• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

07.12.2019 г.

Қарағанды облысында болашақ полиция қызметкерлерін парасаттылыққа шақырады

2019 жылдың 6-шы желтоқсанында Қарағанды облысындағы іс-сапар барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасы  Алик Шпекбаев Қарағанды облысы әкімі Жеңіс Қасымбекпен бірге ҚР ІІМ Барімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында ашылған Парасаттылық мектебінің салтанатты іс-шарасына қатысты.

Парасаттылық мектебі – бұл жаңа жоба, негізгі мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұріс-тұрыстың моделін қалыптастыру және жемқорлыққа қарсы қозғалысқа жаңа жас өкілдерін даярлау. Аталмыш жоба Академияда ІІМ реформалаудың Жол картасына негізделген ведомство және қоғаммен әзірленген үшжақты ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар Жоспарын жүзеге асыру аясында жұмыс атқарады. Бүгінгі күнге бұл өте маңызды, себебі жаңа форматтағы полиция қызметкерлерін тәрбиелеу осы оқу орындарынан басталады.

Болашақ тәртіп сақшыларына айтқан сөзінде Алик Шпекбаев «Әр адам полиция қызметкерін көргенде өзінің қорғауда және қауіпсіз екенін сезінуі тиіс. Сіздер қызметке берілген, тәжірібиелі, заңдылық принциптерді ұсытанатын, парасатты және адал өз еліміздің патриоты болуларыңыз керек» деп атап өтті.

Білімалушылар Академия оқуына ішкі істер органдары қызметіне кандидаттарды қабылдау үдерісін автоматтандыру және оңтайландыруға, жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, бюрократиялық көріністерге жол бермеуге бағытталған тікелей қабылдау арқылы түседі. Бұл өз кезегінде автоматтандырылған «Е-кадр» ақпараттық қызметінде банк жасақтауды жеңілдетеді.

«Сарыарқа – адалдық алаңы» жобасы аясында Академияда «адалдық дүкені» ашылып, «адалдық терминалы» қойылған. Академия қызметінің ашықтығы мен қолжетімділігі үшін ресми сайттың ребрендингі жүргізілді,  сондай-ақ, Академияның қызметі жарияланған Instagram, ВКонтакте және Facebook парақшалары жұмыс атқарады.

Қарағанды академиясы қызметіндегі басым бағыты өскелең ұрпаққа жемқорлықты бүгінгі кезеңдегі құқытық мемлекеттік құндылықтарымен мүлдем сәйкес келмейтін құбылыс екенін дәріптеу болып табылады.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы