скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

2018 жылғы 15 қазандағы баяндамалар мен сөйлеген сөздер

Мемлекеттік қызмет департаментінің

директоры Ж.О. Тлеукеновтың

Агенттіктің аппараттық кеңесіндегі

баяндамасының тезистері

 

15.10.2018 ж.

 

«Е-қызмет» жүйесінде мемлекеттік қызмет кадрлары жай-күйінің мониторингі бойынша есептерді қабылдаудың пилоттық апробациясының нәтижесі туралы»

 

Құрметті Әлік Жатқамбайұлы!

Құрметті әріптестер!

 

Мемлекеттік қызмет кадрлары жай-күйінің мониторингін жүргізу Агенттік функцияларының бірі болып табылады.

Статистикалық деректер жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижелерін бағалау, сондай-ақ, адами ресурстарды стратегиялық басқарудың құралы ретінде пайдаланылады.

Бұдан басқа, есептік ақпарат тұрақты түрде Президент Әкімшілігіне жолданады.

Есеп формалары мемлекеттік қызметтің барлық аспектілерін мониторингпен қамтуға мүмкіндік беретін көрсеткіштерден құралады.

Бұрын деректерді жинау және өңдеу тек қана «қол» режимінде жүргізілді. Бұл Агенттіктің орталық аппараты және оның аумақтық бөлімшелерінің тарапынан едәуір еңбек және уақыт ресурстарын талап етті.

Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына жолдауында мемлекеттік органдар заманауи сандық технологияларды пайдалану қажеттігін атап өтті.

Деректерді жинауды автоматтандыру үшін а.ж. «Е-қызметтің» «Аналитика, стандартты және пайдаланушы есептілікті қалыптастыру» бағыныңқы жүйесі жетілдірілді.

Жалпы, бізбен ауқымды жұмыс жүргізілді.

Бағдарламалық қамсыздандыруға қойылатын талаптар анықталды.

Бағыныңқы жүйенің 9 жаңа бизнес-процесі әзірленді.

Олардың әрқайсысына қатынау жүйеде бекітілген рөлдерге сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескере отырып статистикалық есептің нысаны жетілдірілді.

Есеп нысанына болмаған көрсеткіштер қосылды, бөлімдердің құрылымына өзгеріс енгізілді, сондай-ақ, пайдаланушылардың ыңғайлығы үшін тиісті бөлімшелер енгізілді.

Жаңартылған бағыныңқы жүйе келесі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Бірінші. «Е-қызмет» жүйесіндегі деректердің негізінде әрбір мемлекеттік органның бөлінісінде есептерді қалыптастыру.

Бұл процесс Агенттіктің қызметшілері және мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметтері үшін қолжетімді және есептерді кез келген уақыт мерзімі үшін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бұл ретте, жүйе логикалық байланысқан көрсеткіштердің мәнін тексереді және қателер болған жағдайда тиісті хабарламаны көрсетеді.

Екінші. Дайын есепті жүктеу және оны жүйеде конвертациялау.

Бұл процесс Агенттіктің қызметшілері үшін қолжетімді және жүйеде жұмыс жасамайтын мемлекеттік органдардың есептерін жүктеуге мүмкіндік береді.

Файлды жүктегеннен кейін оның басқа есептердің деректерімен ықпалдасуы жүргізіледі. Нәтижесінде біз барлық жүйе бойынша шоғырланған мәліметті аламыз.

Статистикалық есептерді тексеру және қабылдау бекітілген сызба бойынша жүргізіледі. Агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің қызметшілеріне тиісті өңірде орналасқан мемлекеттік органдардың есептері қолжетімді.

 

                                           * * *

Ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап «Е-қызмет» жүйесінде жергілікті атқарушы органдардың есептерін қабылдаудың апробациясы басталды.

Осы жұмысты өңірлерде үйлестіру Агенттіктің аумақтың бөлімшелеріне жүктелді.

Барлығы апробацияға 500 (488) жуық жергілікті деңгейдегі мемлекеттік орган қатысты, соның ішінде:

  • облыстық деңгейде - 295;
  • аудандық (қалалық) деңгейде – 193.

Жалпы, деректерді жинауды автоматтандыру процесі мемлекеттік органдардың тарапынан оң бағаға ие болды.

Осылайша, есепті дайындауға жұмсалатын уақыт 3 күннен 1 сағатқа дейін қысқартылды.

Бұдан басқа, ұсынылатын деректердің ақиқаттығы жоғарылады.

Енді қалыптасқан есептерде әрбір көрсеткіштің астында сандық мәндер ғана емес, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің ТАӘ көрсетіледі.

Мемлекеттік органның кадр қызметкерлерінде бағыныңқы жүйе интерфейсінен тікелей қызметшілердің жеке істерін қарау мүмкіндігі пайда болды.

Агенттіктің қызметкерлерінде мемлекеттік органдардың штат кестесін бөлімшелердің бөлінісінде көру мүмкіндігі пайда болды.

Апробациядан өтіп жатқан бағыныңқы жүйені жетілдіру бекітілген мерзімде аяқталатын болады.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап деректерді автоматтандырылған түрде жинауға көшу жоспарланған.

Бұдан басқа, жүйеде жұмыс жасамайтын мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен «Е-қызмет» ЫАЖ ықпалдастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Сондай-ақ, «Е-қызмет» жүйесіне мемлекеттік қызмет бағыты бойынша өзге есептер де енгізіліп жатыр.

Мемлекеттік органдардағы деректерді жинауды автоматтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар олардың тиімділігінің артуына жәрдемдеседі деп есептейміз.

 

Назарларыңызға рақмет!

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы