скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

2018 жылғы ІІ-тоқсанда Ұлттық бюрода жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмыстың жай-күйі туралы

Ағымдағы жылы ІІ-тоқсанда Ұлттық бюроға және оның аумақтық органдарына 11 463 өтініш келіп түсті (2017 жылдың ұқсас кезеңінде – 10 318, 2016 жылы – 7 519), оның ішінде орталық аппаратқа 3 387 өтініш ( 2 732 – тікелей СЖҚІҰБ, 239 – интернет-ресурстар арқылы, 416 – Агенттік Төрағасының Блог тұғырнамасы арқылы).

Жалпы 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда орталық аппарат бойынша өтініштер саны 34%-ға өсті, жергілікті департаменттер бойынша көлемі бүтіндей сақталған.

Белгіленген кезеңде Ұлттық бюроға шағымдардың ең көп саны Астана (800), Алматы (742) қалаларының және Түркістан (191) облысының тұрғындарынан келіп түсті.

Орталық аппаратта тіркелген өтініштердің жалпы санынан Ұлттық бюроның Ақпаратты есепке алу кітабына (бұдан әрі - АЕК) қылмыстық құқық бұзушылық белгілерімен 1 151 өтініш енгізілді, ал жергілікті департаменттер бойынша АЕК-ке 5 660 өтініш енгізілді. Олардың ең көп санын (Алматы қаласы - 670, Түркістан – 550 және Қарағанды – 462) облыстары бойынша департаменттер енгізген.

Ағымдағы жылы 6 айда ішкі істер органдарының лауазымды тұлғаларына қатысты 1 407 өтініш (2017 жылдың ұқсас кезеңінде – 1 362) келіп түсті, жергілікті атқарушы органдарға қатысты келіп түскені 1 371 (904), білім беру органдары – 390 (509), мемлекеттік кірістер - 283 (170), денсаулық сақтау – 232 (239), сот органдары – 157 (134) және әділет органдары – 195 (186).

Республика бойынша келіп түскен өтініштерді қарау нәтижелері бойынша        1 150 – қанағаттандырылды, 274 – қанағаттандырудан бас тартылды, 1 592 – құзыреттілігі бойынша басқа мемлекеттік органдарға және аумақтық бөлімшелерге қайта жолданды, 1 805 арыз беруші бойынша тиісті түсініктеме берілді, 196 – тиісті материалдарға тігілді, 520 – нарядқа шығарылды.

Саll-орталыққа 11 мыңнан астам қоңырау келіп түсті, олардың 1 630 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құзыретіне тиесілі (сыбайлас жемқорлық фактілері туралы, сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адамдарды көтермелеу тәртібі туралы және т.с.с.).

Келіп түскен телефон хабарламаларының жалпы санынан 138 – АЕК-ке енгізілді, 16 - Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне (СДТБТ) тіркелді, 10 – ведомстволығы бойынша басқа мемлекеттік органдарға жолданды.

Талдау телефон хабарламаларының негізгі бөлігі құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғаларының заңсыз іс-әрекеттеріне келіп түсетіндігін көрсетіп отыр.

 

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы