скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

05.09.2019 г.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг азаматтардың әлеуметтік сезіміне әсер ететін «даулы мәселелерін» анықтауға мүмкіндік береді

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің баспасөз орталығында БАҚ өкілдері назарына сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алудың, олардың себептері мен жағдайларын жоюдың негізгі тетіктерінің бірі ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы монтиторингті жүргізудің жаңа тәсілдері ұсынылды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг үшін БАҚ, интернет-кеңістіктегі, әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға жүйелі бақылау жүргізіледі.

Азаматтардың алаңдаушылығын тудыратын мәселелер біздің тарапымыздан дереу реакция табады», – деді Превенция департаментінің басшысы Анар Жарова.

Қазіргі уақытта мұндай мониторингті жүргізудің тәсілдері жетілдірілген.

Агенттік Төрағасының бұйрығымен оның екі нысаны анықталды – циклдік және тақырыптық (қазіргі уақытта талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған).

Бірінші нысан қоғам өміріндегі үнемі қайталанатын, циклдық оқиғалардың мониторингіне бағытталған мысалға, жыл сайын ауыл шаруашылығы жұмыстарына субсидия бөлу, ҰБТ өткізу, гранттарды бөлу және т.б.

Мониторингтің екінші нысаны, бүкіл қоғамға әсер ететін жаңа заңнамалық нормалардың енгізілуімен немесе нақты бір мақсатты топтың мәселелерімен байланысты болуы мүмкін.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы