скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

03.10.2019 г.

Вусал Гусейн: «Инвестициялар жайлы жерге келеді»

2019 жылдың 3 қазанында Нұр-сұлтан қаласында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академия тараптары Ассамблеясының 8-ші отырысы алаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев шетелдік делегациялармен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Әңгімелесу барысында Әзірбайжан мемлекеттік көші-қон қызметінің басшысы Вусал Гусейновпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тәжірибе мен пікір алмасу өтті.

Шетелдік қонақ әзірбайжандық мемлекеттік агенттік туралы, азаматтарға қызмет көрсету және «ASAN» әлеуметтік инновациялары жайында әңгімеледі. Бұл қызмет 2012 жылы Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев бастамасымен мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметті жаңғырту жөніндегі кешенді реформалар шеңберінде құрылды.

Әзірбайжанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін жауапты 2 негізгі мемлекеттік орган бар, олар: 1) саясатты пен ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыратын сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі комиссия; 2) ерекше мәртебесі мен өкілеттігі бар елдің Бас прокуратурасы жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті. Аталған мемлекеттік орган тікелей жедел-іздестіру іс-шараларымен айналысады.

«Бұдан бөлек, 2017 жылдан бастап ашық мемлекет пен ашықтық қағидаттарын енгізу бойынша арнайы бағдарлама жұмыс істейді. Яғни, ол біз үшін тергеуден де маңызды», - деп атап өтті Вусал Гусейн.

Әзірбайжан БҰҰ мен ЭЫДҰ-ның барлық халықаралық конвенцияларына қол қойды және ратификациялады. Осының арқасында табысты елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тәжірибесі кезең-кезеңмен енгізілуде. Мысалы, Әзірбайжанға келген шетелдіктерге мемлекеттік органдарға бармай-ақ онлайн өтінім беру арқылы көші-қон тіркеуінен өтуге мүмкіндік беретін мобильді қосымша әзірленді. Вусал Гусейнов осы қосымшаны пайдалану оңай екендігін көрсетті.

Кездесу барысында шетелдік қонақ Агенттіктің бастамаларына, сыбайлас жемқорлық көріністерінің туындауын, ішкі бақылау тетіктерін енгізуді қоспағанда, өз қатарларының тазалығын қамтамасыз етуі тиіс мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының жауапкершілігін арттыру бөлігіне жоғары баға берді.

Өз кезегінде Алик Шпекбаев Қазақстанда электронды түрде мемлекеттік қызметтер көрсететін "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы тиімді жұмыс істеп жатқанын айтты. Қазіргі уақытта Қазақстанда цифрландыру деңгейі 85%-ды құрайды, жыл соңына дейін оның көрсеткішін 90%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, инвестициялар мен бизнесті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау жөніндегі агенттіктің іске асырылып жатқан жобасы туралы нақты мысалдар келтіре отырып айтты. Әзірбайжандық әріптес осындай тәжірибеге қызығушылық танытып, өз сөзінде «Инвестициялар жайлы жерге келеді» деп атап өтті.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы