скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

05.09.2019 г.

Данияр Бигайдаров: «Халықты әлеуметтік қамтамасыз ету саласында 330-дан астам сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді»

2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен халықты әлеуметтік қамтамасыз ету саласында 330-дан астам сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді.

«Сотқа 200-ге жуық іс жіберілді. Олар бойынша 80-ге жуық лауазымды тұлға түрлі жаза түрлеріне сотталды», – деген Агенттіктің 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров, келесі нақты мәліметтерді ұсынды:

Бүгін Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының үкімімен Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Ж. Әбішевке 2 000 АЕК (3 млн. теңгеден артық) көлемінде айыппұл салынды және ол өмір бойы мемлекеттік қызметте болу құқығынан айырылды.

Сондай-ақ оның ағасы Е. Әбішев халықты әлеуметтік қамтамасыз ету үшін бөлінген бюджет қаражатын ұрлағаны үшін 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Ж. Әбішев өзінің ағасы Е. Әбішевтің кәсіпкерлік қызметіне заңсыз қатысуы және оның ұйымдастырылуына қамқорлық жасауы бойынша күдіктенген еді.

Е. Абишев мүгедектер кресло-арбаларын Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жеткізу кезінде 101 млн.теңге көлемінде бюджеттік қаражаттарын жымқырған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында Әбішевпен келтірілген залал өтеліп, прокуратурамен кінәні мойындау туралы мәміле түрінде іс жүргізу келісімі жасалды.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы