылмыстық атқару жүйесінің мекемелерінде бейнеконференцбайланыс сеансын өткізуге мүмкіншілік беретін құрал-жабдықтарды орнату және монтаждау бойынша сатып алу жұмыстары аяқталды, сонымен қатар, IP-VPN каналдарын қосымша орнату және каналдардың өткізу мүмкіншіліктерін ұлғайту жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, аталған шараның төмен қажеттілігіне байланысты денсаулық сақтау мекемелерінде бейнебайланыс енгізу жобасы тоқтатылды.

3) Сот органдарында интернет-ресурстары дамуы аясында

2014 жылдан бастап «Сот кабинеті»  ақпараттық сервисі іске қосылды, оның шеңберінде сот ісін жүргізудің барлық бағыттары бойынша 50-ден астам қызметтер түрлері электронды түрде ұсынылады.

Оның үстіне сот жүйесі бойынша ақпарат алуға, сот процестерін жүргізу барысын анықтауға мүмкіншілік беретін «Сот кабинеті» атты мобильдік қосымша жұмыс істеуде.

Тиісті ақпарат 2017 жылғы 8 желтоқсанда (шығыс №6001-17-16-8/367) Жоғарғы сотпен Президент Әкімшілігіне ұсынылған.

 

Жоспардың 49-тармағы.

2017 жылғы 9 наурызда жаппай ақпараттық-насихатты жұмысты ұйымдастыру мақсатында 2017 жылға арналған Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кешенді жоспар бекітілді.  

Агенттікпен және оның аумақтық департаменттерімен 2017 жыл бойы БАҚ-та сыбайлас жемқорлыққа қарсы 7 бейнеролик 28 телеарнада жарияланып, 1867 баннерлер мен 2 млн.-нан астам плакаттар халықтың көп жиналатын орындарда орналастырылды. 

Ақпараттық – түсіндіру жұмысы нәтижесінде 2017 жылы Агенттікпен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбына 232 баспасөз конференциялары мен брифингтер ұйымдастырылды, республикалық және жергілікті телеарналарда 3202 астам телесюжеттер көрсетілді, радиода 1658 ақпараттық хабарландырулар жарияланды. 

 

Жоспардың 50-тармағы.

2017 жыл бойы мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  саясатының негізгі бағыттарын республикалық телеарналарда түсіндіру жүзеге асты.

Осылайша, «Хабар», «Алматы» телеарналарында күніне 2-3 рет мемлекеттік қызметшілермен сыйлық алуға тыйым салынуы бойынша түсіндіру бейнероликтер жарияланған («Мы готовы, а ты?», «Государственная служба», «Call-центр», «Поощрения» атты бейнематериалдар).

Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлыққа төзбеуге бағытталған мемлекеттік тапсырыс бойынша «Қазақфильм» киностудиясымен «Ақиқат аспандағы» деректі фильмі әзірленді.

 

Жоспардың 51-тармағы.

Баспа басылымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы - 156,

соның ішінде – 6, өңірлік – 150 тұрақты айдарлар ашылды.

Сыбайлас жемқорлық қарсы тақырып бойынша «Жемқорлық-індет, жою міндет» («Егемен Қазақстан» газеті), «Закон и порядок», «Панорама событий», «Мониторинг», «Актуально» («Казахстанская правда» газеті), «Право», «Преступление и наказание» («Юридическая газета» газеті), «Көзқарас», «Жемқорлық», «Қоғам» («Заң» газеті); «Суд да дело», «Злоба дня», «Скандал» («Время» газеті); «Саясат», («Айқын» газеті); «Социум» («Аргументы и факты» газеті); «Общество» («Литер» газеті) және т.б. айдарлар бар.

 

Жоспардың 52-тармағы.

Талдау нәтижелері жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері 2017 жылға арналған жергілікті атқарушы органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиясының жұмыс жоспарына енгізілгенін көрсетті.

 

Жоспардың 53-тармағы.

Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығымен 2015-2020 жылдарға арналған тәрбие берудің тұжырымдамалық негізін жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.

Іс-шаралар жоспарына сәйкес дебаттық, пікірсайыс клубтары, патриоттық форумдар және басқа да акциялар білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке шақырады.

Еліміздің жоғары оқу орындарында «Сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күресу», «Экономикалық қылмыстарды алдын алу», «Сыбайлас жемқорлық негіздері», «Сыбайлас жемқорылққа қарсы саясат негіздері» атты пәндері жүргізілуде.

«Заң» мамандығы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалар тақырыбына жеке пәндер оқытылады, соның ішінде: «Сот билігін ұйымдастыру»; «ҚР құқық қорғау органдары»; «Қылмыстарды тергеу жүргізуді ұйымдастыру»; «Прокурорлық қадағалау»; «Ұлттық қауіпсіздік орнатудағы кейбір мәселелер» және т.б. 

Техникалық және кәсіби білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді, оның ішінде барлық мамандықтар бойынша «Құқық негіздері» атты әлеуметтік-экономикалық пәндер циклында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәденитетті қалыптастыру енгізілген (ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысы).

Еліміздің барлық жоғары оқу орындарында және колледждерде құқық бұзушылықтарды алдын алу кеңестері жұмыс атқаруда, сонымен қатар құқықтық тақырыпқа, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік тақырыбына, ақпараттық стендтер орналастырылды.  

Орта білім ұйымдарында тәрбиелік мақсатта әдістемелік нұсқаманың «Оқушылар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім алу Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының қолдауымен әзірленді, «Адам. Қоғам. Құқық» пәні бойынша жалпы білім 10-сынып оқушылары үшін факультативтік сабақтардың материалдарды ұсынылды» сараптамасын жүргізу бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Әрбір білім беретін ұйым оқушыларда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру бойынша жұмыс жоспарларын бекітеді. Осымен, аталған жоспарларды іске асыру шеңберінде білім беру ұйымдарында «Адал ұрпақ» клубтары құрылуда.

Мектеп оқушылары арасында «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі», «Жемқорлыққа жол жоқ!» аты суреттер байқаулары өткізіледі, 9-11 сыныптарда «Қоғамдық тәртіп негіздері» атты дебаттық сайыстар өтеді, мектеп кітапханаларында «Парасатты азамат» атты патриоттық бұрыштар мен сқоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша деректі және көркем фильмдер, сондай-ақ әлеуметтік бейне және аудио роликтер көрсетілімі ұйымдастырылуда.

 

Жоспардың 54-тармағы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті анықтау мақсатында Агенттік тиісті әлеуметтік зерттеу жүргізу үшін қаражат бөлді («ПРЭКО Консалтинг» компаниясымен жүргізілді).

Зерттеудің мақсаты – мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық жағдайын сипаттайтын қоғамдық ой, сонымен қатар, жаппай санада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің деңгейін, сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға тиімді шаралар анықтау болды.

Әлеуметтік зерттеудің қорытындысына сәйкес, жемқорлыққа теріс қарайтын адамдардың саны 20,7 %-ға өсті (2016 жылы 60,7%-дан 2017 жылы 81,4%-ға дейін), еліміздегі жемқорлық деңгейін орта және жоғары деңгейде бағалайтын адамдардың саны азайды (2016 жылы 72,7%-дан 2017 жылы 70,1%-ға дейін).

 

Жоспардың 55-тармағы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша үкіметтік емес ұйымдар арасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру мақсатында 2017 жылы Агенттік еліміздің барлық өңірлерінде «Азаматтық бақылау» жобасын (бұдан әрі – жоба) жүзеге асыру үшін 37,5 млн. теңге бөлінді.

Конкурстың жеңімпазы болған үкіметтік емес ұйыммен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, соның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасы, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызмет саласын бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау сондай-ақ қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша кешенді іс-шараларын өткізу жобамен қарастырылған.

Еліміздің барлық өңірлеріндегі жарыстардың қорытындысы бойынша үкіметтік емес ұйымдар арасында тиісті қызмет көрсетушілер анықталды.

Сонымен, Астанадағы жобаны «КАМЕДА» ҚБ іске асырды, Алматыда - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жастар ресурстық орталығы, Алматы облысында - «Инновация - Қолдау» ҚҚ, Ақмола - «Жасыл болашақ» ҮЕҰ, Ақтөбе - «Қоғамдық бірлестіктер қауымдастығы» ЗТБ, Атырау облысы - «4 күш» ҚҚ «Журналистердің өңірлік одағы», Маңғыстау облысы - «Азаматтық даңқ» ЖМ, Қостанай қ. - Қостанай облысының «ГРИН» азаматтық альянсы » ҚҚ, Қарағанды - «Қарағанды облысының жастар одағы» ҮЕҰ, Павлодар қаласы - «Асыл-Заман» ҚҚ, «Жас Отан» жастар қанатының Жамбыл облыстық филиалы, Қызылорда - «Қызылорда - Аққат айнасы» ӨҚБ, Батыс Қазақстан - «Ақ жол» шағын және орта бизнесті қолдау ассоциациясы » ЗТБ, Шығыс Қазақстан облысы - «Шығыс Қазақстан облысының азаматтық альянсы» ЗТБ, Солтүстік Қазақстан - «Жастар маслихаты» ҮЕҰ және Оңтүстік Қазақстан облысында - «Үміт» ҮЕҰ.

Жалпы, осы жобаның шеңберінде 2017 жылы еліміздің барлық өңірлерінде үкіметтік емес ұйымдар 505 іс-шара өткізді, олардың ішінде:

«Жол полициясы мен жол пайдаланушылары арасындағы тікелей байланысын барынша азайтудың өзекті аспектілері: проблемалар және оларды шешу жолдары» тақырып бойынша облыстық конференциялар; «Жеке меншік кәсіпорындарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру», «Құқық қорғау органдарының тиімділігін бағалаудың бірыңғай жүйесі: негізгі тәсілдер мен критерийлер», «Медициналық мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа жол беретін негізгі себептері мен шарттар», «Коммерциялық, банктік және басқа да заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын ақпаратқа қол жеткізу контекстінде сот приставтарының тұтастығын қамтамасыз ету мәселелері», «Жеке меншік кәсіпорындарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру», «Мемлекеттiк бағдарламалар шеңберiнде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң сыбайлас жемқорлыққа байланысты сипатын жою жөнiндегi тетiктер» тақырып бойынша дөңгелек үстелдер; келесі тақырыптарда: «Бақылау және қадағалау саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері», «Құпия сатып алушы» әдісі бойынша қоғамдық мониторинг нәтижелері туралы», «Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік сатып алу мониторингінің қорытындысы бойынша сатып алу бағасын асыра бағалау», «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде сатып алу қорытындылары туралы» тақырыбы бойынша семинар-кеңестер; «Мемлекеттік сатып алудағы сыбайлас жемқорлық: жалпы схемалар» тақырыбы бойынша дискуссиялық алаңдар.

Бұдан басқа, қоғамдық қабылдау бөлмесінде жобаның бір бөлігі ретінде 3000-нан астам азаматтарға тегін заңгерлік кеңестер мен өтініштер қаралды.

 

Жоспардың 56-тармағы.

2017 жылы шетел БАҚ-да Қазақстанда қабылданып отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша келесі мақалалар жарияланды:

  1. «Қазақстан сыбайлас жемқорлықпен күресте табысты үлгі болып табылады» (Макао, 12.09.17 ж.);
  2. «Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа күресі реформаларға апарады» (Қатар, 19.10.17 ж.);
  3. «Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына сәйкес Қазақстанмен қабылданған сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша қабылданған шаралара» (Қытай, 19.10.17ж.);
  4. «Сыбайлас жемқорлықпен күрес: Қазақстанның негізгі басымдықтары» (Азербайджан, 20.11.17 ж.);
  5. «Қазақстан сыбайлас жемқорлықпен күреседі: «ЭЫДҰ-мен серіктестікте үлкен реформалар» (Гонконг, 11.12.17 ж.);

 

Жоспардың 57-тармағы.

Агенттік тұрақты негізде сыбайлас жемқорлық деңгейін, сонымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл рейтингтеріне ие болуды және бағалауды жүзеге асыратын халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады:

2017 жылы 10-15 қыркүйекте Агенттіктің басшылығымен қазақстандық делегация (МҚІСҚА, ЖС, ЖСК, БП, СҚ, ӘМ, ҚМ, ҰЭМ, ДІАҚМ, АКМ, БҒМ, ИДМ) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Стамбул сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресінің кезекті кездесуінде қатысты.

2017 жылы 8-10 қарашада Агенттік өкілдерінің Берлин қаласында (ГФР) Траспэренси Интернешнл зерттеу бойынша диреткорымен Корали Прингпен, сонымен қатар, “Your Public Value” үкіметтік емес ұйымның атқарушы директоры Виржини Куллудонмен және Қазақстан Транспэренсидің атқарушы Н. Ковалевамен кездесулер өтті.

2017 жылғы 27 қараша мен 1 желтоқсан аралығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында Қазақстанның соңғы жаңа енгізілген заңнамаларымен және тәжірибесін таныстыру, сонымен қатар, «Transparency International» сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіндегі еліміздің позициясын жоғарылату мақстатында Агенттіктің басшылығымен АҚШ рейтингті агенттіктердің бас кеңселерінде кездесулер болды.

Бұдан басқа, Агенттік барлық 9 халықаралық рейтингті ұйымдармен өзара қарым-қатынаста маңызды жұмыстар жасады, бұл зерттеулер 2017 жылға сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексін есептеуде пайдаланылды,  сонымен қатар, аталған ұйымның Германия, Швеция, Швейцария және АҚШ өкілдерінің кездесулері ұйымдастырылды.

2018 жылғы 22 ақпанда 2017 жылға арналған Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі ресми жарияланды, Қазақстан 31 ұпай жинады және әлемнің 180 елінен 122 орын алды, осылайша өз көрсеткішін  2 ұпайға және 9 ұстанымға жақсартты  (рейтингте алғаш қатысқан сәттен (1999 жыл) Қазақстан бойынша аталған индекстің осы бағалауының нәтижесі ең жоғары болып табылады).

Осы нәтижелерге қол жеткізу, атап айтқанда 30 ұпай шекті мәннен асу сыбайлас жемқорлыққа бейім елдердің санатынан шығуға мүмкіндік берді.

 

Жоспардың 59-тармағы.

2017 жылғы 19-24 ақпан аралығында Агенттікпен Стамбулдағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарының ұсынымдарын іске асыру мониторингінің 4-ші раундының ұсынымдарын орындау үшін ЭЫДҰ-ның Мониторинг тобының елдік сапарын ұйымдастырды.

Сапар барысында мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен бизнес-қауымдастық өкілдерімен кездесулер өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, мемлекеттік қызметтің тұтастығы, сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік және оны қолдану, секторды егжей-тегжейлі зерделеу - жоғары білім, алдын-ала тергеу және қылмыстық қудалау тақырыптары бойынша барлығы 13 сессия өткізілді.

Бұдан басқа, 2017 жылғы 8 желтоқсанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай «Қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар мен халықаралық ынтымақтастықты дамыту» тақырыбында Агенттікпен халықаралық конференция ұйымдастырылды.

Халықаралық диалогтық алаң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелеріне және осы саладағы озық жетістіктерін кең талқылауға бағыттап, БҰҰ, ЕҚЫҰ, Трансперенси Интернешнл, шетел мемлекеттерінің дипломатиялық корпусы және шетелдік сарапшылардың өкілдерін – жетекші мамандарын біріктірді.

Великобританияның, Австрияның, Бельгияның, Германияның жетекші сарапшылары арнайы секциялық алаңдардың шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа күрес мәселелерінде ынтымақтастықты дамыту туралы және халықаралық сыбайлас жемқорлық стандарттарын имплементациялаудың маңызды қадамдары туралы, халықаралық және ұлттық дейгеңде сыбайлас жемқорлық жағдайы туралы айтылды.

Қазақстанның алаңында дәстүрлі халықаралық конференцияны өткізу, еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мемлекетаралық алдыңғы тәжірибесін зерделеу және интеграциялау орталығы ретінде қалыптасуына себепші болғанын шетелдік сарапшылар атап өтті.

Конференция қорытындысы бойынша оның қатысушылары БҰҰ Конвенциясына қатысушы мемлекеттер атына ұсыныстар айтылды.

 

Жоспардың 60-тармағы.

МҚІСҚА-ның 2017 жылғы 18 қаңтардағы №7 бұйығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия жоспарын сыртқы талдау және бағалауды  іске асырудың арнайы мониторлық тобының құрамы қайта бекітілді.

Топ құрамына бұқаралық ақпарат ұйымдарының (4), мемлекеттік органдардың (4), қоғамның (3), «Атамекен» Ұлттық палатаның ( 1)  өкілдері кірді.

 

Жоспардың 61–тармағы.

Агенттік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган болып табылатындықтан Жоспарды орындау бойынша үйлесту жұмыстарын жүргізеді.

2017 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялай отырып, Арнайы мониторингтеу тобының 5 отырысы ұйымдастырылды. Отырыстарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік органдардың аралық есептері қаралды.

Бұдан басқа, Арнайы мониторингтеу тобының мүшелері өңірлерде кездесулер өткізді.

 

Жоспардың 62–тармағы.

2018 жылғы 12 ақпанда 2017 жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асырудың қорытындылары бойынша арнайы мониторингтеу тобының отырысы өтті.

Арнайы мониторингтеу тобы 2017 жылдың нәтижелерін, мемлекеттік органдармен орындалған барлық 23 іс-шараны бағалады.

 

Жоспардың 63–тармағы.

2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есеп «Bnews.kz» ақпараттық ресурсында, сондай-ақ МҚІСҚА ресми интернет-ресурсында орналасқан.

 

Жоспардың 64–тармағы.

2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есеп 2016 жылдың қорытындысы бойынша «Қазправда» және «Егемен Қазақстан» республикалық газеттерінде орналастырылған.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы