скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

07.11.2019 г.

Көліктік бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Көлік инфрақұрылымын дамыту елдің негізгі басымдықтарының бірі және мемлекет үшін стратегиялық маңызды мәселе.

Бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен баспасөз мәслихатында Агенттіктің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров Көліктік бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы баяндады.

Статистикалық деректерге сәйкес 2017 жылдан 2019 жылдың осы кезеңіне дейінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өндірісінде осы саладағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері бойынша 110-ға жуық сотқа дейінгі тергеу болды.

Өндіріспен 99 қылмыстық іс аяқталды, сотқа 70-ке жуық іс жіберілді, 11 іс өндіріспен тергелуде. «Талдау көрсеткендей, көліктік бақылау қызметкерлері жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстарының ең көп таралған түрлері парақорлық және лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану болып табылады», - деп Д. Бигайдаров айтып өтті.

Мысалы, ағымдағы жылдың сәуір айында Алматы облысында Талдықорған қалалық сотының үкімімен Алматы облысы көліктік бақылау инспекциясы басшысының бұрынғы орынбасары Б. Жантуровқа 100 млн.теңгеге жуық айыппұл салынды: ИТК қызметкерлері А. Шағырбаевқа 6 млн. теңге, С. Іңкәрбекке 7 млн. теңге, Е. Мадимовке 6 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды, сондай-ақ М.Садвакасовқа 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Осындай қылмыстарға Ақмола, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында тосқауыл қойылды.

2017 жылдан бастап 2019 жылдың осы кезеңге дейінгі жедел-тергеу практикасын зерделеу көліктік бақылау саласындағы қылмыстардың негізгі бөлігі арнайы рұқсатсыз Көлік құралдарын өткізгені үшін парақорлық фактілері бойынша жасалғаны және әкімшілік жауапкершілікке тартпағанын көрсетті.

Мәселен, көлемі, салмағы және (немесе) осьтік жүктемелері бойынша ірі габаритті тауарды тасымалдау үшін рұқсат етілген параметрлерден асып кеткен жағдайда Көлік комитетінің аумақтық органдары ХҚКО арқылы 5 күн ішінде беретін арнайы рұқсат талап етіледі.

Осы рұқсаттың болуын тексеру көліктік бақылау барысында басқа құжаттармен қатар жүзеге асырылады, инспекцияның лауазымды адамы жылжымалы және стационарлық бекеттерде орнатылған арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалана отырып жүргізеді (фото, бейнетүсірілім, түрін, маркасын, мемлекеттік белгіні, салмағын және (немесе) габариттерін, қозғалыс жылдамдығын белгілей отырып).

Сонымен қатар, 2017 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Еуроодақ елдерінің тәжірибесін, атап айтқанда көліктік бақылау бекеттерінен тыс жолдың жүру бөлігіне орнатылған арнайы рейкалар арқылы көлік құралдарын өлшеудің автоматтандырылған режимін пайдалануды ұсынды (салмақ параметрлері асып кеткен жағдайда автокөлік иесіне бейнекамерамен бекітілген автомашинаның нөмірі бойынша айыппұл автоматты түрде жіберіледі).

Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымы бойынша ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік Комитеті жанынан жобалық кеңсе құрылды және көліктік бақылау қызметкерінің қатысуынсыз автомобильдердің салмақтық және габариттік параметрлерін автоматты түрде айқындайтын автоматтандырылған өлшеу станцияларын пайдалануға енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Тасымалдаушылардың автоматтандырылған өлшеу станцияларында АКҚ салмақтық және габариттік параметрлерін арнайы автоматтандырылған өлшеу құралының салмақтық және габариттік параметрлерінен асыра жүріп өткендігі анықталған жағдайда қайта анықтауға мүмкіндігі бар. Бұл ретте, тасымалдаушыларды жолда тоқтатпай жүк тасымалдау мерзімін қысқартуға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға болады.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы