скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

2017 жылғы атқарылған жұмыс туралы ақпарат

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты өзінің Жолдауында Мемлекет басшысы жемқорлыққа қарсы күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсенді қатысуына байланысты екенін атап өтті.

Азаматтық қоғам институттары мен мемлекет арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзара іс-қимылдың қажетті шарты мемлекеттік органдардың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету болып табылады.

Осыған байланысты Агенттік қоғам мен мемлекет арасындағы серіктестіктің оңтайлы үлгілерін іздестіру мен барынша ашық болу саясатын қабылдады.

2017 жылғы маңызды оқиға – алғаш рет өткізілген Азаматтық сектор, кәсіподақтар, этномәдени және басқа да азаматтық қоғамның басқа институттарының өкілдерін біріктірген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Азаматтық бастамалар конгресі болды.

Агенттік жоғары оқу орындары қауымдастығымен, Қазақстан халықтар Ассамблеясымен, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясымен, діни конфессиялармен серіктестік қарым-қатынастарды орнатты және көптеген бірлескен жобаларды жүзеге асыруға кірісті.

Конгресс аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыға бірдей қабылдамауды қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды жүзеге асыруға қоғамды тарту бойынша жаңа тәсілдер ұсынылды.

Конгрестің қатысушылары ұсынған бастамалар қатарында «Жасырын сатып алушы» әдісімен «қоғамдық аудит» жобасы, мемлекеттік қызметтегі мүдделер шиеленісін қарау, мемлекеттік сатып алулардың қоғамдық мониторингі, «Жолдардағы жемқорлықты азайту бойынша 10 қадам» жобасы болды.

Өздеріңіз білетіндей, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы халықтың мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейіне әсер етеді, сондықтан осы процеске қоғамдастықты кеңінен тарту арқылы мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қол жетімділігіне үнемі мониторинг жүргізу қажеттілігі туындайды.

Мәселен, 2017 жылы «Жасырын сатып алушы» әдісімен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына азаматтық бақылау жүзеге асырылды.

Жобаны іске асыру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсететін әртүрлі ұйымдарға 718 рет бару жүзеге асырылды.

Нәтижесінде 758 заң бұзушылық анықталды, соның ішінде: заңсыз сыйақы («помогайки») үшін делдалдық қызмет көрсету, үлкен кезектер, бюрократиялық кедергілер, жұмыс кестесін сақтамау, қате кеңес беру фактілері, қызмет көрсету тәртібі туралы сенімсіз ақпаратты жариялау, күту залдарының жарақталмауы, пандустардың жоқтығы және т.б.

Анықталған кемшіліктерді жою үшін Агенттік барлық ұйымдарға тиісті ұсынымдар жолдады, сондай-ақ олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырды.

Қазақстан Кәсіподақтар федерациясымен бірге «Парасыз болашаққа. Бірге!» атты ауқымды акциясы жүзеге асырылды. Акция шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтар жұмыс істей бастады, олар азаматтарды қабылдауды жүргізіп, еңбек ұжымдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бүгінгі күні 1075 сапар жасалды, 3344 еңбек ұжымы немесе 460 мыңға жуық адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауат ашумен қамтылды және де 237 жазбаша өтініштер келіп түсті.

Мониторинг нәтижелері бойынша (сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, мемлекеттік органдардың және мекемелердің қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын және жеке деректерін зерттеу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдау, жоспарлы тексерулер) мүдделер шиеленісінің 153 фактісі анықталды.

Осы фактілерден мүдделер шиеленісі келесі бағыттар бойынша анықталады: жұмыспен қамту немесе бірлескен жұмыс - 133, мемлекеттік сатып алу (конкурстық комиссияға қатысу немесе жақын туыстарының қатысуы) - 7, тәртіптік санкцияларды қолдану (мүдделі тұлғаның ресми тексеру жүргізуі) – 4, сыйақы (жақын туыстарына артықшылық беру) - 3, жер қатынастары (жер комиссияларында қатысуы) - 2, тұрғын үй қатынастары (тұрғын үй комиссияларында болу) - 2, ауыл шаруашылығы (жануарлар ауруларын диагностикалық бағалау жөніндегі комиссияда болу) – 2.

Өңірлердегі қоғамдық бақылаудың негізгі бағыттарының бірі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Медиа Орталығы» бастамасымен іске асырылған «Жолдардағы жемқорлықты азайтудың 10 қадамы» жобасы болды.

Жобаның негізгі мақсаты жол қозғалысына қатысушылардың жол полициясы, көлік инспекциясы және кеден органдарымен қарым-қатынасындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және азайту болып табылады. Ол үшін автокөлік иелерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы талаптарын, Агенттіктің 1424 байланыс орталығына хабарласу тәртібі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді, онымен қатар ақпараттық парақтар таратылды.

Сонымен қатар, жобаның шеңберінде тұрақты негізде ресми этиканың ережелерін бұзуды болдырмау үшін мемлекеттік қызметшілердің ресми көлік құралдарын пайдалану – қызмет этикасы қағидаларын бұзушылықтардың алдын-алу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілді.

Бүгінгі күні Қазақстанда жемқорлыққа қарсы заңнаманың дамуына елеулі үлес қосатын, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру бойынша жоспарларды жүзеге асыру бойынша мониторинг топтарына қатысатын, жұмыс топтарына және консультативтік-кеңес органдарға белсенді қатысатын азаматтық қоғамының белсенді өкілдерінің тобы қалыптасқанын сеніммен айта аламыз.

2018-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша жоспарды әзірлеу азаматтық қоғамды біріктірудің жарқын үлгісі болды.

Республика бойынша 70-тен астам дөңгелек үстел мен басқа да іс-шаралар өткізілді, онда азаматтық институттардың, академиялық қоғамдастық өкілдерінің және басқа да қызығушылық танытқан тұлғалардың қатысуымен жаңа үш жылдық жоспар талқыланды.

Елдің әрбір азаматы Жоспар жобасына енгізу үшін шаралар ұсынып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өз үлестерін қосуға мүмкіндік алды. Жүргізілген іс-шаралардың шеңберінде жоспар жобасына бес жүзден астам ұсыныс берілді.

Көрсетілген жұмыстың нәтижелері жаңартылған форматта орын алған «Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы: мемлекет пен қоғамның күшжігерін біріктіру» қоғамдық тыңдауларында жинақталған.

Социологиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша соңғы бірнеше жылда азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенділігі арта түсті. Мысалы, 2017 жылы сауалнамаға қатысқандардың 55,5%-і сыбайлас жемқорлықты азайтуды қолдауға дайын екендіктерін мәлімдеді, 2016 жылы бұл көрсеткіш 53,1% болған.

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзімсіздік атмосферасын құру және қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі бағыттарының бірі.

Бүгінгі күні елімізде жемқорлыққа қарсы білім беру және тәрбиелеудің ұтымды үйлесіміне негізделген жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың институционалдық және құқықтық негіздері құрылған.

Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тұрақты дағдыларын қалыптастыру және құқықтық мәдениет деңгейін көтеру міндеттерін шешу үшін білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде жемқорлыққа қарсы тәрбие бағдарламалары жүзеге асырылады.

Мысалы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асырудың ақпараттық фокусында мектепке дейінгі білім беру мекемелері бар. Тұрақты түрде балалардың суреттер, мүсіндер, шығармалар байқаулары Қазақстанның барлық өңірлерінде өткізіледі. Ең үздік жұмыстар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ғимаратында өткізілетін көрмеге іріктеліп алынады.

Мектептегі ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында оқушылардың тәрбие жұмысының тұжырымдамасы бекітілген, оның негізінде 800 мың оқушыны біріктіретін Республиканың барлық мектептерінде еріктілердің «Адал Ұрпақ» клубы құрылды. Бүгінгі күні осы клубтарда 23 мыңнан астам сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар өткізілді.

Студенттік жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие беруді жүзеге асыру жалғасуда. Оқыту шеңберінде студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени және моральдық-этикалық аспектілерін, сондай-ақ жемқорлықтың мәнін түсінуге көмектеседі.

Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу идеясын ұғынған көптеген студенттер өздерінің ғылыми мақалаларын жазу үшін сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәселелермен байланысты тақырыптарды таңдайды.

Алғаш рет мәдениет мекемелері, мұражайлар, театрлар, кітапханалар, көрмелер мен көркем галереялар, сондай-ақ білім беру ұйымдары адалдық, инабаттылық және қиянатқа бармау қағидаттарының белсенді жетекшілері (өзгерістер агенттері) ретінде әрекет етті.

Мәселен, мәдени мекемелердегі азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беруі үшін тиісті әдебиет пен өнер туындыларының арнайы бұрыштары, театр қойылымдары, кітапханаларда кітап көрмесі ұйымдастырылады және т.б.

Бұл азаматтардың жемқорлыққа қарсы білім беруі үшін қолайлы білім беру және мәдени ортаны құруға мүмкіндік берді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда Агенттіктің қамқорлығымен ақпараттық және білім беру жобалары, «Адал Бол», «Университеттен университетке дейін», «Антивзятка» және т.б ақпараттық-білім беру жобалары маңызды рөл атқарады. Олардың барлығы бір мақсатқа ұмтылады - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте еліміздің ең үлкен мүмкіншілігінің санын күшейту, тұрақты иммунитетті дамыту және сыбайлас жемқорлық көріністерін жалпы қабылдамау.

Жоғары оқу орны қауымдастығығының академиялық адалдық пеннөлдік төзімділік қағидаттарын алға жылжытудағы күш-жігерін біріктіру үшін елдің 50-ден астам жетекші жоғары оқу орындарының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы телекөпір өткізілді.

Телекөпірдің қорытындысы бойынша «Адал Бол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы эстафета басталды, оның шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарға студенттер сюжет түсіріп, кейін Интернеттегі желілерде бейнероликтер таратқан.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы эстафета студенттер арасында танымал болды және жылдың соңында еліміздің барлық жоғары оқу орындарын қамтыды.

«Адалдық алаңы» сайтының іске қосылуы арқасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды, білім беру, шығармашылық бағыттарды, бейне материалдарды және жоспарланған іс-шаралар туралы ақпаратты таба алатын білім беру алаңы құрылды. Сайтта «Азаматтық қоғаммен келісім», «Құрмет және этика» сияқты бірегей беттер бар.

Мұның барлығы мемлекеттік қызметшілердің, кәсіпкерлердің және басқа салалардың қызметкерлерінің этикалық тәрбиесіне бағытталған.

Қазақстандық блоггерлер альянсымен бірге Facebook әлеуметтік желісінде «#АНТИВЗЯТКА» флешмобы өткізілді, оны өткізу барысында балаларға жемқорлықтың қоғамға қандай қатер тигізетіні және оған қалай қарсы тұратыны түсіндірілді. Акцияны еліміздің барлық өңірлерінен әлеуметтік желілердің 15 мыңнан астам қолданушылары қолдады, олардың арасында танымал теле жүргізушілер, спортшылар, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, сондай-ақ мемлекеттік ұйымдардың өкілдері бар.

Сыбайлас жемқорлықты жалпы қабылдамауды қалыптастыруда маңызды рөл жастардың рухани және адамгершілік тәрбиесіне көңіл бөлінеді. Діни және этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесулер дәстүрге айналды, бүгінгі күні олар қауіп-қатер туралы ескертіп, пара бермеуге шақыра отырып, жемқорлыққа қарсы тәрбиеге үлкен үлес қосты.

Жылдың басында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділігін қалыптастыру мақсатында «Есіктен - есікке» атты республикалық бағдарлама іске қосылды. Акция мәні сыбайлас жемқорлыққа қарсы парақшалар мен коммуналдық төлемдер туралы түбіртектер мен ақпараттық парақтарды тарату болып табылады.

Бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірлерінде 13,5 миллионнан астам парақша таратылды.

«Есіктен есікке» бағдарламасы танымал әртістер, белгілі қоғам қайраткерлері мен еліміздің спортшылары арасында қолдау тапты. 300 мыңнан астам сыбайлас жемқорлыққа қарсы плакаттар мен «Коррупцияны терең нокаутқа жіберейік» және «Парақорлық балаларымыздың армандарын ұрлайды» атты ұрандармен олардың суреттері бар баннерлер еліміздің барлық өңірлерінде халық жаппай жиналатын жерлерінде орналасқан.

Соңғы жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасуына ақпаратпен және түсіндіру жұмыстары айтарлықтай ықпал ететі.

2017 жылы түрлі мақсатты топтар үшін 776372 азаматты қамту арқылы 1050 түсіндіру кездесулері ұйымдастырылды.

Республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен 144-ге жуық баспасөз конференциялары мен брифингтер өткізілді.

Баспа басылымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптар бойынша 6425 мақала жарияланды, интернетте 12544 басылымдар, 2514 телесюжет және 2023 радио бағдарламалар шығарылды.

Бұған қоса, 28 телеарнада жемқорлыққа қарсы бейне роликтер және дыбыстық жазбалар - 11 радиостанцияда жарияланды.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда оң өзгерістерге қолжеткізілді, бұл жыл сайынғы «Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін анықтау» әлеуметтік сауалнамасының деректері растайды. Мәселен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы адамдардың саны (2017 жылы 60,7% -тен 2017 жылы 81,4% -ке дейін) 20,7% -ке өсті, елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін орташа және жоғары деңгейде бағалайтын адамдардың саны (2017 жылы 72,7% -тен 2017 жылы 70,1% -ке дейін) болды.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы