скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

14.09.2018 г.
Члены Общественного совета при АДГСПК призвали усилить работу по превенции коррупции в местных исполнительных органах

МҚІСҚА жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелері жергілікті атқарушы органдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын күшейтуге шақырды

Бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес комиссиясының отырысы өтті.

Оған Қоғамдық кеңес мүшелері, МҚІСҚА аппаратының басшысы Саян Ахметжанов, бейнеконференцбайланыс арқылы облыс әкімдері аппараттарының басшылары, әдеп жөніндегі уәкілдер, облыс әкімдері аппараттарының кадр қызметтерінің басшылары және Азаматтарға арналған үкіметтің облыстық филиалдарының басшылары қатысты.

Отырыста сыбайлас жемқорлықты алдын алу және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау мәселелері қаралды.

Агенттіктің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Тюлебаев Равиль өзінің сөз сөйлеуінде тәртіптік комиссия және әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі, жергілікті атқарушы органдарда жүргізілген тексерістер туралы баяндады.

Спикер мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормаларын сақтау мәселесінде әдеп жөніндегі уәкілдің рөлін ерекше атап өтті, сондай-ақ олардың қызметтерінің нәтижелері бойынша статистиканы келтірді.

Осылайша, а.ж. 8 айда әдеп жөніндегі уәкілдер 67 арызданушының құқығын қалпына келтірді. Олардың ішінен 19 мемлекеттік қызметшінің, азаматтар мен мемлекеттік қызметші арасындағы 32 жанжалдық ахуалдар шешімін тапты, 16 жағдай бойынша әдеп нормаларының бұзылғандығы анықталды.

Мысалы, Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы орынбасарының өтініші негізінде Ақтөбе облысы аппаратының әдеп жөніндегі уәкілетінің бастамасы бойынша бас маманның орынсыз мінез-құлық фактілері бойынша қызметтік тергеу жүргізілді. Фактілер расталып, «жартылай қызметтік сәйкестік» түріндегі тәртіптік жаза шаралары қабылданды.

Агенттіктің Мемлекеттік қызметтер көрсету департаментінің директоры Үйсімбаев Ильдар жұртшылықпен бірлесе жүргізілген, нәтижесі бойынша заңнама бұзушылықтары анықталған «жасырын сатып алушы» қорытындысына ерекше назар аударды.

Қызмет алушыларға лайықсыз кеңес беру фактілері, жұмыс кестесінің сақталмауы, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайдың болмауы және мемлекеттік қызмет алу тәртібі туралы ақпараттық стендтердің орналаспауы, артық құжаттардың талап етілуі, «көмекшілердің» және үлкен кезектің болуы анықталды.

Хабарландыруға жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша Ақтөбе және Қарағанды облыстарының интернет-ресурстарында «Тұрақты/ уақытша азаматтарды тіркеу» мемлекеттік қызметті алу кезінде қажетті және денсаулық жағдайы жөніндегі анықтаманы құнын алу негізінде дайындалу туралы хабарландыру табылды. Осыған ұқсас мониторинг нәтижесі бойынша Астана қ. мектепке дейінгі балаларға арналған мекемелерде орындарды заңсыз «сату» фактілері анықталды.

Сонымен қатар, кеңесте сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Сабырбаев Данияр сөз сөйледі. Ол аса маңызды әлеуметтік салада сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша Агенттіктің жүргізген жұмыстары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Оның сөзі бойынша а.ж. алты ай ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау 139 сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қызметтерінде жүргізілді. Оның нәтижесінде 1061 ұсыныс енгізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар республикалық маңызы бар қалалар мен облыс әкімдіктерінде, ТКШ құрылысы бойынша басқарманың қызметінде жүргізілген сыртқы талдау нәтижесі.

Мысалы, ШҚО Ұлан ауданы Білім бөлімінің басшысы тұрғын үй комиссиясының мүшесі бола тұра өзіне қатысты тұрғын үйді жекешелендіру бойынша шешім қабылдған.

Ақтөбе қаласы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясы мүшесінің құрамы екі топқа бөлінген. Олар, дауыс беру құқығына ие және ие емес.

Осы бөлінудің нәтижесінде тұрғын үй саласында мемлекеттік саясаттың іске асуына немқұрайлы қарым-қатынас туындаған.

Қоғамдық кеңес комиссиясының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдармен көрсетілген бұзушылықтарды болдырмауға бағытталған ұсыныстар берілген.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы