скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

2017 жылғы мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласындағы тексеру нәтижелері туралы

2017 жылы 929 тексеру жүргізілген (ішінара– 343 (37%), жоспардан тыс – 586 (63%).

370 мыңға жуық бұзушылықтар анықталды. Ең көп таралғандар:

- артық құжаттарды талап ету (51,6% немесе 191 мың дерек);

- құжаттардың толық пакеті болмаған кезде қызмет көрсету (33% немесе 121,4 мың дерек);

- мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдерін бұзу (9,4% немесе 35 мың дерек);

- мемлекеттік қызмет көрсету шарттарын бұзу (0,83% немесе 3,1 мың дерек);

- басқа да заң бұзушылықтар (4,8% немесе 18 мың дерек).

Еңбекті қорғау, халықты әлеуметтік қорғау (144 мың немесе 39%), ауыл шаруашылығы (120,5 мың немесе 32,5%), отбасылар мен балалар (21,9 мың немесе 6%), жеке тұлғалар мен азаматтарды тіркеу (17 мың немесе 4,5%), сәулет және қала құрылысы (17 мың немесе 4,5%), білім және ғылым (17 мың немесе 4,5%).

Тексерулер нәтижесінде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 465 тармағына сәйкес 201 әкімшілік іс қозғалды. Соттармен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 130 хаттаманы қолдады, 20 іс сотта қарау сатысында. Бюджетке 9,9 миллионнан астам теңге түсті.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамдардың 73% -і (66) басқарушылық лауазымдарға ие.

Талдау мемлекеттік органдармен 17 лицензия беру рәсіміне және 149 рұқсат беру тәртіптері сақталмағандығын көрсетті.

Жалпы алғанда, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 587 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 1 477 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді.

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы