скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Баяндамалар және сөйлеген сөздер

Халықаралық рейтингінде Қазақстанның

деңгейін жоғарлату бойынша

 

Құрметті Алик Жатқамбайұлы! Құрметті әріптестер!

 

Халықаралық аренада Қазақстанның позитивті имиджін қалыптастыру бойынша шаралар қолдану кез-келген мемлекеттік орган жұмысының бір бөлігі болып табылады.

Бірқатар халықаралық зерттеулерде еліміздің позицияларын нығайту бойынша жауапкершілік Агенттікке бекітілген.

Бірақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаменті бұл бағытта сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде Қазақстанның түсін өзгерту немесе басқа да рейтингтерде жоғарылаудың соңынан қууды өз алдына мақсат ретінде қоймайды.

Біздің міндет – азаматтардың өмір деңгейін жақсартуға және сыбайлас жемқорлық масштабын төмендетуге бағытталған және нәтижесінде халықаралық рейтингтерде де әсер ететін тиімді құралдарды әзірлеу және жүзеге асыру болып табылады.

Әлемдік деңгейдегі бірқатар эксперттермен ақпараттық жұмысты және халықаралық рейтингтік агенттіктермен ынтымақтастықты кеңейту бойынша ұсыныстар берілгені бәрімізге белгілі.

Осыған орай, ағымдағы жылдың 14 және 15 мамыр күндері бірқатар ұйымдарда болып қайту мақсатында Агенттік делегациясы Америка Құрама Штаттарына сапармен барды.

14 мамыр күні Вирджиния штатының көлік құралдары департаменті (қазақстандық Арнайы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының баламасы) және Губернаторлардың ұлттық қауымдастығымен (губернаторлар сайлауын үйлестіруші және мемлекеттік басқару саласында үздік тәжіриебені жинақташы ұйым) таныстық кездесулер өтті. Кездесулер барысында Агенттік қызметінің негізгі бағыттары бойынша сөз қозғалды.

15 мамыр күні әртүрлі рейтингтік бағалау жүргізетін Дүниежүзілік банк және Транспаренси Интернешнлдың 3 зерттеу институты: Фридом Хаус, Әділеттіліктің дүниежүзілік жобасы және Саяси тәуекелдер қызметі сияқты мекемелер үшін 4 презентация ұйымдастырылды.

Материал АҚШ-та танымал 10/20/30 қағидаты бойынша дайындалды (Apple компаниясының беделді маркетологтарының бірі Гай Кавасакимен әзірленген қағидат): яғни 10 слайд, сөйлеу үшін 20 минут және презентацияда 30-шы қәріп. 

Презентациялардың мазмұнды бөлігі бұрынғыдай мемлекеттік басқарудың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың барлық бағыттарын қамтыған жоқ, тек әр ұйымның зерттеу мазмұнына байланысты қалыптастырылды. 

Фридом Хаус.

Бұл зерттеу бойынша Қазақстан 2018 жылы 6, 71 ұпай жинап 29 елдің ішінде 25 орынға орналасты.

2017 жылмен салыстырғанда 0,07 ұпайға төмендеу байқалады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көрсеткіштер төмендеген жоқ.

Transparency International-дің Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі барлық 9 зерттеу нәтижесінде қалыптасатынын айтып өткен жөн. Яғни, көбінесе сыбайлас жемқорлық деңгейіне ғана байланысты емес.

Фридом Хаустың жиынтық рейтингі Азаматтық қоғам және Сот жүйесінің тәуелсіздігі көрсеткіштері үшін нашарлады.

Есепке сәйкес, азаматтық қоғам рейтингі 6, 50 ден 6, 75 дейін төмендеуі тым шектеуші заңнама және азаматтық қоғамға әкімшілік қысым көрсету жағдайындағы белсенділерді, тілшілерді, заңгерлерді, әлеуметтік желілердің және діни қауымның жеке қолданушыларын қудалау фактілеріне, сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдардың 2 құқыққорғаушыларына салынған айыппұлдарға және 2017 жылы Кәсіподақтар конфедерациясын жоюға байланысты болды.

Соттық құрылым және тәуелсіздік рейтингі 6,50 ден 6,75 дейін төмендеуі басқаша ойлауды негізсіз қудалауға кеңістік қалдыра отырып кеңінен тұжырымдалатын қылмыстардың спектрі бойынша азаматтықтан айыруға құқықтық мүмкіндік жасайтын жақында енгізілген өзгерістерге байланысты болды.

Эксперттердің пікірі бойынша азаматтылық алу құқығы адамның негізгі құқығы болып табылады және екі азаматтылық мойындалмайынша азаматтықтан айыру мүмкіндігі сот жүйесінде болмауы тиіс. 

Зерттеулердің бағытын сіздер слайдтан көре аласыздар.

  • Республикалық деңгейдегі басқарудың демократиялылығы;
  • Сайлау процессі;
  • Азаматтық қоғам;
  • Тәуелсіз БАҚ;
  • Өңірлік деңгейдегі басқарудың демократиялылығы;
  • Сот жүйесінің тәуелсіздігі;
  • Сыбайлас жемқорлық.

Біздің презентация осы құрылымға сәйкес әзірленді.

Агенттіктің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша ақпарат өкілетті органдардан алынды.

Фридом Хаус жағынан ұйымның халықаралық бағдарламалар, төтенше көмек көрсету және жанжақты бастамалар бойынша Вице-президенті Роберт Херман қатысты.

Эксперт Қазақстанның ниет-мақсаттарына оң баға беріп, электронды Үкімет саласындағы жетістіктерді ерекше атап өтті. Сонымен қатар, ұсынылған материалдарды зерттеу орталығына жолдау үшін сұратып алды.

Бұдан бөлек, кездесу қорытындысы бойынша Нью-Йорк қаласында орналасқан зерттеушілер кеңсесімен жүйелі қарым-қатынас құру бойынша келісім жасалды.

Ағымдағы жылдың маусым айында аталған эксперттермен скайп-колл өткізу жоспарланып отыр.

Біздің ойымызша бұл зерттеу таяу жылдардардағы Транспаренси қорытындысын жасау кезіндегі тәуекелді зерттеулердің бірі екенін атап өткен жөн.

Эксперттермен айтылған үрдіс өкінішке орай 2018 жылда да жалғасын тапты.

Дүниежүзілік әділеттілік жобасы

Құқықтың үстемдігі индексі зерттеуінің жалпы рейтингінде Қазақстан 113 елдің ішінде көрсеткішті 9 позицияға жақсартып 64 орынға орналасты.

Осылай, ағымдағы жылы Қазақстанның рейтингінің жалпы 0,01 ұпайға өсуі және сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша 0,1 ұпайға өсуі байқалды. 

Бұл ретте, бұдан да биік нәтижелерге жетуге мүмкіндік бермеген жеке қосалқы факторлар бойынша төмендеулер байқалады. 

Іргелі құқықтар

4.5 Діни сенім бостандығы 

4.6 Жеке өмірге қол сұқпаушылық

Құқық қолдану

6.1 Тиімді құқық қолдану 

6.5 Тепе-тең өтемақысыз эспроприацияның болмауы

Азаматтық құқық

7.7 Тиімді құқық қолдану 

Қылмыстық құқық

8.2 Уақытылы және тиімді шешімдер

Сонымен бірге біздің презентация зерттеулердің келесі бағыттарына сәйкес әзірленді:

  • Үкіметтік өкілеттерге шектеулер;
  • Сыбайлас жемқорлықтың болмауы
  • Ашық Үкімет;
  • Іргелі құқықтар;
  • Тәртіп және қауіпсіздік;
  • Регулятивті құқық қолдану;
  • Азаматтық әділеттілік;
  • Қылмыстық әділеттілік.

Бұл институттың өкілдері ретінде «Заңның үстемдігі индексі» бағдарламасының зерттеулер бойынша директорлары Сара Лонг және Алисия Еванглэйдс болды.

Эксперттердің айтуы бойынша өткен жылы Қазақстанда құқықтық жүйені реформалау саласында едәуір жұмыс жүргізілді. Бұл өз кезегенді елді бағалау барысында оң нәтижесін берді. 

Бұдан бөлек, Қазақстанның нәтижелерін егжей-тегжейлі зерделеу үшін Дүниежүзілік әділеттілік жобасының өкілдері зерттеулердің жан-жақты әдістемелерін, сұрастырылатын жергілікті эксперттердің тізімін және бұрын қолжетімсіз сауалнамаларды ұсынды. Алынған ақпарат негізінде тиісті жұмыс жоспарын жасау мүмкіндігіміз бар.

«Саяси Тәуекелдер қызметі»

Қазақстан Саяси тәуекелдер қызметінің зерттеулерінде де сенімді өсім көрсетуде.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша біздің жалпы бағамыз 1,5 ұпайға 64,5 дейін, сыбайлас жемқорлық көрсеткіші бойынша 1 ұпайға 35-ке дейін өсті. Бұл ретте, 2015 жылы бұл көрсеткіш бойынша бізде тек 11 ұпай ғана болған.

Талқылауға қатысқан «Саяси тәуекелдер қызметі» компаниясының басты орындаушы директоры және иесі Кристофер МакКи  Агенттікпен соңғы уақытта іске асырылып жатқан ақпараттық науқан еліміздің әртүрлі рейтингтердегі позицияларына оң әсерін тигізіп жатқанын айтты.

Инвесторларды қолдау және қорғау саласында шаралар эксперттердің ерекше назарына ие болды.

Оның жіберіліміне жазылған 7000 шетелдік инвесторлорға тарату мақсатында ол іске қосылған «Protecting Business and Investments» жобалық кеңсесі және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу» жобасы бойынша ақпаратты сұратты. 

Жобалық кеңсенің ашылуынан кейін бірден жан-жақты презентация әзірленіп экспертке жолданды.

МакКи мырзамен аталмыш жобаны Bloomberg танымал бизнес баспасының мақаласында баяндау мәселесі қарастырылатын болады.

Дүниежүзілік банктің Саясат және елдік бағдарламалар бойынша бас экономисті Кристиан Гонсалеспен өткен кездесу аясында кәсіпкерлерді қолдау және қолайлы инвестициялық климатты қалыптастыру саласындағы өзекті шаралармен таныстырылды.

Өз кезегінде Гонсалес мырза Дүниежүзілік банктің «Жаһандық тәжіриебелер» бөлімшесімен «Елдік саясат және институционалдық бағалау» зерттеуі бойынша тығыз қарым-қатынасты ұйымдастыруды ұсынып сәйкес байланыс мәліметтерін берді.

Бүгінгі күні біз бұл ұйымнан жауапты тұлғаның анықталуын күтудеміз.

Осылайынша, халықаралық рейтингтік агенттіктерімен қарым-қатынасты одан әрі нығайту бойынша жағдай жасалынды.

Сонымен бірге, Transparency International-дің Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі жаһандық рейтингінің жақсаруы мәселесі көбіне Агенттікпен қабылданып жатқан шараларға ғана байланысты емес екендігін айтып өту керек.

Презентацияда көрсетілгендей мәселелердің көп бөлігі басқа мемлекеттік органдарға қатысты.

Осыған орай, мүдделі мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының деңгейінде ведомствоаралық TI Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде позицияларды жақсарту бойынша нақты әрекеттер жоспарын бекіту мәселесі бойынша бастама білдіреміз.

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы