скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

2019 жылдың 9 айында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмыстың жай-күйі туралы

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жөніндегі жұмыс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басым бағыттарының бірі ретінде танылды. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке а.ж. 9 айында 18 733 өтініш түсті (2018 жылдың 9 айында – 16 312).

Агенттікке Алматы облысы (1 468) мен Алматы қаласының (1 390) тұрғындарынан өтініштер мен шағымдар көп түскен.

Орталық аппаратта тіркелген өтініштердің жалпы санынан ақпаратты тіркеу кітабына (бұдан әрі - АТК) қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар 1 554 өтініш, ал территориялық департаменттер бойынша АТК-ға 7 168 өтініш енгізілген.

Олардың көбі Түркістан (723), Шығыс-Қазақстан (666), Қарағанды (600) облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы (651) бойынша департаменттермен енгізілген.

Аталған кезеңдегі өтініштердің басым бөлігі әкімдіктердің (2 359), ішкі істер (1 987) және сот органдарының (486) лауазымды тұлғаларына қатысты түскен.

Сонымен қоса, білім беру (802), құрылыс және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық (377), денсаулық сақтау (297), жер қатынастары (292), ауыл шаруашылығы (198), жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау (193) салаларына шағымдардың артуы байқалады.  

Республика бойынша түскен өтініштерді қарау нәтижелері бойынша 2 339 – қанағаттандырылды, 540 – қанағаттандырудан бас тартылды, 6116 – өкілеттілік бойынша басқа мемлекеттік органдарға жолданды, 3327 бойынша – өтініш берушілерге тиісті түсіністемелер берілді, 450 – тиісті материалға қоса тіркелді, 655 – номенклатураға іске жабылды.

Аталған кезеңде Агенттіктің Call-орталығына 5 229 қоңырау түсті, атап айтқанда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы 593 хабарлама, оның 534 АТК-ға енгізілді, 44 – сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізбесіне тіркелді.

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы