скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

06.11.2019 г.

Бірыңғай жалпыреспубликалық «Адалдық сағаттары» өтуде

2019 жылдың 6 қарашасында еліміздің барлық өңірлерінде білім ордаларында бірыңғай жалпыреспубликалық «Адалдық сағаттары» өтті.

Іс-шараның мақсаты – өскелең жас ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру. Сонымен қатар, бәсекеге қабілеті, саналы, экономикасы дамыған парасатты мықты мемлекет қалыптастыру жолында парасат-пайымы ұшқыр, жан-жақты тұлғалардың санын көбейтуге атсалысу.

Аталған іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлері, Агенттіктің аумақтық департаменттерінің, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мамандары, «Nur Otan» партиясының, арнайы мониторингтік топ мүшелері, жастар және үкіметтік емес ұйымдарының жетекшілері, қоғам белсенділері қатысты.

Осы кездесулерде спикерлер өздерінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, тыңдаушы өскелең ұрпақ арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру қағидалары туралы, адалдықтың маңыздылығы туралы, қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтары айтып берді.

Жастар – еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің басты факторы. Сондықтан жас ұрпақ білім нәрінен бөлек, адалдық, парасаттылық, әділдік және сенім қағидаттарын бойына сіңіруі тиіс.

Парасаттылық – ұлттың рухани өзегі, дамушы қоғам өмірінің қалыпты нормасы. Еңбекке, өзіне және қоршаған әлемге әділ және адал қарым-қатынас – еліміздің жетістігінің басты қозғаушы күші.

Агенттіктің орталық аппаратының қызметкерлері Нұр-сұлтан қаласындағы 86 мектепке барды.

Бүгінгі «Адалдық сағатымен» ел бойынша 2 млн. 110 мың 556 оқушы қамтылуы жоспарлануда (6-8 сынып оқушылары).

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы