скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Standart version

You are here

1424 CALL ОРТАЛЫҒЫ

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 1424 Call-орталығының қызметті туралы ақпарат

 

CALL ОРТАЛЫҒЫНА қоңырау тегін

 

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінде (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Сall-орталығы жұмыс істейді, оның негізгі міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтарды тегін консультациялық қолдау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы телефон хабарламаларын қабылдау болып табылады.

 

Азаматтарға кеңес беру:

 

  • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру (сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне парасаттылық және нөлдік төзімділік идеологиясы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімі);
  • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке орналасу;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өндірісіндегі өтініштер мен хабарламаларды қарау барысы туралы;
  • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құзыретіне кіретін өзге де мәселелер.

 

Хабарламаларды қабылдау:

 

  • сыбайлас жемқорлық фактілері туралы, соның ішінде жасалған немесе дайындалып жатқан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы.
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері (әрекетсіздігі) туралы;
  • кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау мәселелеріне қатысты;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет іздеудегі адамдар туралы мәліметтер;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметіне қатысты (пікірлер, ұсыныстар)

 

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Call-орталығының жұмыс кестесі

Тәулік бойы, демалыссыз

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы телефон хабарламаларын қабылдау

және кеңес беру

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы