скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

05.09.2019 г.

Қазақстанда жалпыреспубликалық «Адалдық сағаты» өтті

2019 жылғы 2 қыркүйекте еліміздің барлық оқу орындарында «Адалдық сағаты» жалпыреспубликалық акциясы өтті. Оған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлері, «Адалдық алаңы» жобалық кеңселерінің қызметкерлері, облыстардың, қалалар мен аудандар әкімдері, Агенттіктің аумақтық департаменттерінің басшылары, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, белгілі қоғам қайраткерлері мен «Нұр Отан» партиясының, Арнайы мониторинг тобының өкілдері қатысты.

Агенттік алаңында өткен баспасөз мәслихатында Парасаттылық департаментінің директоры Данияр Сабырбаев «Адалдық сағаты» туралы толық мәліметпен бөлісті.

Акция аясында мектеп оқушыларымен және студенттермен «Адалдық. Бұл не?» тақырыбында кездесулер ұйымдастырылды. Аталған кездесулерде спикерлер өздерінің жеке өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, тыңдаушыларға өскелең ұрпақ арасында адалдық мәдениетін қалыптастыру принциптері, шынайы және адал еңбектің маңыздылығы және өркендеген қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтары туралы айтып берді.

Қазіргі уақытта қоғам маңызды жаһандық сынақтармен бетпе-бет келіп отыр. Экономикалық, технологиялық және ғылыми прогресс өркениет құндылықтарының рухани-адамгершілік дамуынан әлдеқайда алда келеді.

Ғылым мен техниканың жетістіктері адамзатқа қаншалықты пайдалы болғанмен, соншалықты зиян келтіріліп енуде.

Ұлы ойшыл әл-Фарабидің: «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» айтқан сөздері аса өзекті болып келеді.

Адалдық – ұлттың рухани өзегі, прогрессивті қоғамдағы өмірлік нормаға айналуы керек. Шынында да, өзіне, ісіне және қоршаған ортаға деген шынайы және адал қарым-қатынас – еліміздің жетістігінің басты факторы.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылғы «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту» Жолдауында Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын енгізуді ұсынды. Онда Елбасы тек еңбек арқылы ғана әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын қамтамасыз ете алатынын айтады.

«Өз кезегінде еңбекке деген құрметті қана емес, басқа адамның еңбегін құрметтеуді тәрбиелеу керек. Осылайша, біз парасатты азаматты тәрбиелеудің іргетасын қалай аламыз. Сонымен қатар, жалпы жауапкершілік қағидаты – мемлекет те, жеке құрылымдар да маңызды. Осылайша, ел алдына қойылған мақсат – 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру кезінде ғана мүмкін», – деді Данияр Сабырбаев.

Өскелең ұрпақ арасында парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру және дамыту жөніндегі белсенді жұмысты жалғастыра отырып, сөзбен емес, нақты іспен Елбасының Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру туралы бастамасын іске асыруға болады.

«Адалдық сағаты» республикалық акциясы аясында 6 807 мектепте, 578 колледжде және 48 ЖОО-да кездесулер өтті. Агенттіктің орталық аппаратының қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласындағы 86 мектепке барып, 13 мыңнан астам 9-11 сынып оқушыларын қамтыды.

Жастар арасында парасаттылық қағидаттарын дамыту жөніндегі жұмысты жандандыру мақсатында осы акцияны тоқсан сайын, әр тоқсанның бірінші күні өткізу ұсынылады.

Атқарылған жұмыстарға қоғам өкілдері атынан Арнайы мониторингтеу тобының жетекшісі Зәреш Батталова өз бағасын берді. Айта кету керек, Зәуреш Қабылбекқызы да елордалық екі білім ордасында адалдық сағатын өткізіп қайтқан.

Жалпыреспубликалық «Адалдық сағаты» акциясының қорытындысы бойынша № 85 мектеп-лицейдің басшылығы оқушыларды еңбеккке баулу мақсатында жапондық мектеп моделіне пилоттық режимде көшу туралы шешім қабылданды.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы