скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

2018 жылғы 1 жартыжылдықтағы атқарылған жұмыс туралы ақпарат

Қоғамда сыбайлас жемқорлықты жалпы қабылдамауды қалыптастыру мақсатында, Агенттік және аумақтық департаменттер бірлесе әртүрлі мақсатты топтар арасында тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Есепті кезеңде 2 миллионнан астам адамның қатысуымен 47 700 мекемеге, оның ішінде 580 шетелдік компанияға дәрістер өткізілді. Мұндай ауқым еліміздің барлық өңірлерінде жұмыс істейтін жемқорлыққа қарсы мобильді топтарды тарту арқылы қамтамасыз етілді. Осындай іс-шаралар барысында мобильді топтарға 207 өтініш келіп түсті.

Мемлекеттік қызмет органдары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың 20 жылдығына орай 7,2 мың білім беру ұйымында 86,5 студенттер мен білім алушыларға тиісті тақырыптарға бірыңғай сағаттар өткізілді. 

Осындай түсіндіру жұмыстарының тиімділігінің дәлелі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске оқушылардың белсенді түрде қатысуы болды. Осылайша, өткен оқу жылында «Адал ұрпақ» клубтары 23 мыңнан астам іс-шаралар ұйымдастырды.

Сонымен қатар, алдағы оқу жылына «Адал ұрпақ» клубтарының басымдықтарын анықтау және оларға әдістемелік сүйемелдеу жүргізу мақсатында 3,9 мың мектептің тәлімгерлерімен кездесулер өткізілді.

Сондай-ақ, 4 мыңнан астам мектептің 40 мыңға жуық ата-аналары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, студенттер арасындағы жұмысқа ерекше көңіл бөлінеді.

Қарағанды және Ақтөбе облыстарының тәжірибесі бойынша өзге де өңірлерде жас мемлекеттік қызметкерлер үшін мектептерді ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аталған мектептердің шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы МБА филиалдарында қысқа мерзімді оқулар өткізу және мемлекеттік органдарда тәжірибе алмасу жоспарланып отыр, бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметтің тартымдылығына оң әсерін тигізеді және студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыруға ықпал етеді.

Ғаламтордың әлеуетін де пайдалану қолға алынған. Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділікті қалыптастыру мақсатында 94 вайн дайындалып, әлеуметтік желілерде жарты миллионға жуық қаралымға ие болды. Сондай-ақ, 1,4 әлеуметтік сұхбат түсірілді. Онда қарапайым азаматтар сыбайлас жемқорлық туралы өз пікірлерін ашық айтуға мүмкіндігі болды.

Сонымен қатар Агенттіктің алаңында «Сыбайлас жемқорлықты жалпыға бірдей қабылдамау» идеясы астында күш-жігерді біріктіру мақсатында бірқатар ұйымдастырушылық іс-шаралар өткізілді:

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша II Республикалық кәсіпкерлер форумы;

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық бастамалардың II Конгресі;

- қылмыстық атқару жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қорытындысына арналған дөңгелек үстел отырысы;

- «Қазақстан Республикасындағы инвестициялық климат: Инвестициялық омбудсмен институты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес механизмдері» тақырыбындағы Халықаралық бизнес-форум;

- «Руханият пен адамгершілік сыбайлас жемқорлыққа жаппай төзбеушілікті қалыптастыруда» дөңгелек үстелі.

Жоғарыда аталған іс-шаралар еліміздің өзге де өңірлерінде  ұйымдастырылды. Облыстық деңгейде 174 форумдар мен конференциялар, сондай-ақ 882 дөңгелек үстел отырыстары өткізілді.

Агенттіктің сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жұмыстары аясында 2018 жылдың басынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жобаларды басқару процесі басталды.

Дербес үш тәуелсіз жоба кеңсесі ашылды:

Астана – Адалдық алаңы – тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты азайтуға, халықтың билікке деген сенімін арттыруға бағытталған;

Protecting Business and Investments - инвесторлар мен кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қолдауға, қорғауға бағытталған;

Саналы ұрпақ - еліміздің білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тартуды қалыптастыруға бағытталған.

Осылайша, «Астана – адалдық алаңы» жобалық офисі алаңында қоғам өкілдерінен тұратын сараптама тобы құрылып, олар жобаны белсенді түрде сүйемелдеу жүргізіп, атқарылған жұмыстарға  жариялы түрде бағалау жасауда.

Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғаудың ақпараттық базаларын сәйкестендіру жұмыстары жүргізілді. Базалардың жетілдірілуі еліміз бойынша 2,5 млн.-нан астам қызмет алушы үшін әлеуметтік қорғау саласындағы барлық мемлекеттік қызмет түрлерінің жедел және сапалы көрсетілуіне игі ықпал етті, жұмыс берушілердің шетелдік жұмысшы күштерін тарту бойынша қызметтерді  басқарма қызметкерлерімен тікелей байланыссыз алуына мүмкіндік берді.

Ағымдағы жылдың 11 сәуірде Агенттік пен сыртқы істер, инвестициялар және даму министрліктері арасында қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру және инвесторлардың мемлекеттік билікке деген сенімін арттыру үшін ынтымақтастықты дамыту туралы меморандумға қол қойылды.

8 маусымда Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы Инвесторларға қызмет көрсету орталығының алаңшасында Жобалық офис ашылды, Жобаны жүзеге асыруға жауапты тұлғалар бекітілді, барлық өңірлерде фронт-кеңселер құрылды.

Жоба аясында бизнесті құқықтық қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылықты арттыру, қоғамдық бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы озық профилактикалық механизмдерді жүзеге асыру, бизнес-процестерді оңтайландыру және регуляторлық ықпал ету бойынша іс-шаралар қарастырылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу бизнесмендер мен инвесторлардың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге қосылуы аясында жүзеге аспақ. Мұндағы жалғыз шарт – бизнесті адал жүргізуге келісу және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «нөлдік төзімділік» болмақ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жобасын түсіндіру бойынша бизнес қауымдастығымен 29 кездесу ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылдың 18 сәуірінде болған ресми ашылу сәтінен бастап пилоттық оқу орындары анықталды: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Алматы құрылыс және халықтық кәсіптер колледжі, Алматы мемлекеттік бизнес колледжі, Алматы сән және дизайн колледжі, №27 және 138 мектептер.

Жұмыс жоспарына сәйкес, 36 кездесу, 30 дөңгелек үстел, флэшмоб түріндегі 18 акция өткізілді. Оның ішінде, 350 адамды (ҚазМСҚА, ҚР ІІМ академиясы, ҚазҰАУ, Құрманғазы атындағы ҚазҰӨА, Еуразия заң академиясы өкілдерін) қамтыған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері: мәселелер мен жетістіктер» тақырыбында жоғары оқу орындары арасындағы конференция ұйымдастырылды.

Алматы қаласының барлық жоғарғы және орта оқу орындарында «Sanaly urpaq» студент клубтары құрылды, «Sanaly urpaq» студент клубтарының және жоғарғы оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның Типтік қағидалары әзірленді.

Пилоттық білім беру ұйымдарында өгеріс кеңселері ашылып, парасатты оқытушылар мен мұғалімдер арасынан трансформациялық өзгеріс идеяларын ілгері жылжытатын өзгеріс елшілері таңдап алынды.

Жобалық кеңсенің бастамасымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Әлеуметтік зерттеулер және әлеуметтік инжиниринг орталығы 2 колледж бен 2 мектепте әлеуметтік саулнама жүргізді.

Сынақтан өткізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мониторингі жүйесі сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексін студенттер мен мұғалімдер тұрғысынан анықтауға мүмкіндік береді. Ол мұғалімдердің корпоративтік мәдениет кодексі нормаларына және кәсіби құндылықтарға, білім беру үдерісіндегі ашықтық дәрежесіне, академиялық жетістіктер мен академиялық адалдықты бағалаудың объективтілігіне, көрсетілетін қызметтер сапасына қанағаттану дәрежесіне және университеттік ортадағы адепсіз тәжірибелердің таралуына сәйкестігі сияқты маңызды параметрлерді бағалауды қамтиды.

Кең ауқымды зерттеу нәтижелері бойынша факультеттер мен кафедралардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы рейтингі жасалды, оның нәтижелері ҚазҰУ Ғылыми Кеңесінің отырысында кеңінен талқыланды.

Агенттіктің бастауымен аймақтық арнайы мониторингтік топтарды тарта отырып, еліміздің барлық өңірлерінде қоғамдық мониторинг жүргізілді.

Іс-шаралар «құпия сатып алушы» әдісімен өткізіліп, билеттер үшін жасанды жетіспеушіліктің пайда болу делдалдардың - «көмекшілер» мен екінші сатылымдағы делдалдардың қатысу фактісі анықталды.

Атқарған жұмысының қорытындысы бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК »АҚ басшылығы Агенттіктің теміржол көлігі саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және олардың жойылуына қатысты ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жобалық офисті (жұмыс атауы -« Адал жол ») құру туралы бастаманы қолдады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау

Агенттікпен орталық және өңірлік деңгейлерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тұрақты негізде талдау жүргізіледі.

Осылайша, ағымдағы жылдың алты айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдардың 139-ға жуық субъектілердің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 1061 ұсыным енгізілді. Сонымен бірге олардың орындалу үлесі 77% (817) құрады.

Жоғарыда аталған талдау нәтижелері бойынша негізгі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды:

  • қызметтің төмен ашықтығы;

  • дискрециалық өкілеттіктер;

  • мемлекеттік органдардың функцияларын жүзеге асыру тәртібінің жеткіліксіз регламенттелуі;

<>-бекітілген стандарттар мен регламенттерге мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерінің нақты сәйкессіздігі.

Мысалы, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу кезінде Қостанай облысының Жітіқара ауданында «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 78-бабын бұза отырып, күту тізімдерінің тізбесінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорында жергілікті атқарушы орган жалдаған үйден тұрғын үй алу үшін уақытша тіркеу туралы ақпарат жоқтығы анықталды.

Күту тізімдері жазбаша түрде журналда қалыптастырылды. Сонымен қатар, журналдың нысаны және оны өткізу тәртібі, соның ішінде, басымдықты бұзғаны үшін жауапкершілік реттелмеген.

Өз кезегінде бұл тізімге көптеген түзетулер енгізуге мүмкіндік берді.

Талдау нәтижелері бойынша Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына жоғарыда аталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша тиісті ұсыныстар енгізілді.

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы