скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

2018 жылдың 1 жартыжылдығында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама және қызметтік әдеп нормаларының сақталуына тексеру нәтижелері туралы ақпарат

2018 жылдың 1 жартыжылдықта мемлекеттік қызмет туралы және Әдеп кодексі талаптарының сақталуы мәселесі бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда 594 тексеру жүргізілді.

Жүргізілген тексерулердің қорытындылары бойынша 7751 мемлекеттік қызмет туралы және қызметтік әдепті бұзылу фактілері анықталды.

Анықталған заң бұзушылықтардың жалпы санынан 1798 – мемлекеттік қызметшілердің жыл сайынғы жұмысын бағалау, 840 – конкурс өткізудің қағидаларының талаптары, 524 – тәртіптік жаза қолдану қағидалары және 4589 – басқа да мемлекеттiк қызмет және қызметтің әдеп саласындағы заңнама талаптарының бұзылуымен байланысты болған.

Тексеру қорытындылары бойынша, барлығы 354 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде: 7 – қызметтен босатылған, 3 – лауазымынан төмендеткен, 15 - қызметіне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту, 33 – қатаң сөгіс, 134 – сөгіс, 162 - ескерту.

Анықталған бұзушылықтардың 1458 жойылды (жоюға келетіндердің ішінен) және мемлекеттік органдардың 46 заңсыз шешімдер және актілер бұзылды.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы