скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

06.09.2019 г.

Жаңа форматтағы қоғамдық бақылау

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) арнайы мониторингтік топтар мүшелерінің, жұртшылық өкілдерінің қатысуымен «Азаматтық қоғамның жария парасаттылықты жақсартуға және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге тиімді қатысу нысандары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шарада Ашық бюджеттер интерактивтік картасының жұмысы, «Сараптама» бағдарламалық жасақтама ету, сондай-ақ қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастыру туралы бірқатар мәселелер қаралды.

Publicbudget.kz - қоғамның ақпаратқа қол жеткізуін жеңілдету, Қазақстан азаматтарының мемлекеттік билігіне сенім деңгейін арттыру және билік пен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді диалог платформасын құру үшін құрылған ЕурАзЭҚ және ТМД елдері арасындағы бірегей жоба.

Дөңгелек үстел барысында қазіргі уақытта қол жеткізілген жұмыс қорытындылары және «Ашық бюджеттер интерактивтік картасын» одан әрі дамыту жолдары ұсынылды.

Жобаны «Парламентаризмді дамыту қоры» қоғамдық қорының бастамасы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Арнайы мониторингтік топтың қолдауымен «QLT» отандық IT компаниясы әзірлеген.

Ашық бюджеттердің интерактивті картасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдары бюджеттерінің атқарылуын жариялау, сондай-ақ азаматтардан түскен өтініштерді қабылдау және өңдеу алаңы болып табылады.

Ал картаның әлеуеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның міндеттеріне тиімді қол жеткізу мақсатында жүйенің жаңа мүмкіндіктерін әзірлеуді және енгізуді жоспарлауға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта келесі көрсеткіштерге қол жеткізілді:

  • 800 млрд теңгеден астам сомаға 4000-нан астам бюджет жарияланды;
  • 18000 астам ұйым және 6000 астам пайдаланушы тіркелген;;
  • 180000 астам қарау және 300 астам өтініш алынды

Ал жыл соңына дейін Қазақстанның барлық 17 өңірінде жобаны енгізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, іс-шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың мақсаттары мен міндеттері, сарапшыларға қойылатын талаптар және өзге де мәселелер талқыланды.

Нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама нормативтік құқықтық актінің қабылдануына байланысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау үшін жағдай жасайтын сыбайлас жемқорлық факторларын анықтау және заң шеңберіндегі және қоғамдық мүдделердің игілігі үшін іс-әрекеттерден түсетін пайданы ұлғайту мақсатында жүргізіледі.

Іс-шара қорытындысы бойынша қоғам өкілдері жоғарыда аталған жобаларды іске асыруға қосылуға ниет білдірді.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы