скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Агенттіктің Ішкі аудит қызметінің 2018 жылғы 1-ші жартыжылдықтың жұмыс қорытындысы

2018 жылғы бірінші жартыжылдықта Агенттіктің Ішкі аудит қызметімен жүргізілген аудиторлық іс-шаралар қорытындысы бойынша 170,1 мың теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар анықталды, 114,4 мың теңге бухгалтерлік есеппен қалпына келтіріліп және 55,7 мың теңге республикалық бюджет кірісіне өтелді. Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 6 223,4 мың теңге сомасында анықталды, соның ішінде 1 958,1 мың теңге мемлекеттік сатып алу рәсімін бұзуда.

Аудит объектісімен негізінен бухгалтерлік есепті жүргізудегі заңнаманы бұзуға жол берген, мемлекеттік сатып алудағы рәсім, сонымен қатар рәсімдік сипаттағы бұзушылықтарға жол берілген.

Бұдан басқа, Агенттіктің Ішкі аудит қызметімен тұрақты түрде Агенттіктің аумақтық, құрылымдық бөлімшелері, ведомстволық бағынысты ұйымдарға Қазақстан Республикасы заңнамаларының нормасын қолдануда кеңес және әдіснамалық көмек көрсетіледі.

Одан басқа, Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің аумақтық департаменттерімен Агенттіктің аумақтық департаменттерінде, департамент қызметкерлеріне еңбек ақыны дұрыс есептеу мен аудару және өзге де төлемдер бойынша аудит жүргізіліп, нәтижесінде бұзушылықтар анықталмады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы