скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

02.10.2019 г.

Қазақстан мен Корея өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады

2019 жылғы 2 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академиясының (ХСҚА) Тараптар Ассамблеясының сегізінші отырысы аясында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев Корея Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және азаматтық құқықтар жөніндегі Комиссиясының төрайымы Ун Чен Пакпен кездесті.

Тараптар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша ынтымақтастықтың жаңа бағыттары мен бірлескен жобаларды жүзеге асырудағы өзара әрекеттестік туралы мәселелерді талқылады. 

Агенттік Төрағасы Алик Шпекбаев Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесінде маңызды орын алатынын атап өтті.

Кездесу барысында Ун Чен Пак ханым қазақстандық тарапқа жылы қабылдауы үшін алғысын білдірді. Оның айтуынша, ол Орталық Азияға, атап айтқанда Қазақстанға алғаш рет келген екен. 

Сонымен бірге, Ун Чен Пак ханым Агенттіктің азаматтық сектор мен БАҚ өкілдерімен серіктестігін нығайту тұрғысындағы жұмысын жоғары бағалады, оның пікірінше бұл Агенттіктің ғана емес, тұтас мемлекеттік сектордың қызметі туралы ашық және айқын ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, корейлік тарап Кореядағы сыбайлас жемқорлықпен күрестегі тәжірибемен бөлісті. Атап айтқанда, мемлекеттік органдар арасында парасаттылық рейтингін енгізуді жүргізетін арнайы органның қызметі туралы хабардар етті.

Өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев Корея Республикасының аталған бағыттағы тәжірибесін зерделеуге және енгізуге қызығушылық танытты. Осыған орай, корейлік тараптың қазақстандық делегацияны таяу арада қабылдау мүмкіндігі туралы мәселені көтерді.

Тараптар кездесу қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатында ынтымақтастықты әрі қарай кеңейтуге және тереңдетуге дайындықтарын білдірді.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы