скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

05.09.2019 г.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін ұйымдастыру мониторингі жарияланды

Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін ұйымдастыру мен өткізудің бірыңғай (үлгілік) тәртібі жоқ.

«Бұл оларды өткізу сапасын төмендетеді және көшпелі сауда кезінде әртүрлі бұзушылықтарға, соның ішінде санитарлық нормаларды сақтамауға әкеледі, сондай-ақ бақылаушы органдар үшін өз қалауы бойынша шешім қабылдауға жағдай жасайды», – деген Агенттіктің превенция департаментінің басшысы Анар Жарова Агенттікпен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін ұйымдастыруға мониторинг жүргізу барысында бірқатар проблемалық сұрақтар белгіленгендігін айтты.

Атап өтсек, сауда орнын ұсынғаны үшін жәрмеңкелерге қатысушылардан «ресми емес» ақша жинау фактілері анықталған. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен 1000-3000 теңгеден жинаған жағдайлар да бар, бұл ретте оларға «өткен» күнімен белгіленген көрші коммуналдық базардың чектері берілген.

Өңірлік жәрмеңкелерге ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер емес, өнімді келісім бойынша сатып алатын делдалдар жиі қатысады. Бұл экономикалық мүдделіліктің болмауының салдары болып табылады.

Сонымен, жәрмеңкелерде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз өнімдерін нарық бағасынан 10-15 % төмен сатуы тиіс.

Бұл ретте саудаға арналған тауарларды тасымалдауға, сақтауға, сатып алуға арналған шығыстар жабылмайды (арнайы киім, таразылар, кассалық аппарат, терминалдар, буып-түю пакеттері, гигиеналық құралдар және т.б.), бұл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін мұндай жәрмеңкелерге қатысу экономикалық тұрғыдан тиімді емес етеді.

Мысалы, неге Алматы облысының әкімдігі жәрмеңкелерге қатысушылар арасындағы байқауға жүлде қоры ретінде бюджеттен 1,8 млн. теңге қарастыра отырып, бюджетке ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің астана жәрмеңкесіне шығу шығындарын өтеуге қаражат салмаған.

Бұл осы мәселе бойынша әкімдік лауазымды тұлғалары мен жәрмеңкелерге қатысушылардың өзара іс-қимылы кезінде шығыстарды өтеудің бірыңғай практикасының жоқтығын және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуын көрсетеді.

Мемлекет басшысының бизнесті қорғауды күшейту туралы тапсырмасы аясында бұл мәселелер ерекше өзектілікке ие.

Осыған байланысты, Агенттікпен Ауыл шаруашылығы министрлігіне ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актіні қабылдау туралы тиісті ұсыныс жолданған.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы