скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

07.11.2019 г.

Дүниежүзілік банк Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықты бақылаудың айтарлықтай жақсарғанын атап өтті

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайтында Бүкіләлемдік банктің жыл сайынғы зерттеу нәтижелерін сипаттайтын Дүниежүзілік банктің басқару индикаторлары (WGI) туралы брифинг өтті. Зерттеу 214 елдегі мемлекеттік басқарудың сапасы мен тиімділігін бағалайды.

WGI алты индикаторды қамтиды: «Сыбайлас жемқорлықты бақылау», «Үкіметтің тиімділігі», «Заңның үстемдігі», «Реттеуші ортаның сапасы», «Саяси тұрақтылық», «Мемлекеттің есеп беруі».

Көрсетілген барлық бағыттарды жинақтайтын жиынтық индекс немесе бірыңғай рейтинг жоқ – әрбір индикатор жеке бағаланады.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі Лейла Йылдыздың айтуынша, 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан «Сыбайлас жемқорлықты бақылау» индикаторы (СЖБИ) бойынша айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізді.

«Мәліметтер 13 дереккөздің негізінде есептелді, олардың ішінде Bertelsmann Stiftung, Freedom House, Economist Intelligence Unit, PRS Group, World Justice Project, IHS Markit, IMD, World Economic Forum, V-Dem және Transparency International (Әлемдік сыбайлас жемқорлық барометрі) сияқты компаниялардың зерттеу нәтижелері бар», - деп спикер атап өтті.

Зерттеулері «Сыбайлас жемқорлықты бақылау» индикаторын құрайтын көптеген ұйымдардың Қазақстанның соңғы жылдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі күш-жігерін оң бағалағанын айта кеткен жөн. Мысалы, PRS Group желісі бойынша соңғы жылда Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша көрсеткіш 2 есеге өсті, ал IMD жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде осындай индикатор бойынша Қазақстан үшін рекордтық көрсеткіш болып табылатын 29-шы орынға ие болды, ол өткен жылмен салыстырғанда 10 позицияға көтерілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерделеу жөніндегі зерттеу орталығы басшысының орынбасары Ержан Жаров 1996 жылы WGI-дің осы индикаторын өлшеу басталған сәттен бастап Қазақстанның соңғы жылы ғана айтарлықтай жоғары көрсеткішке қол жеткізгенін атап өтті.

«Сыбайлас жемқорлықты бақылау» индикаторының пайыздық рангі 36,06% - ды құрады, яғни әлемнің осынша мемлекеттерінің сыбайлас жемқорлықты бақылау деңгейі Қазақстанға қарағанда нашар. Бір жыл бұрын көрсеткіш айтарлықтай төмен болды -19,71%. Бұл Қазақстанның осы рейтингте тұрған барлық уақыттағы ең жақсы нәтижесі. Посткеңестік кеңістік елдерінің арасында Қазақстан Ресей (21,15%), Украина (18,27%), Әзірбайжан (21,63%), Молдова (25,96%) Қырғызстан (16,35%), Өзбекстан (12,50%) және Түркменстанға (8,17%) қарағанда айтарлықтай жоғарыда тұр» - деді Е. Жаров.

Дүниежүзілік Банктің «Сыбайлас жемқорлықты бақылау» индикаторы әлемдегі сыбайлас жемқорлықты өлшеудің беделді агрегирленген көрсеткіштері болып табылады.

Оның Транспаренси Интернешнлдің «сыбайлас жемқорлықты бақылау» индексінен ерекшелігі Дүниежүзілік банк пайдаланатын бастапқы ақпарат сан жағынан да (СЖБИ – да 13-тен және ИВК-да 9-дан артық дереккөздер саны), сондай-ақ сапалық жағынан да ерекшеленеді. Сонымен қоса, қоғамдық пікірді сұрау нәтижелері пайдаланылады, ал Транспаренси Интернешнлдің «сыбайлас жемқорлықты бақылау» индексі кәсіпкерлер мен сарапшылардың сыбайлас жемқорлықты қабылдауын бағалайды.

Транспаренси Интернешнлдің «сыбайлас жемқорлықты бақылау» индексі мен «Сыбайлас жемқорлықты бақылау» индикаторын есептеу кезінде деректерді өңдеудің әртүрлі математикалық-статистикалық әдістері қолданылады.

Транспаренси Интернешнлдің «сыбайлас жемқорлықты бақылау» индексі рейтингінде Қазақстаннан жоғары болған бірқатар елдер (мысалы, Украина, Египет және Филиппин) «Сыбайлас жемқорлықты бақылау» индикаторы зерттеулерінің қорытындысы бойынша Қазақстанға қарағанда нашар нәтижелер көрсетті.

Осындай салыстыруларды Транспаренси Интернешнлдің «сыбайлас жемқорлықты бақылау» индексінде Қазақстанмен бірдей ұпай жинаған елдер бойынша да келтіруге болады - «Сыбайлас жемқорлықты бақылау» индикаторы рейтингінде олар Қазақстаннан айтарлықтай төмен орналасқан.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы