скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Баяндамалар және сөйлеген сөздер

«Қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы»

жобасын іске асыру туралы

 

Құрметті Алик Жаткамбайұлы!

Құрметті жиынға қатысушылар!

 

Нұр-Сұлтан қаласында пилоттық режимде іске қосылған қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы (слайд) 2018 жылдың соңында елорда азаматтары арасында айтарлықтай танымалдыққа ие болды.

Бүгінгі күні (Слайд карта бейнесі) азаматтар тарапынан ресурстың 24 000 астам көрінісі және бұл сан апта сайын өсіп келеді, бұл азаматтардың порталға деген қызығушылығының артқанын көрсетеді. Азаматтар тарапынан мемлекеттік мекемелердің жұмысы туралы көп пікірлер (түсініктемелер скринингі бар бірнеше слайдтар) пайда болуда.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Департамент пен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі арасында өзара іс-қимыл, одан әрі ынтымақтастық және қоғамдық бақылау картасын дамыту туралы келісімге қол қойылды, оның шеңберінде әкімдіктің барлық басқармалары мен ведомстволық бағынысты мекемелердің өзара іс-қимыл, ықпалдастыру және мәліметтерді порталда жариялау тетіктері бекітілді.

Ағымдағы күнге жалпы сомасы 345 млрд теңгеден астам (2018 жылы 150 млрд.теңге) 334 нысан мен даму жобалары қосылды.

Бұл сома күн сайын артып, жауапты қызметкерлермен түзетілуде.

Талдау шеңберінде пайдаланушылардың ыңғайлылығы үшін тіркеу жүйесі (жаңа формадағы слайд) және нысандар карточкалары (жаңа карточканың слайды) оңтайландырылды.

Сондай-ақ, порталдың басты бетінің жаңа дизайны (басты беттің жаңа дизайн слайды) әзірленіп, жақын арада енгізілетін болады, жаңа дизайнда портал пайдалануға ыңғайлы болады және (мобильді нұсқа слайды) акцент пайдаланушыға кері байланыс жүйесімен өзара іс-қимыл жасау жылдамдығына және өзара іс-қимылды жеңілдетуге ауысатын болады. Порталдың тілдік нұсқалары іске асыру сатысында,  порталдың ағылшын нұсқасын енгізу болжанып отыр.

Бұған дейін атап өткендей, картаны әзірлеуге бюджеттік қаражат бөлінген жоқ. Шығындардың бір бөлігі ҚР – дағы Нидерланды Корольдігі Елшілігінің есебінен жабылған-3 млн.тг. Негізгі шығындар QLT ЖШС есебінен жұмсалды. Биылғы жылы Агенттіктің сатып алу жоспарына республиканың барлық аумағына порталды мультипликациялау үшін 60 млн теңге салынды. Шарт әзірлеу және қол қою сатысында.

Сондай-ақ, біз өз тарапымыздан жобаны одан әрі дамыту мен жаңғыртуға қаражат іздеу мақсатында халықаралық ұйымдармен, шет мемлекеттердің өкілдіктерімен келіссөздер жүргізудеміз.

Даму аясында біз:

1) азаматтардың қанағаттану индексін енгізуді (слайдты ескі презентациядан алу керек);

2) "Азаматтардың бастамашылық бюджеті" жүйесін енгізуді (слайдты ескі презентациядан алу керек);

3) «Заң кеңесшісі ботын енгізуді"  жоспарлаймыз (слайдты ескі презентациядан алу керек).

Интерактивті карта жобасын табысты іске асыру үшін келесі іс-шаралар қажет:

  1. жауапты тұлғаларды тағайындай отырып, өңірлерде жобаны мультипликациялау туралы шартқа қол қоюды жеделдету;
  2. Жобаны одан әрі дамыту үшін инвесторларды тарту;
  3. барлық мемлекеттік мекемелердің сайттарында картаға сілтеме енгізу;
  4. оқыту бейнеролигі мен баспа өнімдерін әзірлеу және тарату;
  5. ұсыныстарды жинау және жобаны насихаттауды одан әрі дамыту үшін қоғамдық ұйымдарды, БАҚ және блогерлерді тарту;
  6.  жоғарыда көрсетілген тақырып бойынша түрлі форумдарға қатысу;
  7. азаматтардың шағымдарына уақытылы ден қою және бюджет деректерін жаңарту үшін қолданыстағы жүйелермен интеграциялау;
  8. әрбір өңірде техникалық және кеңес беруді қолдауға бюджет қаражатын бөлуді қарастыру.

Құрметті әріптестер, өздеріңіз білетіндей, ашықтықты қамтамасыз ету және ақпаратқа қол жеткізуді арттыру сыбайлас жемқорлықты алдын алудың тиімді құралдарының бірі болып табылады.

Карта жобасының халықтың және сарапшылар қоғамдастығының арасында оң пікірлерге ие болуын ескере отырып, бізге картаны бірге дамыту қажет.

Назарларыңызға рақмет!

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы