скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

03.10.2019 г.

Қазақстан Республикасы мен Тайланд Корольдігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ынтымақтастығының жаңа деңгейі

2019 жылдың 3 қазанында Нұр-сұлтан қаласында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академия тараптары Ассамблеясының 8-ші отырысы алаңында Ратхамарит Наронгпен кездесу өтті.

Алик Шпекбаев тайландтық әріптестерін Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарымен таныстырды. Ол қазақстандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру бойынша реформалар және осы бағыттағы қол жеткізген нәтижелері туралы айтты.

Өз кезегінде, Тайландтың Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясының комиссары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия Сенатқа есеп беретін тәуелсіз мемлекеттік орган болып табылатынын атап өтті.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қылмыстық қудалау, мемлекеттік қызметшілерді заңсыз байытудың жолын кесу, сондай-ақ қылмыстарды ашуда ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылады», – деді Наронг.

Сонымен қатар, кездесу барысында тараптар Тайландтың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясы жүзеге асыратын азаматтардың парасаттылық, ашықтық және қанағатшылдық деңгейін анықтайтын мемлекеттік органдарды бағалау жүйесі бойынша пікір алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша екі тарап сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша одан әрі ынтымақтастық туралы уағдаласты.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы