скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

03.10.2019 г.

Австрия қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тарту тәжірибесін ұсынды

2019 жылғы 3 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академиясының (ХСЖҚА) Тараптар Ассамблеясының сегізінші отырысының алаңында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев шетелдік делегациялармен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Австрия Ішкі істер министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі директоры Визельталер Андреаспен әңгімелесу барысында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс тәжірибесімен және пікірлермен бөлісті.

Австрия делегациясының өкілі түрлі елдің пікірімен және озық тәжірибесімен алмасуға алаң ұсынғаны үшін Қазақстанға алғыс білдірді.

Визельталер Андреас Австрия ішкі істер жүйесінде 2012 жылдан бастап комплаенс қызметі жұмыс істейтінін, 2015 жылдан бастап білім беру және денсаулық сақтау жүйелерінде парасаттылық институтының толық енгізілгенін атап өтті.

Сыбайлас жемқорлықтың превенциясы мәселелері қоғамда, әсіресе жастар арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне «төзбеу» қағидасын насихаттауға назар аударылған.

Мәселен, әр азаматты тарту мақсатында кез-келген қолданушы ахуалдық сұрақтарға жауап беру барысында өмірдегі түрлі жағдайларға баға беретін «Тәртіпті ме әлде жемқор ма?» атты онлайн ойынның мобильдік қосымшасы әзірленген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартудың аталған түрі ел ішінде кең таралған. Кері байланыстың жеңіл түрі - жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты бағалаудың тиімді тәсілі екенін тәжірибе байқатты.

Өз кезегінде, Алик Шпекбаев Қазақстанда да жемқорлықтың превенциясы басымдыққа ие екенін атап өтті. Қоғамдық бақылау, бюджеттің ашықтығы, мемлекеттік органдардың халық алдындағы есептілігі – парасатты қоғам қалыптастырудың негізгі іргетасы ретінде қолданылады.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы