скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

02.10.2019 г.

Қазақстан Арменияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша әдістерін үйренеді

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академия тараптары Ассамблеясының 8-ші отырысы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев пен Армения Әділет министрінің орынбасары Галян Србуи екі жақты кездесу өткізді.

Кездесу барысында Алик Шпекбаев армян әріптестеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі басымдықтары туралы, сондай-ақ бүгінгі күні Агенттіктің құрылымы барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келетінін және превенцияны, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту мен қылмыстық-құқықтық шараларды ұтымды үйлестіруге мүмкіндік беретінін айтты.

- Аталған құрылымдық бөлімшелердің міндеттеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне мониторинг және талдау жасау, халықпен өзара іс-қимыл жасау және үздік халықаралық тәжірибені қолдану кіреді. Бұдан бөлек, Агенттік кешенді оңтайландыру жүргізді, ол қаражатты айтарлықтай үнемдеуге және қызметкерлердің жалақысын екі есе арттыруға мүмкіндік берді – деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы.

Өз тарапынан, Србуи көрсетілген қонақжайлылық пен жылы қабылдауы үшін ризашылығын білдірді, сондай-ақ қазақстандық әріптестерін Арменияға сапар жасауға шақырды.

Әділет министрі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылдаған шаралары туралы баяндады. Оның ішінде, Арменияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды тергеу жөніндегі кеңсе құрылғанын да айтып өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы орган қызметінің ашықтығы мен айқындылығы туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастық пен өзара іс-қимылға, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тәжірибе алмасуға дайын екендіктерін білдірді.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы