скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Standart version
  • Мобильді нұсқа

You are here

2017 жылдың 9 айында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын тексеру нәтижелері

Агенттікпен және оның аумақтық бөлімшелерімен 2017 жылғы 9 айында 771 тексеру (ішінара-260, жоспардан тыс -511) жүргізіліп, нәтижесінде 355 мыңнан астам бұзушылықтар анықталды.

Жиі кездесетін бұзушылықтарға:

- стандарттармен айқындалмаған құжаттарды сұрату немесе ақпараттық жүйелерден алу мүмкін болған құжаттарды талап ету -181 мың фактілер (48%);

- толық құжаттар топтамасы болмаған жағдайда мемлекеттік қызметтерді көрсету - 121 мың фактілер (34%);

- -мемлекеттік қызметтер көрсету бизнес-процессін сақтамау - 32 мың фактілер (9%);

- мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімін сақтамау – 2,8 мың фактілер (0,7%).

Мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволық бағыныстағы мекемелердің 480 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ағымдағы жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша рұқсат құжаттарын тәртібін, мерзімдерін бұзу және оларды ұсынуда дәлелсіз бас тарту бойынша 127 әкімшілік құқықбұзушылық хаттамалары толтырылды. Мемлекеттік бюджет кірісіне 6 758 930 теңге айыппұл ретінде өндірілді.

Талдау кезеңінде Агенттікке және оның аумақтық бөлімшелеріне 468 өтініш келіп түсті (Агенттікке – 121, аумақтық бөлімшелерге – 347), оның ішінде 347 өтініш қаралды (жалпы түскен шағымдар санынан 74%).

Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде шағымдар көбінесе жер (25%) және тұрғын үй қатынастары (8%), сондай-ақ, әлеуметтік салалары (8%) бойынша жиі кездесетіндігі анықталды. 79% жағдайында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушылардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы