скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

29.03.2019 г.
В Павлодарской области с визитом находятся члены Общественного совета по вопросам деятельности органов по делам госслужбы и противодействию коррупции

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметі мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері жұмыс іссапарымен Павлодар облысында болды

28 наурызда «Нұр Отан» партиясының ғимаратында Республикалық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметі мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңеспен бірлескен отырыс өтті.  

Қоғамдық кеңес отырысының ұйымдастырушылары осы сапардың басты мақсаты өңір тұрғындарының әлеуметтік көңіл-күйін зерттеу, мемлекеттік органдар қызметінің және олардың тұрғындармен өзара іс-қимыл жасаудың нәтижелерімен таныстыру болды деп хабарлады.  

Қоғамдық кеңестің төрағасы Серікжан Қанаев атап өткендей, әрбір мемлекеттік органның қызметі азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруға бағдарлануы тиіс. «Қоғамның мемлекетке деген сенімі – мемлекеттік органдар жұмысының негізі», - деп, назар аударды.

Сонымен қатар, ол қоғамдық кеңестердің негізгі міндеті республикалық және жергілікті деңгейлерде шешімдерді талқылау және қабылдау кезінде жұртшылықтың мүдделерін білдіру болып табылатынын атап өтті.

МҚІСЖА аумақтық департаментінің басшысы Әділбек Мұқашев өз сөзінде кадрлық саясаттың негізгі басымдықтары және тұрғындармен кері байланысты күшейту туралы белгілеп өтті, соның ішінде:

- облыс әкімі аппаратының басшысы немесе жауапты хатшылары секілді аудан әкімдігі аппараты басшыларының рөлін күшейту (заңды түрде бекіту);

- орталық мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттерінің функционалын әкімдіктерге өкілеттікті беру тұрғысынан қайта қарау;

- қалалар мен аудандар әкімдіктерінің бөлімдеріне мемлекеттік мекеме (мемлекеттік орган) мәртебесін беруді болдырмау;

- анонимді шағымдарды қарауға заңнамалық шектеуді алып тастау (азаматтар шындықты ресми жазудан қорқады және тіпті шағым бұзушылық ретінде расталмаса да, ұжымда моральдық-психологиялық климаттың болмағаны ретінде есептеу);

- басқарушылардың орта буынына, соның ішінде құжаттарға қол қою және шешімдер қабылдауда көп өкілеттіктер беру (жұмыстағы кідірістердің көбі басшының қол қоюын күтумен байланысты);

- мемлекеттік орган, онлайн немесе Мемлекеттік корпорация арасында мемлекеттік қызмет көрсетудің баламасын барынша алып тастау;

- тараптың бірі мемлекеттік орган болған кезде, медиатордың қатысуы туралы заңнамалық шектеуді алып тастау;

- өкілдік шығындарды тек облыс әкімдігіне ғана емес, аудандық әкімдіктерге де тарату;

- бас дәрігерлерді немесе мектеп директорларын, сондай-ақ орта буын басқарушыларын (қаржы бөлімінің, персоналды басқару қызметінің басшысы және сыбайлас жемқорлық тәуекелі бар өзге тұлғаларды) ротациялау.

Сонымен қатар, қоғам өкілдері облыс орталығында денсаулық сақтау объектілерін аралады және жастармен, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесті. 


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы