скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

2019 жылғы 28 қаңтардағы баяндамалар және сөйлеген сөздер

Әділет министрлігінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдаудың қорытындылары туралы

 

 

2018 жылғы қазанда Агенттік Әділет министрлігінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізді.

Әділет министрлігінде ішкі бақылау жүйесінің немқұрайлы сипаты негізгі проблема болып табылады.

Министрлік әділет департаменттеріне қатысты тексеру нысанында бақылау іс-шараларын тұрақты негізде жүргізбейді, ал тақырыптық тексерулер санаулы ғана.

Осының салдарынан бақылау функцияларын іске асыру кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың уақтылы алдын алу бойынша шаралар қабылданбайды.

Сонымен, құқықтық статистика, азаматтардың өтініштері және Қоғамдық пікірді зерттеу орталығы 2018 жылы жүргізген әлеуметтік сауалнама атқарушылық іс жүргізу, зияткерлік меншік, құқықтарды тіркеу және заң қызметтерін көрсету салаларындағы сыбайлас жемқорлық көріністерінің жоғары деңгейін көрсетеді.

Сот актілерін орындау кезінде құжаттардың шамадан тыс саны, (бір сот орындаушысының орындауында, орташа 1500 сот актісі болады), сондай-ақ «тиімді» атқарушылық құжаттарды алуға ұмтылу. жүйелі проблема болып табылады

Бұл жеке сот орындаушыларының сыйақы мөлшері өндіріп алынған соманың немесе өндіріп алынған мүлік құнының 3-тен 25% - ға дейінгі шегінде белгіленуіне байланысты.

Іс жүзінде «кіріс әкелетін» атқару құжаттарына жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарының басшылығымен не сот органдарында байланыстары арқылы қол жеткізуі мүмкін.

Мысалы, Астана қаласы бойынша ӘД-де қағаз тасығыштарда жіберілетін барынша «тиімді» материалдар жеке сот орындаушыларының шектеулі тобы арасында ғана бөлінді. 

Әділет министрлігі бұл мәселені мойындайды, бірақ жеке сот орындаушылары палатасының қызметіне мониторинг жүргізу бойынша ешқандай шаралар қабылдамайды. Ал палаталардың өзідерінде бақылау шаралары толығымен жоқ.

Субъективті фактор әсерін және атқарушылық құжаттардың біркелкі бөлінбеуін болдырмауға арналған атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған интеграциялық жүйесі қолмен түзету мүмкіндігіне жол береді.

Министрліктің ақпаратына сәйкес, тек Оңтүстік Қазақстан облысында 1500-ден астам атқару құжаттары жоғарыда көрсетілген жүйені автоматты түрде бөлу алгоритміне механикалық араласу жолымен бөлінген.

Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларының болуы зияткерлік меншікті реттеу саласында да байқалады.

Республика бойынша мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын 9 ұйым аккредиттелді, 3 жылдан астам уақыт бойы оларға қатысты тексерулер жүргізілмеген.

Сонымен қатар, құқықтар иелеріне төлемдердің дұрыстығын тексеруге мүмкіндік беретін авторлар мен шығармалар жөнінде деректер қоры Министрлікте жоқ.

Авторлық сыйақыларды жинау, бөлу және төлеу рәсімдерін реттейтін құқықтық ағаттықтар, осы ұйымдардың миллиардтаған кірістері және уәкілетті орган тарапынан бақылаудың болмауын қосқанда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады.

Бірқатар ұйымдарда қайырымдылық қорлары құрылды. Мысалы, «Зияткерлік меншік құқықтарын басқару жөніндегі қазақстандық қоғам» ұйымында «Шығармашылықты қолдау қоры» қайырымдылық ұйымы құрылды, оған 2016-2017 жылдары 77 млн.теңге аударылды. Алайда, осы мәселе бойынша Министрлік мониторинг және бақылау жүргізбеді.

Сонымен қатар, тәркіленген контрафактілік тауарды тіркеу, сақтау және жою талаптары сақталмайды.

Мысалы, Павлодар облысы бойынша Әділет департаментінде алынған тауарлар жертөледе, Алматы қаласы бойынша департаментінде – ведомстволық гаражда, қызметкерлердің қызметтік кабинетінде сақталады.

Ведомстволық бақылаудың жоқтығымен қатар, бұл әділет органдары қызметшілерінің құқық бұзушылық әрекеттеріне әкеп соғады.    

Мысалы, Қостанай облыстық сотының аға сот орындаушы тәркіленген алкоголь өнімдерін жою актісінің бұрмалағаны үшін сотталды.

Алматы қаласы Әділет департаментінің зияткерлік меншік бөлімінің қызметкерлері тауар белгілері туралы заңнаманы бұзу бойынша шаралар қолданбағаны үшін тәркіленген контрафактілік тауарлардың бір бөлігі ретінде бірнеше рет пара алғаны үшін сотталды.

Министрліктің жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, жылжымалы мүлік кепілі, жылжымайтын мүлікті және азаматтық хал актілерін мемлекеттік техникалық тексеру саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі қызметі жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерге ұшырайды.

Заңсыз сыйақы үшін жылжымайтын мүлікке құқықтарды жеделдетілген тіркеу фактілері бойынша жыл сайын қылмыстық істер қозғалатынына қарамастан, 2017 жылы және 2018 жылдың 9 айында жоғарыда көрсетілген салаларда тексерулер жүргізілген жоқ.

Сонымен қатар, Министрлікке сот-сараптама қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау, сондай-ақ сот-сараптама саласындағы лицензиялау және пост-лицензиялық бақылау жүктелген.

Қылмыстық істің нәтижесі көбінесе сот-сараптама қызметінің нәтижелеріне тәуелді болғандықтан, ол сыбайлас жемқорлық тәуекелінің жоғары аймағы болып табылады. Бұл туралы заңсыз сыйақы үшін сараптаманың оң қорытындысын беру фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істер куәландырады.    

Көрсетілген проблемаларға қарамастан 2017-2018 жылдары сот-сараптама саласында лицензиялық бақылау жүргізілген жоқ.

Осылайша сала, әділет уәкілетті бақылаушы орган ретінде Министрлік болатын салалар ведомстолық бақылаумен қамтылмайды. Бұл әділет органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауы үшін қолайлы жағдай жасайды.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында Әділет министрлігіне:

Атқарушылық іс жүргізу саласында және сот-сараптама қызметі мен зияткерлік меншік салаларында  

- атқарушылық іс жүргізу рәсімдерін, сот орындаушыларына, сот сарапшылары мен мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарға қатысты мониторинг пен бақылау шараларын автоматтандыру мәселелерін пысықтау;

Тіркеу қызметі саласында

- жылжымайтын мүлікті тіркеу рәсімін жеделдету және нотариаттық палаталар мүшелері жүргізетін тексеру рәсімдерін құқықтық реттеу үшін қосымша төлем рәсімін енгізу.

Талдау қорытындысы бойынша жұмыс тобымен Әділет министрлігінің құзыретіне жататын түрлі салалар бойынша барлығы 49 ұсыныс келісілді және енгізілді.    

Қазіргі уақытта Әділет министрлігімен бірлесіп жұмыс тәртібінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау қорытындылары бойынша ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары пысықталуда.

Бұл ретте, Әділет министрлігіне лауазымды тұлғалардың дербес жауапкершілігін белгілей отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша әзірленген ұсынымдарды орындаудың сапалы мониторингін қамтамасыз ету ұсынылды.

Орналастырылған: 28.01.2019
Жаңартылған: 05.06.2019

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы