скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арасындағы өзара іс-қимыл туралы меморандум

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі - Тараптар) арасындағы өзара іс-қимылды реттеу мақсатында Инвестициялық қызмет барысында туындайтын проблемалық мәселелерді шешудің өзара ұмтылысын ескере отырып, және инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды туралы назарға ала отырып, төмендейгелер келісті.

 

  1. Меморандумның мақсаты

 

Тараптар арасында қолайлы инвестициялық аухал құру және инвесторлардың сенімін арттыру үшін ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ оның нысандары мен тетіктерін айқындау.

 

  1. Ынтымақтастық нысандары

 

Осы Меморандум шеңберінде өзара іс-қимылдың мынадай нысандары көзделеді:

- Тараптардың өкілдерінен жобалық топтардың жауапты мүшелерін тағайындау арқылы «Инвестицияларды қорғау» жобасының арнайы бюросын құру (бұдан әрі - Жобаның офисі);

- Инвестициялық қызмет субъектілеріне тексерулер жүргізу кезінде және мемлекеттік органдар тарапынын заңнаманның нормаларын  бұзуға жол бермейтін заңнаманы сақтауға бірлескен мониторинг жүргізу;

- оперативті ақпарат алмасу;

- тұрақты негізде бірлескен кездесулер өткізу;

- тараптардың құзыреті шеңберінде ынтымақтастықтың өзге де нысандары.

 

  1. Тараптардың өзара іс-қимылы кезінде функциялары

 

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі:

- инвестициялық қызметтің дамуына кедергі келтіретін жүйелік проблемалар мен кедергілерді анықтау бойынша талдау жүргізеді;

- Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында пайда болған мәселелер бойынша инвесторлардың өтініштерін қарайды;

- коммерциялық құпияны қоспағанда, меншік нысанына қарамастан, тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажетті ақпарат пен ұстанымдарын сұратады;

- инвесторлардың мәселелерін реттеу үшін мемлекеттік органдармен және ұйымдармен кеңестер, консультациялар, хаттамалық кездесулер өткізеді;

- мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларын немесе олардың орынбасарларын инвесторлардың өтініштерін қарау мәселелері бойынша тыңдайды;

- тиісті мемлекеттік органға және/немесе лауазымды тұлғаға пысықталған ұсыныстар жібереді;

- Агенттікке инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде мемлекеттік органдардың заңсыз іс-қимылы туралы ақпаратын назарына жеткізеді;

- жауапты қызметкерлерді Жоба Басқармасында жұмыс істеу айқындайды.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі:

- Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері арқылы, инвестициялар бойынша кенесішілер және  «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның өкілдері арқылы Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын жобалар бойынша шетелдік инвесторлардың (шет елдердегі) проблемалық мәселелеріне мониторингті жүзеге асырады;

- шетелдік инвесторлардың өтініштерін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне (Инвестициялық Омбудсменге) жібереді;

шетелде орналысқан шетелдегі инвесторларға олардың өтініштерін қарау нәтижелері туралы хабарлауға жәрдемдесуді жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі:

- ұсынылған материалдарды мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын, бағалау және мемлекеттік бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы сақтау мәніне талдау жүргізеді;

- әрекеті (әрекетсіздігі) инвестордың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзған тиісті мемлекеттік органға және/немесе лауазымды тұлғаға ұсынымдар жібереді;

- инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау және қорғау, әкімшілік кедергілерді жою, бюрократиялық рәсімдерді болдырмау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуды қамтамасыз ету бойынша өзге де тиісті шараларды қабылдайды;

- инвестициялық қызмет субъектілерге қатысты заңсыз тексерулердің жүргізілу фактілеріне жол бермеу бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді, сондай-ақ мемлекеттік рұқсат беруші және бақылау, бизнеске реттеуші әсерін қысқарту функцияларын оңтайландыруды мәселелерін пысықтайды;

- жобалық офистің жұмыс істеуі үшін тұжырымдамалық негізді әзірлеу бойынша қажетті шараларды қабылдайды, оның құрылымын, қызметінің құрамын және бағытын айқындайды.

 

  1. Қорытынды ережелер

 

Осы Меморандумның ережелерін талқылау және қолдану кезінде Даулар мен келіспеушіліктер туындаған жағдайда тараптар оларды кеңестер мен келіссөздер ұйымдастыру арқылы шешеді.

Осы Меморандумға Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Меморандумның ажырамас бөлігі болып табылатын жекелеген құжаттармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

Осы Меморандум қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

Кез келген Тарап осы Меморандумнан басқа Тараптарға жазбаша хабарлама жіберу арқылы шығуға құқылы.

Меморандумның қолданысын тоқтатуды ниеті туралы мәлімдеген Тарап үшін меморандум қолданысы тиісті жазбаша хабарлама жіберілген күнінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн өткеннен кейін тоқтатылған болып есептеледі.

Меморандумға 2018 жылғы 11 сәуірде Астана қаласында үш данада мемлекеттік және орыс тілдерінде қол қойылды.

 

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі

_____________ Ж. Қасымбек

Қазақстан Республикасының

Сыртқы істер министрі     

________________Қ. Әбдірахманов

   

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік

қызмет істері және сыбайлас

жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл агенттігінің төрағасы

  ________________ А. Шпекбаев

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы