• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

06.12.2019 г.

Қарағанды облысының Жастар жылы несімен есте қалды

2018 жылдың 13 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «2019 жыл - Жастар жылы» деп жарияланғандығы баршамызға мәлім. Осыған орай, 6 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің қатысуымен Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында Қарағанды облысы Жастар жылының салтанатты жабылу рәсімі аталып өтті.

Ағымдағы жылы жастар саласында ақпараттық және мекенжайлық жұмысты қамтитын жобалар, жұмысқа орналастыру, тұрғын үймен қамтамасыз ету және т.б. қатысты мемлекеттік бағдарламалар бойынша жастарды кең қамтитын, оның ішінде нақты мақсатты топтармен жұмыстар ұйымдастырылды. 

2019 жылы облыс бойынша жастар саясатын қаржыландыру деңгейі 50,6% жоғарылап, 878 млн. теңгені құрады.

20 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды. «Дипломмен ауылға» жобасы аясында ауылды жерлерге 482 жас маман жұмысқа орналастырылды. Ағымдағы жылдың еңбек маусымында «Жасыл ел» сарбаздары қатарында 2000 мыңға жуық адам жұмыс істеді. Өз ісін ашуға 246 жас азамат шағын несие алды. Жаңа бизнес-ойларды жүзеге асыруға 1054 адам  мемлекеттік гранттар алды (505 мың теңге).

Облыста жастар жұмыссыздығын тұрақтандыру мақсатында 24 жұмысқа орналастыру бекеттері жұмыс істей бастады, оның 13-і жылжымалы.

Облыс бойынша ЖОО және колледждер студенттері үшін 1000 орынға арналған 4 жатақхананың құрылысы басталды.

21 хоккей корттары, 10 Street Workout алаңы, Абай ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды және Қарқаралы ауданында жыл соңына дейін осындай кешен іске қосылатын болады. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар үшін тұңғыш рет шағын футболдан жарыстар ұйымдастырылды.

3 бағыт бойынша ғылыми-зияткерлік клубтар құрылды. 87 жастар жобалары қолдау тапты. Девиантты мінез-құлықты жасөспірімдер үшін мектеп ұйымдастырылды. Жетім және ата-аналар қамқорлығынсыз қалған санатындағы балаларға 58 пәтер берілді.

Алғашқы рет жас ақын-жазушылардың республикалық форумы болып өтті, халықаралық деңгейде ауыл жастарының форумы, «Террикон аймағы» хакатоны ұйымдастырылды.

Жастар жылының салтанатты жабылуының аясында Алик Шпекбаев және Жеңіс Қасымбек облыстың белсенді жастарымен кездесті.

Іс-шара аясында 16 жас азамат облыс әкімінің алғыс хаттарымен және естелік сыйлықтармен марапатталады. 

Кездесуден соң, Қазақстан эстрадасының жұлдыздары, шығармашылық ұжымдар мен облыс жастарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы