скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

03.10.2019 г.

Қазақстан мен Бахрейн сыбайлас жемқорлықты жылдам жеңу жолдарын талқылады

2019 жылғы 3 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академияның (ХСЖҚА) Тараптар Ассамблеясының сегізінші отырысы аясында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев Бахрейн Корольдігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Директоратының директоры Алхедри Мохаммедпен кездесті. Кездесу барысында тараптар Корольдіктегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылап, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарымен күресте «жылдам жеңіске» жету бойынша пікір алмасты.

Шетелдік делегация өкілі Бахрейнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия қабылданғанын және іске асырылып жатқанын, оның аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Бюросында алты директорат, атап айтқанда экономикалық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және кибер қылмыстарды тергеу, қаржылық барлау, сондай-ақ жедел-тергеу директораттары құрылғанын мәлімдеді.

Сонымен қоса, Алхедри Мохаммед азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тарту, жемқорлық көріністерінің жағымсыз тұстарын түсіндіру, азаматтардың мемлекеттік және жекеменшік құрылымдардағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне шағымдары мен өтініштерін қабылдауды реттеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға ерекше тоқталды.

Алик Шпекбаев өз тарапынан Қазақстанның сыбайлас жемқорлықтың превенциясы мәселелерінде мемлекеттік органдардың, жекеменшік сектор мен азаматтардың әлеуетін біріктіру мақсаты бар екенін білдірді.

Сонымен қоса, Қазақстандағы заңның үстемдігі мен барлық деңгейдегі шенеуніктер үшін бұлтартпау қағидаттары туралы мәлімдеді.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы