скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

03.10.2019 г.

Қазақстан тоголиялық әріптестерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді әрекет етуге үйретуге дайын

2019 жылдың 3 қазанында Нұр-сұлтан қаласында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академия тараптары Ассамблеясының 8-ші отырысы алаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев Того Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының өкілдерімен кездесу өткізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу жөніндегі Жоғары органның вице-президенті Фалевич мырза Қазақстанның әлемдік аренадағы жетістіктерін жоғары бағалады және бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды сәтті қолданудың көрсеткіші болып табылатынын атап өтті.

Оның өкілдері Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, соның ішінде кірістерді декларациялау және мемлекеттік қызметте мүдделер қақтығысының алдын алу мәселелері бойынша еліміздің тәжірибесі имплементация үшін аса перспективалы болып табылатынын атап көрсетті. Осыған байланысты делегация басшысы Агенттік төрағасына Қазақстанда тоғыз тоголық шенеунікті оқыту және тағылымдамадан өткізу мүмкіндігін қарастыру туралы өтініш білдірді.

Өз кезегінде Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибемен алмасудың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері базасында Тогоның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың қысқа мерзімді курстарынан өтуін ұйымдастыру мәселесін қарауды тапсырды.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы