скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

2019 жылғы 4 ақпандағы баяндамалар және сөйлеген сөздер

2019 ж. 4 ақпандағы СӘХБД директоры

А.А. Құштарованың Аппараттық жиналыста

сөйлеген сөзі

 

«Агенттіктің 2018 жылғы халықаралық ынтымақтастығы бойынша нәтижелері

және 2019 жылы өткізілетін іс-шаралар туралы»

 

Құрметті Алик Жатқамбайұлы!

Құрметті әріптестер!

 

2018 жылғы жұмыс нәтижелері туралы қысқаша айтып беруге рұқсат етіңіз.

Өткен жылы халықаралық іс-шаралардың форматы мен мазмұны өзгерді.

Бұған дейін қазақстандық мамандардың халықаралық сарапшыларға және тренингтерге қатысуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларға басты назар аударылған болса,

2018 жылы қазақстандық тәжірибені шетелде таныстыру іс-шараларыда оған қосылды.

Оның ішінде:

- 2018 жылы Берлинде (Германия) дөңгелек үстел;

- 2018 жылдың қыркүйегінде Венада (Австрия) Халықаралық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл академиясының (IACA) қатысушылары Ассамблеясының аясында өткізілген сайд-ивент;

2018 жылы қараша айында Лаксенбург қаласында (Австрия) Орталық Азия мен Ауғанстан елдеріне арналған Халықаралық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы академиясында өткізілген Агенттіктің семинары (оның барысында біз Ауғанстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстандағы әріптестерімен жемқорлыққа қарсы саясаттағы тәжірибемізбен бөлістік).

Сонымен қатар Астанада бірқатар халықаралық іс-шаралар өткізілді - Астана экономикалық форумы аясында конференция, Азия-Тынық мұхит аймағындағы елдері үшін қоғамдық желісінің отырысы, желтоқсандағы Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл конференциясы («Prevention of Corruption in a Global Context»).

Бұдан әрі алдағы маңызды халықаралық іс-шаралар туралы айтып бергім келеді.

 

Бірінші. Халықаралық жемқорлыққа қарсы академия қатысушылары Ассамблеясының 8-ші сессиясын өткізу

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асырудағы біздің жетістіктерімізді және осы бағыттағы аймақтық басшылығымызды ескере отырып, Хатышылық пен 7-ші МАКА Ассамблеясының қатысушы-мемлекеттері, Ассамблеяның 8-ші сессиясын 2019 жылы Астанада өткізу туралы шешім қабылдады.

Іс-шарасының күндері ретінде осы жылдың MAKA 25-27 қыркүйегін анықтауды ұсынылды (жексенбі - жұма).

МАКА-ның бағалауы бойынша, Ассамблеяға қатысушылардың жалпы саны шамамен 200 адамды құрайды.

Шетелден 100-ге жуық адам келеді.

Делегация құрамында Астана қаласында орналасқан дипломаттардың өкілдері қатысады.

Қатысушылар арасында қатысушы елдердің 5-тен 10-ға дейінгі мемлекеттік органдарының басшылары қатысады, әдетте МАКА олардың қауіпсіздігін жоғарғы деңгейде қамтамасыз етуді сұрайды.

Ассамблея барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзекті мәселелерді талқылау үшін шетелдік және жергілікті сарапшылардың қатысуымен семинар түрінде (дөңгелек үстел) сайд-ивент өткізуді ұсынамыз.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік кеңесшінің офисін Қазақстанда орналастыру

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік кеңесшінің офисін Қазақстанда орналастыру бастамасы барлық мүдделі мемлекеттік органдармен (ЖС, БП, ҰҚК, ІІМ, СІМ және ҚМ) келісілді, сондай-ақ Президент Әкімшілігінің келісімі алынды.

Сыртқы істер министрлігі Өңірлік кеңесші офисін Алматы қаласындағы БҰҰ орталығында орналастыруды ұсынды.

Бұдан әрі, бізбен СІМ және БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс бойынша басқармасындағы әріптестермен Офисті ресми рәсімдеу консультациялар жүргізілуде.

 

Астана қаласында 2025 жылы БҰҰ-ның Қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі жөніндегі конгресін өткізу

Өткен жылы БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс бойынша басқармасының басшылығымен кездесу кезінде бізге 2025 жылы Астанада БҰҰ-ның Қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі жөніндегі конгресін өткізу ұсынылды.

Конгрес - қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі бойынша әлемдегі ең ірі форум.

Қатысушылардың саны, әдетте, 400 адамды (мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғамның, академиялық топтардың өкілдері) құрайды.

Қазіргі уақытта Конгресті өткізу барлық мүдделі мемлекеттік органдармен (ЖС, БП, ҰҚК, ІІМ, СІМ және ҚМ) және Президент Әкімшілігімен келісілді.

Астанада Конгресті өткізу ниетін растау БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс бойынша басқармасына жіберілді, сондай-ақ бұл туралы а.ж. қаңтар айында Бангкокта өткен кездесуде мәлімденді.

Сонымен қатар, БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс бойынша басқармасының басқа қатысушы мемлекеттердің біздің өтінімімізді мақұлдау үшін Киото конгресінің алдында 2020 жылға дейін БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс бойынша басқармасының басқа қатысушы мемлекеттермен (150-ден астам мемлекет) бейресми пікірталастар өткізуіміз керек.

Осы мақсатта БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс бойынша басқармасының Хатшылығы биылғы жылы қазақстандық делегация осы ұйымның аймақтық сессияларына белсене қатысуға, онда Астанадағы Конгресті өткізу ниетін тағы да қайталау қажеттілігін, сондай-ақ басқа мемлекеттермен бастамамыздың бейресми талқылауын жүргізуге кеңес береді.

 

Баяндама аяқталды.

Назарларыңызға рахмет!

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы