скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

2018 жылдың 1-тоқсанына Ұлттық бюрода жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмыстың жай-күйі туралы

Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты жолдауында қоғамның құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру басым бағыттардың бірі болып көрсетілген.

Осыған байланысты, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте арыздардың сапалы және уақытылы қаралуының маңыздылығын түсіне отырып, өтініштерді қарау мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді.

Ұлттық бюроның Ақпаратты есепке алу кітабына (бұдан әрі - АЕК) енгізудің қажеттілігі, сондай-ақ оларды қараудың ішкі мерзімін белгілеу тұрғысынан процестік офицерлерлердің барлық өтініштерді алдын-ала зерделеу тәжірибесі бар.

Құрылымдық бөлімшелерге алдын ала еске салу жолдана отырып және сапалы баяндама енгізу талап етіле отырып, Агенттік Төрағасы және Ұлттық бюро Басшысының бақылауындағы өтініштер ерекше қадағаланады. Осындай өтініштер түпкілікті жауап болғанда ғана бақылаудан шешіледі.

 

Ағымдағы жылдың 1-тоқсанында Ұлттық бюро және оның аумақтық органдарына 5 730 өтініш келіп түсті (2017 жылдың ұқсас кезеңінде – 4 936, 2016 жылы – 4 878), оның ішінде орталық аппаратқа 1 922 өтініш (1 597 – тікелей СЖҚІҰБ, 103 – интернет ресурстары арқылы, 222 – Агенттік Төрағасының Блог платформасы арқылы).

Статистикалық мәліметтерге сәйкес өтініштердің көлемі бойынша жыл сайынғы өсу динамикасы байқалады, негізінен орталық аппарат бойынша (Агенттіктің өтініштерді интернет ресурстар арқылы ұсыну мүмкіндігінің ашықтығы есебінен осындай жағдай туындап отыр деп сенеміз).

Жалпы, 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда республика бойынша өсу 16 %-ды құрады, орталық аппарат бойынша - 20%.

Белгіленген кезеңде Ұлттық бюроға шағымдардың ең көп саны Астана (340), Алматы (353) қалаларының, сондай-ақ Алматы (84), Қарағанды (82) және Оңтүстік Қазақстан (55) облыстарының тұрғындарынан келіп түсті.

Орталық аппаратта тіркелген өтініштердің жалпы санынан АЕК-ке қылмыстық құқық бұзушылық белгілерімен 498 өтініш енгізілді, ал республика бойынша АЕК-ке 2 121 өтініш енгізілді. Олардың ең көп санын Алматы (есепке алынған өтініштердің 44 %), Оңтүстік Қазақстан (60 %) облыстары және Алматы қаласы бойынша (54%) департаменттер енгізген.

Әрбір екінші өтініш мемлекеттік қызметкерлерге қатысты келіп түсті.

Осылайша, ағымдағы жылдың 3 айына ішкі істер органдарының лауазымды тұлғаларына қатысты 679 өтініш (2017 жылдың ұқсас кезеңінде - 625) келіп түсті, жергілікті атқарушы органдарға қатысты келіп түскені 494 (404), білім беру органдары – 189 (207), мемлекеттік кірістер - 136 (75), денсаулық сақтау – 131 (116), сот органдары – 94 (80) және әділет органдары – 79 (102).

Республика бойынша келіп түскен өтініштерді қарау қорытындылары бойынша 413 – қанағаттандырылды, 108 – қанағаттандырудан бас тартылды, 891 – құзыреттілігі бойынша басқа мемлекеттік органдарға және аумақтық бөлімшелерге қайта жолданды, 20 – мәліметке алынды, 713 арыз беруші бойынша тиісті түсініктеме берілді, 115 – тиісті материалдарға тігілді, 132 – нарядқа шығарылды.

Саll-орталыққа 5 мыңнан астам қоңырау келіп түсті, олардың 939 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құзыретіне жатады (сыбайлас жемқорлық фактілері туралы, сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адамдарды көтермелеу тәртібі туралы және т.б.).

Келіп түскен телефон хабарлмаларының жалпы санынан 60 – АЕК-ке енгізілді, 5 - Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне (СДТБТ) тіркелді, 10 – ведомстволығы бойынша басқа мемлекеттік органдарға жолданды.

Талдау телефон хабарламаларының негізгі бөлігі құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғаларының заңсыз іс-әрекеттеріне келіп түсетіндігін көрсетіп отыр.

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы