скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

02.10.2019 г.

Қазақстан мен Кувейт сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда ынтымақтастық орнатады

2019 жылдың 2 қазанында Нұр-сұлтан қаласында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академия тараптары Ассамблеясының 8-ші отырысы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаевтың Кувейт сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының төрағасы Альнемаш Абдулрахманмен екіжақты кездесуі өтті

Кездесу барысында делегация басшысы Қазақстан тарапына жылы қарсы алғандары үшін алғыс айтып, бұл оның және әріптестерінің Қазақстанға алғашқы сапары екенін мәлімдеді.

Абдулрахман мырза халықаралық форумның ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалады және Кувейт үкіметі Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академия қызметіне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоның жұмысы үш негізгі бағыт бойынша құрылған. Біріншісі-сыбайлас жемқорлық қылмыстардың 12 санаты бойынша азаматтардан сыбайлас құқық бұзушылықтар туралы өтініштер жинау. Екіншісі, арнайы тәуелсіз комиссия құру болса, ал үшіншісі халық пен мемлекеттік қызметшілер арасында парасаттылық сабақтарын өткізу. Барлық аталған алдын алу шаралары ұзақ мерзімді ұлттық стратегияда көрсетілген. Оның қабылдануы арқылы елдегі оң өзгерістер атап өтілді, - деді Альнемаш Абдулрахман.

Өз кезегінде Алик Шпекбаев Қазақстанда 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия әзірленіп, іске асырылуын атап өтіп,шетелдік тараптың назарын осыған аударды. Сондай-ақ, ол Қазақстанның жас буындары парасаттылық пен сыбайлас жемқорлықты қабылдамау сияқты қасиеттерге дағдылануда екенін де айтты. Мысалы, Transparency International Kazakhstan-мен бірлесе отырып, 2019 жылдың жаз айында жазғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектептер жобасы жүзеге асырылды. Барлық оқу орындарында парасаттылық мектептері ашылуда.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруда елдер арасында тәжірибе алмасу үшін үлкен әлеует бар деген ортақ пікірге келді.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы