скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

13.09.2019

Инвестициялар және парасаттылық мәдениеті: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Нидерланды Елшілігінің ынтымақтастығы

2019 жылғы 12 қыркүйекте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алаңында Агенттік төрағасы Алик Шпекбаев пен Нидерланды Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Андрэ Карстенстың кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты ілгерілету шеңберінде бірлескен жобаларды, соның ішінде азаматтық қоғамның қатысуымен іске асырудағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

13.09.2019

Шенеуніктердің әуре-сарсаңға салулары Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың негізгі себебі болып табылады – Transparency Kazakhstan

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алаңында Transparency Kazakhstan ҚҚ атқарушы директоры Ольга Шиян «Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық жай-күйінің мониторингі» зерттеу нәтижелерін таныстыру кезінде айтты.

12.09.2019

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев азаматтарды аптасына 1 рет қабылдайтын болды

Агенттікте азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыру бойынша жұмысқа ерекше назар аударылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аталған кезеңде азаматтардың жеке мәселелері бойынша 621 қабылдау өткізді.

12.09.2019

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің азаматтардың өтініштерін қарауының кейбір мәселелері туралы

Азаматтардың өтініштерін қарау мәселесі ел басшылығының күн тәртібіне тұрақты түрде қойылған, себебі, бұл тұрақтылық пен халықтың қанағаттанушылық деңгейі жүзеге асырылатын қоғамның әлеуметтік ахуалының негізгі көрсеткіші болып табылады.

12.09.2019

Ет өнімдері нарығындағы мониторинг нәтижесі көңілден шықпайды

Азық-түлік қауіпсіздігі – азаматтарымыздың денсаулығы мен игілігіне ықпал ететін қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі.

Базарда сатылатын өнімдердің нашар күйі мен ветеринарлық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың жоқтығы қоғамның наразылығын тудырып отыр.

Жаппай түрлі тағамдардан, соның ішінде ет өнімдерінен уланған адамдардың жағдайы БАҚ пен интернетте халықтың талқысына түсуде.

12.09.2019

Ветеринариялық бақылау және қадағалау саласында талдаудың нәтижелері

Жылдың басында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі «Атамекен» ұлттық палатасымен бірлесіп ветеринариялық бақылау және қадағалау саласында талдау жүргізді. Талдау нәтижелерімен бүгінгі брифинг барысында Агенттіктің 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров таныстырды.

12.09.2019

Ветеренария саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Ұлт денсаулығы Қазақстанның тұрақты дамуының негізі болып табылады.

Халықты сапалы тамақ өнімдерімен жабдықтау, тиісті ветеринариялық-санитариялық қадағалау арқылы елдің азық - түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттің стратегиялық басым міндеттерінің бірі.

Оны қолдау үшін жыл сайын бюджет миллиардтаған қаражатар бөлінеді.

Сонымен қатар, бұл сектордың тұрақты дамуына сыбайлас жемқорлық фактілері кедергі келтіреді.

12.09.2019

Ел өңірлерінде ветеринариялық-санитариялық қадағалау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

Аса қауіпті болып табылатын сальмонеллез, бруцеллез, туберкулез, аусыл, сібір жарасы және т. б. аурулардың жүзден астам түрі белгілі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тұрақты негізде ауыл шаруашылығы өнімдерін елден әкетуге, сырттан әкелуге және оны рұқсат беру құжаттары мен тиісті тексеру рәсімдерінсіз заңсыз сату фактілерін анықтау, жолын кесу және тергеу бойынша жұмыс жүргізуде.

07.09.2019

Анонс

«Агенттік қызметінің негізгі бағыттары туралы» тақырыбындағы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) интернет-конференциясы

____________________________________________________________________________________

2019 жылғы 12 қыркүйекте сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін Агенттік төрағасының бірінші орынбасары Олжас Абайұлы Бектеновтың қатысуымен «Агенттік қызметінің негізгі бағыттары туралы» тақырыбындағы Агенттіктің интернет-конференциясы өтеді.

06.09.2019

Жаңа форматтағы қоғамдық бақылау

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) арнайы мониторингтік топтар мүшелерінің, жұртшылық өкілдерінің қатысуымен «Азаматтық қоғамның жария парасаттылықты жақсартуға және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге тиімді қатысу нысандары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шарада Ашық бюджеттер интерактивтік картасының жұмысы, «Сараптама» бағдарламалық жасақтама ету, сондай-ақ қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастыру туралы бірқатар мәселелер қаралды.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы