скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

07.11.2019 г.

БҰҰ-мен ынтымақтастықты кеңейту

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алаңында Агенттік Төрағасы А. Шпекбаев БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының басқарушы органдары Хатшылығының Басшысы Джо Дэдэйн Амманмен кездесті.

Сондай-ақ, кездесуге қазақстандық тараптан Жоғарғы Соттың, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, сыртқы істер, қаржы, ішкі істер, әділет министрліктерінің өкілдері қатысты.

Әңгіме барысында ағымдағы жылдың қыркүйегіндегі Агенттік пен БҰҰ ЕҚБ арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою екіжақты өзара тиімді әріптестіктің жаңа мүмкіндіктерін ашатынын атап өтті.

Агенттік Төрағасы Алик Шпекбаев қазіргі уақытта алдын алу шаралары, парасаттылық идеологиясын қалыптастыру, жоғары моральдік және этикалық қағидаттарды сіңіру - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қазақстандық моделінің негізіне алынғанын айтты.

Өз кезегінде, Джо Дэдэйн Амман БҰҰ атынан Қазақстан мен БҰҰ арасындағы жемісті ынтымақтастық үшін алғысын білдірді. Ол сондай-ақ, Қазақстанның сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру саласындағы бастамалардың флагманы болып табылатынын атап өтті.

Джо Дэдэйн ханым БҰҰ ЕҚБ бастамасымен өтетін алдағы ірі халықаралық іс-шаралар туралы баяндап, оған Қазақстанның Орталық Азия өңірінің негізгі елі ретінде белсенді қатысатынына сенім білдірді.

Сұхбаттасушылар өзара іс-қимылдың жаңа тиімді тетіктерін іздеу және іске асыру мақсатында осындай байланыстардың маңыздылығы туралы тоқтамға келді.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы