скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

2018 жылғы 10 желтоқсандағы баяндамалар және сөйлеген сөздер

«Мемлекеттік қызметтер көрсету

жүйесін жетілдіру бағыты бойынша

жүргізіліп жатқан жұмыс туралы»

МҚКД директоры И.Б.Уйсумбаевтың баяндамасы

2018 жылғы 10 желтоқсан

 

 

Құрметті Алик Жатқамбайұлы!

Құрметті әріптестер!

 

Агенттік мемлекеттік қызметтер жүйесін жетілдіру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдайды.

Бірінші. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы жетілдіру.

Осы саладағы заңнаманы жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар әзірленді, олар «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына түзетулер енгізу бойынша заң жобасында (бұдан әрі – Заң жобасы) ескерілген (мемлекеттік органдармен келісу сатысында, Үкіметке енгізу мерзімі 2019 жылдың қаңтар айы).

Осылайша, әзірлеушісі АКМ болып табылатын Заң жобасы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына 74 түзетулер, оның ішінде 70%(немесе 52) Агенттік ұсынысы бойынша енгізу көзделген.

Заң жобасының жаңа редакциясында «мемлекеттік қызмет» түсінігін кеңейту қарастырылған, бұл мемлекеттік органдардың бюджет қаражатынан қаржыландырылатын қоғамдық-маңызы бар көптеген функцияларын мемлекеттік көрсетілетін қызмет деп тануға мүмкіндік береді.

Анықтама: «мемлекеттік қызмет» түсінігінің жаңа редакциясы – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші және/немесе өтінішісіз бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

Сонымен қатар осы жаңа редакция мемлекет тарапынан ресми дерек көздерден және қызмет алушылардар тек қана растау ала отырып қызмет көрсетуге мүмкіндік береді, бұл азаматтардың қанағаттану деңгейін арттырады.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін реттейтін жекеленген құқықтық актілер арасындағы коллизияларды жою мақсатында мемлекеттік қызметтің бірыңғай стандартын енгізу бойынша Агенттіктің ұсынысы да аталған Заң жобасында ескерілді.

Енді мемлекеттік органның бұйрығымен салалық қағидаларды, стандарттар мен регламенттерді қабылдаудың орнына мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін реттейтін бір ғана нормативті-құқықтық акт қабылданады.

Агенттік «жасырын» қызметтерді анықтау бойынша жұмыстың бастамашысы екенін атап өткен жөн. 2015 жылдан бастап Тізілімге 170 «жаңа» қызмет енгізілді, оның ішінде 77 немесе 45% Агенттік ұсынысы бойынша.

Осыған байланысты, Заң жобасыда Агенттікті Мемлекеттік қызметтер тізілімін келісу бойынша құзырет көзделген.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша жедел шаралар қабылдау үшін Агенттік қызмет көрсетушілердің қызмет алушылардың өтініштерін сапалы және уақтылы қарастырылуын бақылау бойынша құзырет берілетін болады.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыруды қамтамасыз ету мақсатында Мемлекет басшысы 5 қазандағы Жолдауында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңды жаңартуды тездету қажеттілігін атап өтті.

Осыған байланысты, аталған тапсырма шеңберінде Агенттік мүдделі мемлекеттік органдарға мына құзыреттерді беру ұсынды:

1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органды мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру бөлігіндегі қызметті үйлестіру бойынша;

2) орталық мемлекеттік органдарды Тізілімге енгізілген қызметті электрондық форматқа ауыстыру бойынша шаралар қабылдау бойынша;

3) қызмет берушілерді қызмет көрсетумен байланысты деректерді цифрландыру және оларды деректер қорына енгізу бойынша.

Бұл уәкілетті органдардың жауапкершілігін күшейтеді және қызметтерді электрондық форматқа ауыстыруды жылдамдатады. Осы ұсыныстар да Заң жобасына енгізілген.

Екінші. Мемлекеттік қызметтерді көрсету бизнес-процесстерін реинжинирингілеу.

Бизнесті дамыту үшін оңтайлы жағдайлар жасау мақсатында көп таралған пайдалы қазбалар (бұдан әрі – қазбалар) өндіруге лицензия алу және фармацевтика саласының бизнес-процестеріне талдау жүргізілді.

Талдау барысында қазбаларға лицензия алудан бұрын 17 кезеңнен өту керектігі, ол кезеңдер мемлекеттік органдарға 27 рет баруды, керекті құжаттарды жасайтын қосымша 9 ұйымдар қажет екені анықталды. Сонымен қатар, жалпы қызмет көрсету уақыты 5 жыл және 12 млн. теңгеден астам қаражат жұмсау қажет.

Сонымен бірге, лицензия немесе жер участкесін алу гарантиясы жоқ, бұл белгілі бір қатерлер тудырады және кәсіпкерлерді «көлеңкеге» кетіп, қазбаларды заңсыз алуға мәжбүрлейді.

Талдау нәтижесі бойынша осы бизнес-процесті оңтайландыру мүмкіндігі туралы тәсілдер жасалды, олар Үкіметке енгізілді.

Премьер-Министрдің орынбасары жүргізілген талдау бойынша оң баға берілді және Агенттікке инвестициялар және даму, ауыл шаруашылығы, энергетика министрліктерімен бірлесіп ұсынылған тәсілдерді пысықтау тапсырылды.

Мүдделі мемлекеттік органдармен кезеңдерін қысқарту және бірнеше қызметтерді «бір өтініш» негізінде композитті түрде көрсету мәселелері пысықталды, мерзімдері 5 жылдан 1 жыл 8 айға дейін қысқартылды, ал мемлекеттік органдарға жүгіну екі есеге азайды, және тек онлайн режимде.

Осындай талдау дәріхана ашу бойынша да жүргізілді, бұнда фармацевтикалық қызметке лицензия алудан бұрын кәсіпкер қосымша тағы 3 қызмет алу қажеттілігі анықталды: жылжымайтын мүлікті тіркеу, заңды тұлға ретінде тіркеуден өту, үй-жайды дәріханаға қайта жобалау үшін рұқсат алу, нәтижесінде бұл кем дегенде 4 ай мерзімді алады.

Аталған процедураларды оңтайландыру мақсатында Агенттік денсаулық сақтау, инвестиция және даму министрліктерімен және Мемлекеттік корпорациямен бірлесіп қызметі бір өтінішпен алу арқылы кезеңдерді қысқарту мәселелері пысықталған.

Осылайша, қызмет алушылардың заңды тұлғаны тіркеу және фармацевтикалық қызметке лицензия беру өтініштерін бір мезетте қарастыру келесі жылдан бастап жүзеге асырылатын болады, ал қайта жабдықтау және оны тіркеу бойынша композитті түрде қызмет көрсету жасалынып жатқан Ұлттық геоақпараттық жүйе шеңберінде көрсетіледі.

 

Үшінші. Электронды мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту.

Бүгін электрондық тәсілмен Тізілімнің 62% (немесе 741 қызметтің 462 түрі) қызметі қолжетімді.

Жыл басынан бері электрондық нысанда көрсетілген қызметтер көлемі 63% (70 млн. астам) құрады, «бір терезе» қағидасы бойынша 20% (20 млн.).

ВАК шеңберінде қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша 546 (73,7%) Жол карталары бекітілді, олар 152 интеграциялық қарым-қатынасты және 132 қызметті «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетуге ауыстыру көздейді.

Бүгін жалпы жоспарланған интеграция санынан мемлекеттік органдар 51(34%) ведомствоаралық интеграция жүзеге асырылған.

Сонымен қатар, интеграция процедураларын жеңілдету, мемлекеттік органдардың бизнеспен араласуды және бәсекелестік ортаны дамыту мақсатында «Smart Bridge»(Эстония и Великобритания тәжірибесі)бірыңғай платформасын құру жоспарлануда, ол барлық бейтарап жүйелерді және мемлекеттік органдардың деректер қорын бір бірімен байланыстыруға, ішкі және сыртқы жүйелер үшін деректердік толықтығын бақылауға мүмкіндік береді.

2019 жылдан бастап (Великобритания тәжірибесі)биометрикалық деректер негізінде мемлекеттік қызметтер алу бойынша жаңа технологиялар енгізілетін болады, бұл қызметтерді кез-келген жерде және кез-келген уақытта алуға мүмкіндік береді.

 

Төртінші. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша азаматтармен кері байланыс.

Ағымдағы жылы Агенттіктің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша қоғамдық мониторингті «Сандж» зерттеу орталығы әлеуметтік-маңызы бар, сұранысқа ие 60 қызмет бойынша өткізді. 2018 жылы қызмет көрсету сапасымен қанағаттану деңгейі 72,4% құрады.

Сіздің тапсырмаңызға сәйкес қоғамдық мониторинг нәтижесі 30 қарашада барлық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдау үшін таныстырылды.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша азаматтармен қолма-қол кері байланысты орнату үшін 1 қарашадан бастап тест режимінде «Цифрлық агент» мобильді қосымшасы қосылды.

Қосылу уақытынан бастап 1 085 жүктеулер, қызмет көрсету сапасы бойынша 446 бағаларқойылды, оның ішінде «5» 290 рет, «4» - 63, «1»-ден «3»-ке дейін - 93.

Анықтама: ең көп баға Ақмола – 98, Павлодар – 89, Ақтөбе – 47, Алматы – 35 облыстарында және Алматы қаласында – 35.

Бүгінгі күні қосымша Android операциялық жүйесінің Playmarket және IOS үшін Appstore-де қолжетімді.

Желтоқсан ортасына қарай еңбек және әлеуметтік қорғау және қаржы министрліктерінің қызметтерін де қосу жоспарда бар (мобильді қосымшаға ақпаратты енгізу үшін Еңбекмині және Қаржымині қызметтер тізбесін, қызмет көрсетушілердің мекен-жайларын туралы ақпарат әзірленуде, республика бойынша шағымдарды қарауға жауапты тұлғалар тағайындалуда).

Мобильді қосымша арқылы бағалау жүйесіне жергілікті атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдардың қызметтерін қосу бойынша жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасатын болады.

Қосымшаны танымал ету мақсатында жарнама әзірленді, онда Playmarket және Appstore арқылы «Цифрлық агентті» жүктеуге арналған QR коды бейнеленген. Жарнаманың ХҚКО және Мамандандырылған ХҚКО тарату үшін Агенттіктің аумақтық департаменттеріне жолданды.

 

Департамент мемлекеттік қызметте көрсету жүйесін жетілдіру және олардың сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдайтын болады.

Баяндама аяқталды.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы