скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

03.10.2019 г.

Табысты дамуға бірлескен күшпен жетеміз

2019 жылдың 3 қазанында Нұр-Сұлтан қаласында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академия тараптары Ассамблеясының 8-ші отырысы алаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев Моңғолия Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуелсіз ведомствосының өкілдерімен кездесу өткізді.

Қазақстанның жемқорлыққа қарсы ведомствосының басшысы моңғол делегациясын құттықтап, Зандру Дашдаваға Ассамблея жұмысына жеке қатысқаны үшін алғыс айтты.

Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту, превенция мәселелері бойынша тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде Бас комиссар халықаралық форумды өткізудегі жоғары ұйымдастырушылық деңгейін атап өтті, Қазақстанға келіп, кездесу мүмкіндігін сыйлағаны үшін Алик Шпекбаевқа алғысын білдірді.

Моңғол делегациясының өкілдері Монғолияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы моделі негізінде Гонконгтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тәжірибесі жататынын атап өтті, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу тәжірибесімен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру мәселелеріндегі мәселелермен бөлісті.

Кездесу барысында тараптар одан әрі табысты даму жолында бірлесіп ынтымақтастық орнату қажеттігін айтты.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы