скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА АҚПАРАТТЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ӘСЕРІНІҢ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ БОЙЫНША СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЕСЕП

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА АҚПАРАТТЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ӘСЕРІНІҢ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ БОЙЫНША СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЕСЕП

САУАЛНАМА НӘТИЖЕСІ

Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия:

Халықтың ақпараттандырылуы

 

Сауалнама деректері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің 1424 call- орталығы бойынша халықтың хабардарлығы орташа деңгейде сипатталатынын көрсетеді.

Барлық категориялар бойынша орташа хабардарлық коэфиценті 47,6% құрайды.

 

СІЗ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ФАКТІЛЕРІ БОЙЫНША ХАБАРЛАУҒА БОЛАТЫН, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТТІҢ 1424 CALL-ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАР ЕКЕНДІГІН БІЛЕСІЗ БЕ?

 

Мемлекеттік қызметшілер (45,1%), кісіпкерлер (41,8%), және мемлекеттік емес ұйымдары өкілдері (36%) үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 call-орталығының жұмысы бойынша басты ақапаршысы БАҚ болса, жеке тұлғалар үшін басты ақапарат көзі әлеуметтік желілер болды (33,1%).

Социологиялық зерттеулер деректері бойынша барлық 4 топ респондеттері (халық, мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, мемлекеттік емес ұйымдар) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ақпараттық компания шеңберіндегі келесі шараларды белгіледі: «Комуналдық қызметтер түбіртектерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жадынамалар», «еңбек ұжымдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу». Бұл өз кезегінде аталған топтардың ақпараттануын көрсетеді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнама, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жолдарының бірі болып, жалпы алғанда барлық санаттарда оң баға алып, соның ішінде ең жоғары баға үкіметтік емес ұйымдары өкілдері арасында 62,4% құрады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы компанияларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құралы ретінде медиа тұлғалардың қатысуына - ҮЕҰ өкілдері (47%), жеке тұлғалар (42,6%), және мемлекеттік қызметшілер (37,6%) оң баға берді.

Аталған әдіске «бейтарап» пікір білдіргендердің ішінен кәсіпкерлер (38,4%), алайда оның 42,8% - ы (оң баға – 26,4% + оң бағаға бейімді – 16,4%) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы компанияларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құралы ретінде медиа тұлғалардың қатысуына қолдау білдіреді. Бұл өз кезегінде респондеттердің аталған бастамаға оң қатынасын білдіргендігін көрсетеді.

Респонденттердің пікірінше, ұсынылған алты іс-шараның ішінен иерархия бойынша үш іс-шара тиімді болды:

  1. Еңбек ұжымдарындағы түсіндіру жұмыстары;
  2. Жергілікті телеарналар мен LED-экрандарда бейнероликтер жариялау;
  3. Сыбайлас жемқорлыққы қарсы сыртқы әлеуметтік жарнамалар (баннерлер, плакаттар ж тб.) (21 кесте)

Алайда, жеке тұлғалар, мемлекеттік қызметшілер, ҮЕҰ өкілдері үшін еңбек ұжымдардағы түсіндіру жұмыстары иерархия бойынша бірінші орын алса, кәсіпкерлер үшін маңызды болып жергілікті телеарналар мен LED-экрандарда бейнероликтер жариялау болып табылады.

Сауалнама барысында барлық категория респондеттеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдығы ең тиімді шараларды бағалау әзірленіп, берілген жауаптарды талдау нәтижесінде иерархияға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы 3 тиімді шара анықталды.

Барлық категория респондеттерінің пікірінше ең тиімді және тиімділердің ең 1-ші орындағы шара ол «сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім және тәрбие беру». Сондай-ақ аталған шара жеке тұлғалардың, мемлекеттік қызметшілердің және кәсіпкерлердің басымды санымен белгіленген. ҮЕҰ өкілдері аталған саланы тиімді болып білгіледі, бірақ шара иерархиясында ол 3 орынға ие.

Бұдан әрі өз тиімділігі мен меңыздылығымен екінші орында «Сыбайлас жемқорлққа қарсы қызметінің 1424 Сall-центрінің нөмірі» бекітілді. Сондай-ақ аталған шараның жоғары тиімділігін ҮЕҰ өкілдері (32%) және жеке тұлғалар (30,8%) белгіледі. Өңірлік және топтық бөлінісінде «1424 Сall-орталығын» Алматы қаласы мен ШҚО мемлекеттік емес ұйымдары, кәсіпкерлереі және азаматтары қолдайды.

«БАҚ-та сыбайла жемқорлыққа қарсы насихаттау» шарасы тиімділігі бойынша үшінші орынға ие. Алайда аталған шараның тиімділігі тек мемлекеттік қызметшілер(31,8%) мен ҮЕҰ өкілдері (29%) арасында қолдау тапты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру бойынша шаралар.

Сауалнама нәтижесінде барлық 4 категорияның пікірінше аталған шаралар шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық компанияны жалғастыру қажет, және жалпы алғанда аталған шаралардың оң тиімділігі мен нәтижелілігін көрсетеді.

Барлық 4 топтың 60% астам респонденті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған ақпараттық компанияны жалғастыруды ұсынды, бұл өз кезегінде аталған шараларға жоғары дәрежедегі қолдау мен сенім білдіруді көрсетеді.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы